Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Негізгі бөлім



Негізгі бөлім

Әлеуметтік мәртебенің және жеке басының мәртебесінің айырмашылығы адамның өзі қатысатын ресми немесе бейресми ұйымның құрылымында ие болатын беделі мен ықпалынан айқын көрінеді. Жеке басының мәртебесіне қол жеткізу әлеуметтік мәртебеге қарағанда әлдеқайда жеңіл.

Қоғамдық пікірде басқаларға қарағанда көбірек бағаланатын мәртебелер мен әлеуметтік топтардың иерархиясы жасалып, қолдау табады, бірақ ешбір құжатта белгіленбейді. Мұндай иерархиядағы орын “дәреже” деп аталады . Индивид бір топта жоғары, ал екіншісінде төмен дәрежені иеленетін болса, не болмаса бір мәртебенің құқықтары мен міндеттері басқа мәртебенің құқықтары мен міндеттерін орындауға қайшы келетін немесе кедергі жасайтын болса, онда топтар арасында немесе топтар ішінде қарама-қайшылықтар туындауы мүмкін.

Қоғамның адамға қоятын талаптарының жиынтығы нақты әлеуметтік мәртебемен байланысты. Әлеуметтік жүйеде берілген мәртебені иеленетін адамның орындайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы әлеуметтік рөлдің мазмұнын білдіреді. Әрбір мәртебе әдетте бірқатар рөлдерді қамтиды. Осы мәртебеден шығатын рөлдердің жиынтығы рөлдік жиым деп аталады.

Әлеуметтік рөлдер теориясында екі негізгі көзқарас кеңінен көрсетілген. Рөл ұғымының өзін ең алғаш жүйелі түрде 1930 жылдардың бас кезінде символикалық интеракционизм теориясының негізін салушы Дж.Г. Мид пайдаланған. Ол рөлдерді адамдар арасындағы эксперименттік және сонымен қатар жасампаздық сипаты бар өзара қарым-қатынас өнімі деп сипаттаған. Мидтің әлеуметтік философиясы әуел бастан балалардың қоғамға қалай бейімделетініне және рөлдерді қабылдау жолымен, яғни өз қиялындағы басқалардың - әкелерінің, аналарының, мұғалімдерінің, дәрігерлердің рөлдерін салыстыра отырып, өзінің әлеуметтік мәнін қалай дамытатынына қызығушылық танытқан. Ересектер де өз мінез-құлықтарында өздерінің рөлдерін жасау үшін басқа адамдардың рөлдерін өз бойына “өлшеп көруді” пайдаланады. Символикалық интеракционизм теориясына сәйкес әрбір рөл өзіне басқа рөлдермен қарым-қатынасты қамтиды; мысалы, “мұғалім” рөлін “оқушы” рөлінсіз түсіну мүмкін емес және ол оқушының өзіне тән мінез-құлқы мен арақатынасы тәрбиешінің өзіне тән мінез-құлқы ретінде анықталуы мүмкін. Өзара қарым-қатынас процесі адамдардың өз рөлдерін атқара отырып, басқалардың рөлдеріне қатысты қалыптасқан азды-көпті тұтас үғымды және басқалар рөлінде іс-әрекет жасайтын адамдардың шынайы жауап әрекеттерін әрқашан тексеретінін, ондай тұжырымдамаларды нығайтып немесе күмән туғызатынын білдіреді. Бұл өз кезегінде адамдарды өздерінің рөлдік мінез-құлықтарын сақтауына немесе өзгертуіне жетелейді.

Екінші көзқарас Р.Линтоннан бастау алады (1936). Кейіннен бұл көзқарас функционализмнің құрамдас бөлігіне - қазіргі заманғы социологияның неғұрлым ықпалды мектептерінің біріне айналды. Функционализм рөлдерді маңызды белгіленген және статикалық (яғни өзгермейтін) нәрселер ретінде қарайды. Бұл ұғымдар қоғам өмірінде тамыр жаяды және мінез-құлықты рөлдер арнасына енгізетін әлеуметтік нормалардан көрініс табады. Жаңа көзқарас рөлдер басқа рөлдермен жиі байланыста анықталуы мүмкін екендігін мойындайды, алайда өзара қарым-қатынас процесінің өзі жаңа рөлдер туғызуы немесе барларын жаңғыртуы мүмкін деп есептемейді. Әрине, жеке адамдар басқа рөлдерді атқарушы адамдармен қарым-қатынас барысында өз рөлдерінің мазмұны туралы және олардың атқарылуы қаншалықты сәтті екендігі туралы ақпарат ала алады.

Әлеуметтік рөлді екі қырынан қарастырған жөн: рөлдік күту және рөлдік атқару. Осы екеуінің арасында толық дәлме-дәл келу ешқашан болмайды. Бірақ олардың әрқайсысының адамның мінез-құлқында үлкен маңызы бар. Біздің рөлдеріміз ең алдымен бізден басқалардың не күтетіндігімен анықталады. Бұл күтулер сол тұлға ие болатын мәртебемен шендеседі. Егер кімде-кім біздің күткенімізге сай келетіндей рөл атқармаса, онда қоғаммен белгілі бір қақтығысқа ұшырайды.

Рөлдік талаптар (күтулер) әлеуметтік мәртебе төңірегінде топтасқан нақты әлеуметтік нормаларға айналады.

Рөлдің нормативтік құрылымында 4 элемент бөліп қаралады:

· берілген рөлге сәйкес келетін мінез-құлықтың түрін сипаттау;

· берілген мінез-құлықпен байланысты алдын ала белгілеулер (талаптар);

· белгіленіп қойылған рөлдің орындалу бағасы;

· санкция - әлеуметтік жүйе талаптары шеңберіндегі қандай да бір әрекеттің әлеуметтік салдарлары.

Айта кететін бір жайт, кез келген рөл мінез-құлықтың таза моделі болып табылмайды. Жеке адамның мінезі рөлдік күтулер мен рөлдік мінез-құлықтар арасындағы басты байланыстырушы буын қызметін атқарады. Бұл нақты адамның мінез-құлқы таза схемаға сыймайды деген сөз. Ол бірегей, өзіне ғана тән рөлдерді өзінше түсіну және түсіндіру әдістерінің өнімі болып табылады.

Әлеуметтік орта адамдарды өз рөлдерін дұрыс орындауға қалайша мәжбүр етеді? Бұған санкциялар механизмі қызмет етеді. Белгілі бір мәртебеге ие болған адам өзін біз күткеннен бөлек ұстайтын болса, әрине, біз қандай да бір жолмен өзіміздің қанағаттанбайтынымызды, ашу-ызамызды білдіреміз; ал егер де керісінше адамдар өз рөлдерін өз деңгейінде атқарса, онда біз оларға өзіміздің құптайтынымызды, ынталандыратыны­мызды білдіреміз. Сол арқылы социум адамдарды жалпы қоғам үшін ең болмағанда әлеуметтік жағынан жақын ортаға қолайлы арнаға бағыттайды.

Әлеуметтік рөлдерді қоғамдағы сан алуан түріне қарай қандай да бір тиімді зерделеу олардың кем дегенде жалпы жіктелуін талап етеді. Мұндай әрекетті Т.Парсонс жасап көрген. Ол негізгі бес өлшемді бөліп көрсеткен, олардың көмегімен кез келген рөлді сипаттауға болады.

1. Эмоциональдік деңгейі. Барынша әділ мінез-құлық күтілетін рөлдер болады, Мысалы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің рөлдері. Сонымен қатар, егер де әйелі өзін-өзі эмоциональді сабырлы ұстаса, онда күйеуі оған онша дұрыс қарай қоймауы мүмкін.

2. Алу тәсілі. Рөл дегеніміз белгілі бір мәртебе иесінен күтілетін мінез-құлық екенін ескере отырып, біз мәртебе сипатының рөлдің сипатына да ықпалын тигізетіндігін күтуге құқылымыз. Іс жүзінде кейбір рөлдердің бейнелері олардың мәртебелеріне қосып жазылған сипатымен негізделеді; басқа рөлдер ие болатын мәртебесімен қоса алынады (әрине, қандай да бір рөлдерді дұрыс атқару үшін оларды иеленушілердің “оқып-жаттығуына” тура келеді).

3. Көлем. Рөлдердің кейбіреулері өзара қарым-қатынастың белгілі бір қырларымен едәуір қатаң шектелген. Мысалы, егер де жоғары оқу орынының оқытушысы емтиханда студент білімінің деңгейін бағалауда студенттің өткен материалды қалай меңгергеніне қызығушылық танытып қана қоймай, оның діндарлық дәрежесін немесе саяси сенімін назарға алатын болса, онда бұл оның рөл шеңберінен шыққандығын, демек оны дұрыс орындамайтындығын білдіреді. Сонымен қатар, мысалы, әке рөлі мен бала рөлі арасындағы арақатынас шеңбері неғұрлым кең, өйткені әкесін бала өмірінің әр алуан жақтары алаңдатуға тиіс.

4. Ресмилендіру деңгейі. Көптеген рөлдердің атқарылуы ресмиленген, яғни оның өзіндік сипаты бар. Іс жүзінде формальді ұйымдардың көпшілігінде - әсіресе бюрократиялық, әскери және жартылай әскери ұйымдарда рөлдердің барлығы осындай. Бұл жерде мінез-құлық ережелері нақты шектелген, ал импровизация диапозоны онша үлкен емес (ұйымдар теориясы көрсеткеніндей толық алынып тасталмаған). Басқа бір шеті - әкенің немесе достың рөлі сияқты әлсіз шектелген рөлдер, мұнда жеке басқа тән сәттерді енгізетін диапазон ауқымы неғұрлым кең.

5. Уәждеу. Түрлі рөлдерді атқару әр түрлі уәждермен негізделген. Біз бизнесменнен өзінің ақшасын, уақыты мен қажыр-қайратын өз қауымдастығының гүлденуі немесе өзі жалдаған қызметкерлерінің баюы үшін жұмсауын күте қоймасымыз анық; оның негізгі мақсаты - барынша көп пайда табу (алдымен - одан да көп пайда табу үшін қаражатын іске жұмсау және т.с.с.). Саясаткер жеке билігінің ауқымын ұлғайтуды басшылыққа алады. Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері болса клиенттерінің әл-ауқатын жақсартуды мақсат етеді. Бұл уәждердің барлығы, әрине, кей жерде өз бағыттылығы бойынша ішінара үйлесім тауып жатса, кей жерде бір-біріне қайшы келіп, күрделі әлеуметтік қарым-қатынастармен астарласып жатады. Рөлдерді жіктеудің барлық белгілерінің ішінде уәждеу белгісі тікелей есепке алу мен талдауға оңай көне қоймайды.

Әрбір адам көптеген әр түрлі жағдайларда бірнеше рөлдер атқаратын болғандықтан рөлдер арасында қақтығыс пайда болуы мүмкін.

Жалпы алғанда рөлдік қақтығыстардың екі түрін бөліп қарауға болады: рөлдер арасындағы және бір рөлдің шегіндегі. Қақтығыстар екі және одан да көп рөлдер көбіне тұлғаның бір-біріне сәйкес келмейтін, қақтығысатын міндеттерін қамтиды. Мысалы, жұмыс істейтін әйел өзінің негізгі жұмысының талаптарын оның үй шаруасындағы міндеттерін орындаумен қақтығысқа келеді деп есептейді. Мұндай қақтығыс рөлдер арасындағы қақтығысқа жатады.

Ішкі шиеленістер мен қақтығыстардан, мүдделер қақтығысы дейтіннен таза болатын рөлдер көп емес, Мысалы индивид жағдайдың әсерімен оның мүддесіне не болмаса оның ішкі ұстанымдарына жауап бермейтін рөлді атқарған кезді алайық. Егер де қақтығыс насырға шапса, онда ол рөлдік міндеттерді орындаудан бас тартуға, сол рөлден шығуға, ішкі жан күйзелісіне әкеп соғуы мүмкін.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.