Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Даражарнақтылар класы. Лалагүл тұқымдастар. ртқашаш тұқымдастар. Пияз туыстастар. Інжугүл туыстастар



Даражарнақтылар класы

 

Даражарнақтылар класына жататын тұқымдастар - лалагүлділер, құртқашаш, пияз, інжугүл, астық

 

Лалагүл тұқымдастар

 

Лалагүл тұқымдастар - даражарнақты, көпжылдық, шөптекті, гүлі қосжынысты өсімдіктер

Гүл формуласы - К 3+3 А3+3Ж(3)

Жемісі -қауашақ

Түр саны - 1350, Қазақстанда - 57, Қызыл кітапқа тіркелінген - 14 түрі

Дәрілік түрлері -лапыз, тамырдәрі,

Сәндік түрлері - қызғалдақ (лалагүл), секпілгүл, сүмбілшаш

Техникалық түрі - шырыш

Лапызды медицинада дәрі есебінде пайдаланылады - тұқымын. Қан ауруларын, подагра, қатерлі ісіктерді емдейді

Лалагүл тұқымдастардың ең кішкене түрі – қазжуа

 

Құртқашаш тұқымдастар

 

Құртқашаш тұқымдастар- көпжылдық, шөптекті, кейде шалабұталы, тамырсабақты өсімдіктер

Түр саны - 1800, Қазақстанда 36

Сәндік түрлері - баршынгүл, құртқашаш,запран

Гүл формуласы - К 6 А3Ж1

Халық құртқашашты кейде - жыланқияқ деп атайды

Медицинада пайдаланады - тамырсабағын, қақырық түсіруге

 

Пияз туыстастар

 

Пияз туыстастар- пиязшықты, кейде түйнекпиязшықты, көпжылдық өсімдіктер. Пиязшығы мен жапырағында сүтті шырын болады

Жемісі - қауашақ

Түр саны - 650, Қазақстанда 110

Басты пияз - екіжылдық, көкөністік дақыл

Пияз гүлінің формуласы - К 3+3 А3+3Ж(3)

Басты пияздың іріктеме саны - 1 000-ға жуық

Эрфурктегі халықаралық көрмеде күміс медальға ие болған -"Дүнген 56" іріктемесі

Дүние жүзінде пияз егіледі - 1,5 млн гектар жерге (алынады 15 млн тонна өнім)

Тағамға пайдаланылады - пияшығы мен сабағын

Пиязшықтың құрамында болады - 14℅ қант, 2℅ нәруыз, С В РР тобындағы витаминдер

Сарымсақ - көпжылдық пиязтуыстас өсімдік

Жаздық сарымсақ егіледі - көктемде

Фитонцид- пияз бен сарымсақта болатын бактерияларды жоятын қасиеті бар, ерекше ұшпа заттар

 

Інжугүл туыстастар

 

Інжугүл туыстастар - көпжылдық шөптекті өсімдіктер

Інжугүл - тамырсабақты улы өсімдік, биіктігі 15-20 см, гүлдері қоңырау пішіндес

Гүл формуласы - К (3+3) А3+3Ж(3)

Жемісі - жидек

Дәрі үшін пайдаланылады - жапырағын, жүректің жұмысын жақсартуға

Інжугүл Қазақстанда өседі -Жайық өзенінің оң жақ жағалауында

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.