|
|||
бөлім → класс→қатар→тұқымдас→туыс→түр- бөлім → класс→қатар→тұқымдас→туыс→түр Қосжарнақтылар класына тән белгілер- ұрығында 2 жарнақ болады, кіндік тамыр жүйелі, жапырағы қауырсынды немесе саусақ салалы жүйкеленген, күлте және тостағанша жапырақшаларының саны 4 немесе 5 Даражарнақтылар класына тән белгілер- ұрығында 1 жарнақ, жапырағы қатар немесе доға тәрізді жүйкеленген, шашақ тамыр жүйелі, күлте және тостағанша жапырақшаларының саны 3 немесе 6. Даражарнақтыларға жататын жапырағы торлы жүйкелі, кіндік тамыр жүйелі өсімдік - қарғакөз Қосжарнақтыларға жататын жапырағы доға тәрізді жүйкелі, шашақ тамыр жүйелі өсімдік - жолжелкен
ҚОСЖАРНАҚТЫЛАР КЛАСЫ
Көкнар тұқымдастар Көкнар тұқымдастар-шөптекті, бұта немесе кішкене ағаш түрінде өсетін қосжарнақты өсімдіктер, жапырақтары кезектесіп орналасқан, бөбешік жапырақшалары болмайды, сүтті шырын бөліп шығаратын өзекті жүйелері жақсы дамыған Ғаламшардағы түр саны-700 Қазақстандағы түр саны-44 Қызыл Кітапқа тіркелген түрі-жіңішке көкнар Көкнар тұқымдас өсімдіктер-жабайы көкнар, жалаңсабақ айдаршөп Улы түрі-үлкен сүйелшөп Дәрілік түрі -ұйықтататын көкнар Гүлі-қосжынысты Гүл формуласы -Т 2 К 2+2 А∞Ж∞ Жемісі -қауашақ
Алабота тұқымдастар
Алабота тұқымдастар-кіндік тамырлы, көріксіз, басым көпшілігі арамшөп ретінде белгілі біржылдық немесе көпжылдық шөптекті,шала бұталы, кейде бұта және кішкене ағаш түрінде кездесетін өсімдіктер. Жапырақтары кезектесіп қарама-қарсы орналасқан Түр саны -1500 Өкілдері-қызылша, шпинат, көкпек, сораң, алабота, теріскен, сексеуіл, бұйырғын Құрамындағы нәруызы етке пара-пар келетіні- шпинат Өте кең таралған біржылдық арамшөп-ақ алабота Қазақстанда өсетін сексеуіл түрлері -қара, ақ, зайсаңдық Сексеуілдің жапырақтары қабыршаққа айналған, сонда фотосинтез қайда жүреді -жас өркендерінде Қара сексеуіл-Сырдария, Іле, Шу өзендерінің төменгі ағыстарының аңғарларында тоғай болып өседі. Ақ сексеуіл-шөлдің құмды жерлерінде өседі, құм бекітуге пайдаланылады Қант қызылшасы өсіріледі-Алматы, Жамбыл облыстарында Жапырақсыз бұйырғын немесе итсигектен алынады-ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы қолданылатын дәрі
|
|||
|