Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Экономикалық тергеу қызметінің қорытындысы



3.Қорытынды

  Экономикалық тергеу қызметінің қорытындысы

Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмысының қорытындысына арналған брифинг өткізілді. Әлемдік экономикадағы дағдарыс нышандарына орай көлеңкелі экономика елдің қауіпсіздігіне төніп тұрған тікелеу қатер болып отыр. Экономикалық құқық бұзушылықтарға тиімді қарсы іс-қимыл, олардың сапалы және жедел тергелуі мақсатында Экономикалық тергеу қызметінің жұмысы жетілдіріліп отырады. Экономикалық тергеу қызметі Мемлекеттік кірістер комитетінің фискалды қызметтерінің ақпараттық мүмкіндіктерін кеңінен қолданып отыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне материалдарды тіркеуге жаңа ұстанымдар айқындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала түбегейлі талдаудан және жедел-іздестіру шараларын жүргізгеннен кейін басталады. Экономикалық тергеу қызметі бастамасымен жүргізілген қылмыстық істерді барынша аяқтау бойынша лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігң белгіленген. Қабылданған шаралардың және өзара іс-қимылды тиісті түрде ұйымдастыру нәтижесінде біз Экономикалық тергеу қызметінің негізгі бағыттары бойынша жедел-тергеу практикасының жақсарғаны туралы айта аламыз. Сотқа 3 мыңдай қылмыстық іс жолданды, бұл өткен жылға қарағанда 44% артық (1 654). Залалды өтеу бойынша көрсеткішті елеулі жақсартуға қол жеткізілді. Мәселен, аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал 193 млрд.теңгені (67,7 млрд.тг), өтелген залал - 63,1 млрд.теңгені (32,8 млрд.тг), одан әрі залалды өтеу үшін тыйым салынған мүлік - 27,1 млрд.теңгені (8,7 млрд.тг) құрады. Осылайша, залалды өтеу 46,8% құрады (залалды өтеу бойынша Қаржы министрлігінің Стратегиялық жоспарының көрсеткіші - 40%). Фискалды бөлімшелер мен Экономикалық тергеу қызметінің Мемлекеттік кірістер комитеті аясында біріктірілуі жалған кәсіпкерлікке және қолма қол ақшаға айналдыру фирмаларына, бюджет қаражатын жымқыру мен басқа экономикалық бұзушылықтарға барынша дәйекті қарсы іс-қимыл жасауға мүмкіндік берді. Бүгінгі күнде, жалған фирмалардың заңсыз қызметтерін пайдалана отырып, мемлекет бюджетіне әлеуметтік міндеттемелерді орындауға, мектептер, емханалар мен жол құрылысына жұмсалуы қажет болған көптеген миллиард сома салық түспейді. Осы жылдың 9 айында жалған кәсіпкерлік фактілері бойынша өндірісте 2 582 қылмыстық іс (2204) болды, олардың 866 тергеумен аяқталды (284). Өндіріспен аяқталған қылмыстық істер бойынша залал 94 млрд.теңгені (21,7 млрд) құрады, өтелгені 2,5 млрд.теңге (1,7 млрд), 7,9 млрд.теңгенің (324,5 млн) мүлікіне тыйым салынды. Жалғанкәсіпорындарды бастапқы кезеңдерде анықтау үшін жалған фирмаларды оларға ғана тән белгілер арқылы табатын Тәуекелдерді басқару жүйесі жасалды. Саралау нәтижесінде тәуекелі жоғары фирмалар басшылары ортақ топтарға бөлінеді. Олар бойынша тиісті шаралар жүргізіледі. Нәтижесінде біз қылмыстық қолма-қол ақша қаражатымен айырбастаумен айналысқан 23 ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кестік. Мысалға, Жамбыл облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Батуров М. және оның төрт сыбайласы әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Олар құрған жалған кәсіпорындары арқылы салық төлеуден жалтару бойынша қызмет көрсеткен. Мемлекетке келген залал 1,7 млрд.теңгені құрайды. Қлданыстағы Тәуекелдерді басқару жүйесі жалған кәсіпорын белгілерін бастапқы сатыда, яғни мемлекетке ірі көлемде залал келтіргенге дейін, оның ішінде оларды тіркеу сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Осы жолмен 726 күдікті қаржылық операция тоқтатылды. 3 000-нан астам әлеуетті жалған кәсіпорын анықталды, олардың 2 545 немесе 85% ҚҚС бойынша есептен алынды. Бұл олардың заңға қайшы қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермеді. Сотқа жалған кәсіпорындардың мемлекеттік тіркелуін және олар жасаған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы 722 талап арыз енгізілді. «Бүркеншік» тұлғаларға, оның ішінде тұрғылықты үйсіз қалған және ауыр науқас адамдарға ресімделген 813 қатерлі компаниялар анықталды. Шығарылған үкімдер бойынша 5,4 млрд.теңге сомасына салық өндіріп алынды. Жалған фирмалардың белсенділігінің төмендеуін коммерциялық банктерден қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырудың азаюынан байқауға болады. Екінші деңгейдегі банктерде қолма-қол ақшаны шешу сомасы 13%-ға төмендеген. Мәселен, ағымдағы жылғы 9 ай ішінде заңды тұлғалар 705,7 млрд.теңгені қолма-қол шешті, өткен жылдың осы кезеңінде - 814,5 млрд.теңге шешілген. Мұндай мәжбүрлеу шаралары алдын-алу ретінде ерікті түрде салық төлеуге де ықпал етеді. Салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша да жұмыс тиімділігі арттырылған. Өндіріспен аяқталған 339 іс бойынша анықталған залал 72,9 млрд.теңгені (20,4 млрд) құрады, қабылданған шаралармен 53,3 млрд.теңге (12,1 млрд) өндірілді, 7 млрд.теңгенің (102,5 млн) мүлкіне тыйым салынды. Мысалға, Қызылорда облысында Экономикалық тергеу қызметі 8,6 млрд.теңге салық төлеуден жалтарған «Торгай Петролеум» ЖШС лауазымды тұлғаларын қылмыстық жауапкершілікке тартты. Қазіргі уақытта залал толық көлемде өтелді. Экономикалық тергеу қызметі үшін Мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан бөлінген қаражатты жұмсауды бақылау да басым бағыт болып айқындалған. Өндірісте болған бұндай қылмыстық істердің саны өткен жылғы деңгейде қалған (1416 - 1 307), алайда тергеуі аяқталған істер 2,5 есеге артқан (375 - 883). Аяқталған істер бойынша келтірілген залал 890,6 млн.теңгені құрады, оның 432,5 млн.теңгесі немесе 48,5% өтелді.


Барлық құқықтар қорғалған.

 

 


 

Жоспар:

1.Кіріспе                                                                                              2.Негізгі бөлім:

А) Экономикалық тергеу қызметі туралы түсінік

Б)Қызметтің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттемелері



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.