Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Экономикалық тергеу қызметі



                      Экономикалық тергеу қызметі

1.Кіріспе

Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы органдарының қысқартылуынан кейін Мемлекеттік кірістер комитетінің құрамында құқық қорғау органдары мәртебесіне ие болып, Экономикалық тергеу қызметі құрылды.

Органның жедел-қызметінде негізгі басым бағыттарының бірі келесілер: жалған кәсіпкерлік, жалған және әдейі банкроттық, алкогольді өнімнің заңсыз айналымы, мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы, заңсыз ойын бизнесі, жалған ақша жасау, квазимемлекеттік секторда және мемлекеттік сатып алу саласында бюджетті қымқыру, контрабанда, бюджетке төленетін міндетті төлемде мен салық төлеуден, сонымен қатар кедендік баж төлеуден жалтару салалары болып анықталған.

Құрылған қызметтің негізі бағыттары болып көлеңкелі экономикадағы, салық, кеден және қаржы салаларындағы құқық бұзушылықтарды, сонымен қатар заңсыз ойын бизнесін, есірткі және тыйым салынған заттардың заңсыз айналымын тергеу және алдын алу болып табылады.

Осыған байланысты, ЭТҚ қызметкерлерімен тұрақты түрде заңлыдыққа сәйкес қатаң түрде жоғарыда аталған құқық бұзушылықтардың анықтау және алдын алу үшін тиісті жедел шаралары жүргізіледі. Құқық бұзушылық фактісі анықталғаннан кейін қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңдылыққа сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі және соңғы процессуалдық шешім қабылданады.

Мысалы: мынадай, (есірткі қылмысы)

Аталған бағытта жұмыстар жүргізілуде есірткі және тыйым салынған заттар контрабандасы фактісі бойынша мәліметтерге ие тұлғалар кез келген уақытта 31-61-45 телефонына хабарласуы тиіс

Негізгі бөлім

А)Экономикалық тергеу қызметі туралы түсінік

Экономикалық тергеу қызметі(әрі қарай - Қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің (әрі қарай - Комитет) Атырау облысы бойынша департаментінің (әрі қарай - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департамент – өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, Комитет және Департаменттің құқықтық актілеріне,

сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Экономикалық тергеу қызметініңЕрежесіне сәйкес жүзеге асырады.

Қызметтің құрылымы Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасының тәртібімен ҚР ҚМ-нің жауапты хатшысымен бекітіледі.

Қызмет келесі басқармалардан тұрады:

1) Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-әрекет басқармасы;

2) Қаржылық қылмыстарды тергеу басқармасы;

3) Салық және кеден қылмыстарын тергеу басқармасы;

4) Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы;

5) Жедел-іздестіру қызметінің басқармасы.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.