Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





дәрістің түйіндемесі



10 -дәрістің түйіндемесі

 

Автокөлікті кредитке сатып алудың ерекшеліктері түсіну.

 

Автокредит - бұл автокөлікті сатып алу үшін жеке тұлғаға банк немесе басқа кредиттік мекеме беретін пайыздық несие. Тұтынушылық несиелендірудің бұл түрі, халық арасында үлкен сұранысқа ие.

Қарыздың ерекшелігі:

 

мақсат: ақша тек автомобиль сатып алуға жұмсалады;

ипотека: несие толығымен өтелгенше автокөлік банк мекемесіне кепілдікте болады

 

Автокредитті алудың мүмкіншіліктерін білу.

 

Автокредит банкте несие немесе автосалон арқылы беріледі. Әдетте, автокөлік салондары бірнеше банктермен ынтымақтас болады. Автокредит алуға өтінім бірнеше сағатта немесе бірнеше күнде қаралады. Бірақ несие бойынша жылдық мөлшерлеме несиені банкке барып алғаннан гөрі бірнеше пайызға жоғары болады.

 

Автокөлікті лизинг арқылы алуға да болады

 

Жеке тұлғалар үшін автокөлік лизингі – арнайы ақы төлемі арқылы автокөлікті уақытша иеленуге және қолдану беру. Клиент қалаған дилерден автокөлікті таңдайды, лизингілік компания автокөлікті сатып алады, содан кейін оны клиентке тапсырады. Шарт аяқталғаннан кейін клиент көлік құралын лизингілік компанияға қайтарады немсе толық құнын төлеу арқылы сатып алады.

 

Автолизгтің автокредитке қарағанда артықшылықтары

 

• Лизингтің артықшылықтары:

 

• автокредиттен гөрі тіркеуге қажет құжаттары аз;

 

• қосымша төлемдер (сақтандыру, жол полициясы органдарында тіркелу, техникалық қызмет көрсету, көлік салығы) әдетте жалға берушімен төленеді және шығындар лизинг мөлшерлемесіне енгізіледі;

• айлық төлемдер төмен;

 

• автокөліктің барлық құнын төлеу қажет емес;

 

• қосымша комиссиялар, төлемдер болмауы;

 

• автокөлікті жалдау туралы өтінімді жедел қарастыру (бірнеше сағат);

 

• егер авария болған жағдайда, лизингілік компания барлық процедуралар бойынша шығынды өз мойнына алады;

• жалға алынған автокөлікті ұстауға арналған шығындар несиеден төмен; соманың өтелуін шегеру мүмкіндігі;

• автомобильді жеңіл ауыстыру, өйткені компания ескі автомобильдерді сатумен айналысады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.