|
|||
Дәріс 10. Автокөлікті сатып алу және басқа да ірі сатып алуларСтр 1 из 5Следующая ⇒ Дәріс 10. Автокөлікті сатып алу және басқа да ірі сатып алулар Сабақтың білімділік мақсаты:Автокөлікті сатып алу және басқа да ірі сатып алулар оның өзектілігі жайлы білімгерлерге мағлұмат беру Сабақтың дамытушылық мақсаты: Автокөлікті сатып алу және басқа да ірі сатып алулар оны басқару туралы ой елегінен өткізіп, білімгерлерге өз бетінше жұмыс жасата отырып, шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттыру Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Білімгерлердің бойына әдептілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру Кілттік сөздер:Лизинг,автокөлік ,шот,несие, баланс , жеке қаржы, қарыз, қаржы, борышкер, шығыстар, бюджет, ақша, функция, бөлу, сауаттылық, есеп, табыс, сала, мемлекет, банкрот, карта, жалға алу Қарастырылатын сұрақтар: 1. Автокөлікті сатып алу үшін жеке қаржыларды жоспарлау
2.Автокөлікті кредитке сатып алудың ерекшеліктері
3. Автокөлікті жалға алу және лизинг
Автокөлік сатып алу - адамдардың көпшілігінің өмірінде бірінші рет жасаған алғашқы қаржылық операция болуы мүмкін. Сіз мұны қате орындауыңыз әбден мүмкін, бұл жағдайда сіз өзіңіздің жеке қаражатыңыздың болашағын бұлыңғыр күйге түсіресіз. Ал егер сіз қаржыларды басқару бойынша сауатты болсаңыз бұл сауданы тиімді жүзеге асырып, оз қаржылық жоспарыңызға нұсқан келтірмейсіз. Зерттеулер көрсеткендей, көп қаражат талап ететін сатып алулар бойынша дұрыс тұтынушылық шешімдер қабылдау жалпы шығынды төмендетуге және ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлауда табысқа жетуге әкеледі.
Маңызды, қомақты қаржы талап ететін заттарды сатып алу кезінде адамның жасы да елеулі фактор ретінде қаралады. Мысалы, 20 және 24 жас аралығындағы 4 адамнан 3-уі ғана жүргізуші куәлігін алады. Осылайша, жастардың қалған бөлігі жаңадан көлік сатып алмайды. Сондай ақ кымбат автокөлік сатып алу барысында басқа да факторлар қарастырылуы тиіс.
Сауатты сатып алушылар сатып алу алдында тауар немесе қызмет туралы ақпаратпен тереңірек танысады. Қызметтерді өндірушілер, сатушылар және жеткізушілер алдын ала зерттеу кезінде тауарлар мен қызметтер туралы маңызды ақпарат көзі болып табылады. Сондай ақ таныстар, көршілер, достар, басқа да тұтынушылар және интернет келесі ақпарат алу түріне жатады. Сіз сондай-ақ каталогтар арқылы, телефон арқылы және Интернет арқылы бағалар туралы толық ақпарат ала аласыз.
Бұл жағдайда дұрыс шешім қабылдау дұрыс сатып алудан кем емес. Бұл шешім екі кезеңге бөлінеді:
1. Алдын-ала - кез-келген себеппен немесе ой-пікірлеріңіізді талдай отырып сіз “автокөлік керек” деген қорытындыға келесіз; 2. Финал - сіз әрі қарай ойлағаннан кейін, ақпаратты іздестіру және опцияларды салыстыру негізінде сіз шынымен “автокөлік қажет” деп шешесіз.
Сіз негізгі екі бап бойынша қағидаттарды ұстануыңыз өте маңызды. «Мұқтаж» және «Қаражат мүмкіншілігі» деген екі бапты тереңдетіп ойластыуыңыз қажет. Өйткені, машина сіз сатып алған кітап емес, оны кажет болмаған жағдайда сөреге қоя салмайсыз. Автокөлік сізден белгілі бір техникалық қызмет түрлерін талап етеді, оның салығы, бензині, тұрағы да қосымша қаржы жұмсауыңызға итермелейді.
Алдымен сіз өз ресурстарыңызды талдай отырып қандай автокөлік қажет екенін анықтауыңыз керек. Бұл әдетте келесі жалпы критерийлер негізінде жасалады: • Автомобиль моделі мен өндірушісі; • Техникалық параметрлер; • Қосымша жабдықтар. • Бағасы Сіз жұмсауға дайын болған сомаға байланысты автомобильді сатып алудың бірнеше нұсқасын таңдай аласыз:
Жаңа автокөлік сатып алу - егер қаржы мүмкіндік беретін болса, ең қолайлы, бірақ қымбат шешім. Жаңа автокөлікпен бірнеше жыл бойы техникалық тұрғыда еш қиындықсыз, қосымша шығынсыз оңай жүре аласыз.
Үш жылға дейін пайдаланылған автокөліктерді сатып алу – техникалық және моральдік тұрғыдан алғанда тым ескі емес автокөліктерді тиімді бағамаен сатып алу дегенді білдіреді. Алғашқы үш жылда жаңа кез келген автомобильдер өз қалдық құнынан ең үлкен соманы жоғалтады, бірақ техникалық тұрғыдан әлі жаңа болуы мүмкін.
Үш жылдан ұзақ пайдаланылылған автокөліктерді сатып алу – арзан, бюджеттік автокөліктерді сатып алу дамушы мемлекеттерде ең көп таралған әдіс. Егер ақша жеткіліксіз болса және автомобиль өте қажет болса онда осы жол ең абзал деп танылады.
Сонымен қатар автокөлік сатып алу барысында оның көп мақсаттарды біріктіріп қолдануға болатын тұстарын ескерген дұрыс. Мысалы, сіз жеңіл, кішігірім және қолайлы автомобильдерді жақсы көресіз, бірақ сізде үлкен отбасы бар және сіз аң аулауды жақсы көресіз. Яғни, сізге талғампаз седан емес, кең кроссовер қажет. Немесе ауылдық жерлерде тұрып жатырсыз, шетел автокөлігін алғыңыз келеді, бірақ ол ауыл жолына шыдамауы мүмкін. Бұл жағдайда сіз автокөліктің техникалық қасиеттерін зеріттей отырып, мүмкін отандық автокөлікті сатып алу шешімін қабылдауыңыз дұрыс шығар.
Автокөлік сатып алу барысында қосымша жабдықтарға көңіл бөлгкен дұрыс, әдетте осы қосымша жабдықтар автокөліктің бағасын тым жоғарылатып жіберуі ықтимал. Автомобиль өнеркәсібінде түрлі конфигурациялармен, инновациялармен қосымша жабдықтап жаңа модельдер жасау әдетке айналған. Бұған ауа-райы бақылауы немесе жылытылатын орындар сияқты барлық қосымша ыңғайлылықтар, «чиптер» және «қоңыраулар мен ысқырықтар» кіреді. Мұнда да, әрине, шешім қабылдауыңыз алдымен барлық талаптар мен шұғыл қажеттіліктерге байланысты, сондай ақ, әрине, жеке қаржыңыз да үлкен рөл атқарады. Бірақ, шешім қабылдау барысында бүкіл факторларды тәжірибе жүзінде сараптама мен терең талдаудан өткізген дұрыс. Мысалы, сіз жылы ауа-райымен жұмсақ қыс және ыстық жаз климатымен ерекшеленетін аймақта тұрасыз, яғни «ауаны баптау» сіз үшін пайдалы, бірақ сіз жылытылатын автоорындықсыз жұмыс істей аласыз.
Автокөлікті қайдан сатып алуға болады?
Автокөліктің барлық параметрлерін зеріттеп сатып алу туралы шешім қабылданғаннан кейін, сатып алу орынын таңдау қажет. Бұл транзакциялардың қауіпсіздігіне, жеткізу, шекарадан өткізу сияқты шығындарға қатысты көптеген нюанстармен байланысты. Әдетте автокөлік сатып алу үшін мынадай сату орындарының қызметіне жүгінеміз:
• Автокөлік дилерлері; • Автосалондар • Автокөлік нарығы; • Интернет. Сондай ақ, көрме залында жаңа және қолданыстағы автокөліктерді сатып алуға болады, бірақ бұл өте сирек қолданылатын әдістер қатарына жатады. Автомобильдік дилерлердің басты артықшылығы – автокөліктердің бағасы мен төлеу нұсқалары, несиеге, бөліп төлеуге болады ал басты кемшіліктері - шектеулі таңдау. Автосалондар ресми дилерлер болып табылады, мұнда негізсіз артықшылық артық төлемдер қауіпі мен алаяқтық тәуекелдерінің төмендігі. Бірақ автокөлік салондарынан қажетті автокөлік сатып алу өте көп қаражат талап етеді. Ресми дилерлер сіздің автокөлігіңізге белгілі бір мерзім арасында кепілдік жөндеуге құқылы және қажет болған жағдайда кез келген бұзылған түйінді тегін ауыстыра алады. Ол сондай-ақ мерзімді техникалық қызмет көрсетуді жүргізе алады. Қазақстнада көптеген авто компаниялардың ресми диллерлері жұмыс істейді. Интернет арқылы сату кең таралғаннан бері автокөлік нарығы өзінің өзектілігін төмендету үстінде. Бірақ әлі де болса ірі қалаларды автокөлік нарықтары сақталып, қызметін атқарып келеді. Автокөлік нарығында сіз арзан бағаға пайдаланылған автокөліктерді сатып ала аласыз, бірақ бұл әдістің кауіп қатері мен тәуекелі жоғары. Автокөлік нарығында алаяқтыққа кезігу, соғылған автокөліктерді сатып алу қауіпі жоғары. Бірақ, егер сіз нарықты тереңдетіп зеріттеп, авто туралы жан жақты ақпаратқа ие болсаңыз бұл қауіптерден сақтануға болады. Интернет арқылы сатып алу ең қолайлы да аз шығынды қызмет түріне айналып келеді. Интернет арқылы бұрын пайдаланылған автокөлікті де сондай ақ қалаған жаңа автокөлікті өндіруші мен ресми диллерден салонға бармай ақ үйде отырып онлайн сауда арқылы сатып алуға болады. Интернет арқылы сауда өндірушіге немесе ресми диллерге жалға алынатын бөлшек сауда алаңының санын азайтуға мүмкіндік береді, бұл олардың жиынтық шығындарын айтарлықтай төмендетеді. Яғни, автокөліктің де өзіндік құны төмендейді. Банктер мен төлем жүйелерінің иелері осы уақытқа дейін сенімді қорғанысты қалай қалыптастыруға болатынын біледі, ал кассалық операцияларды онлайнда жүргізгенде ақша жоғалту ықтималдығы қазір минимум деңгейге дейін төмендетілген. Сондықтан интернет арқылы сатып алу барысында алаяқтыққа қақтығысу тәуекелі төмен.
|
|||
|