|
|||
I бөлім: Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, мәні және түрлері.Стр 1 из 7Следующая ⇒
Мазмұны I бөлім: Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, мәні және түрлері. 1.1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны. 1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдық— құқықтық түрлері. II бөлім: Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамуының негізгі проблемалары. 2.1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму жолдары. 2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің негізгі проблемалары және оны шешу жолдары. III бөлім. Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың нәтижелері. 3.1. Макроэкономикалық тұрақтандыру. 3.2. Табысты орнықтыру және экономикалық өсу жағдайларын жасау. ҚОРЫТЫНДЫ
Кіріспе Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады. Елдің тауары осы күштің іске қосылып, табысты еңбек етуіне байланысты. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, финанс, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш. Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет етеді. Кәсіпкерлік дегеніміз — белгілі бір істі істей білу. Іс істеу- адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік- адамның еркін өмір сүру түрі. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады. Кәсіпкерлік — ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр I патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылдағы реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды. Кәсіпкерліктің субъектісі жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер, арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әр түрлі бірлестіктер. Кәсіпкерліктің ерекшеліктері: · Дербестік және тәуелсіздік; · Экономикалық ынталылық; · Шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік; · Жаңашылдық. Кәсіпкерліктік істің қозғаушы күші- мол пайда табу. Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім керек, екінші өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматар болуы керек. Аш жалаңаш елде кәсіпкер де, халық та байымайды. Курстық жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуына талдау жасау. Осы мақсатқа жету үшін мынадай төмендегі курстық жұмыстың міндеттері қарастырылады: · жалпы кәсіпкерлік ұғымының мәнін толық ашу, яғни тарихи даму сатылары, қызметтері және мазмұндары. · кәсіпкерліктің түрлерін көрсету; Берілген бөлімде ұжымдық- құықтық түрлерінің мағынасын аша отырып, қазіргі Қазақстандағы кәсіпкерлік істің түрлерін көрсету. · Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының нәтижелері, яғни экономикалық тұрақтандырылуы, табысты орнықтырылуы және экономикалық жағдайларының жасалуы. Курстық жұмыс жазу барысында мынадай шетелдік А. Бодо, Ф.Уокер, А.Шапиро, Д.Маккеланд, Р. Хизрич, П. Другер және т.с.с. отандық ғалымдардың еңбектері қолданылды.
I бөлім: Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, мәні және түрлері.
|
|||
|