Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





«Босану клиникасы» 7 страница



Д) анасында инфекцияның болуы

 

350. Бала ауыр асфиксиямен туылған. Осы жағдайды СИПАТТАМАЙТЫН көрініс:

А) өмірінің 5 минутында жағдайы Апгар шкаласы бойынша 0-3 балл

B)неврологиялық статусының бұзылуы

В)+рефлекторлық қозғыштығы

Г)тыныс алуының төмендігі

Д) бұлшықет гипотониясы

 

351. Антенаталді кезеңде нәресте асфиксиясы дамуына қауіп-қатер факторы болып ЕСЕПТЕЛМЕЙДІ:

А) +нәрестенің дұрыс орналаспауы

Б) жүктілердің артериялық гипертониясы

В) мерзімінен асқан жүктілік

Г)анасының инфекциясы

Д) ұрық жетілуінің аномалиясы

 

352. Интранаталді кезеңде нәресте асфиксиясы дамуына маңызды қауіп-қатер фактор:

А) хориоамнионит

Б) тез босану

В) ұзаққа созылған босану

Г)+қағанақ суындағы меконий

Д) кіндік бауының түсіп қалуы

 

353. Нәресте реанимациясының негізгі принципі:

А) шешім қабылдау – бағалау – іс-әрекет жасау

Б) +бағалау – шешім қабылдау – іс-әрекет жасау

В) бағалау – іс-әрекет жасау – шешім қабылдау

Г) шешім қабылдау – іс-әрекет жасау – бағалау

Д) іс-әрекет жасау – шешім қабылдау –бағалау

 

354. Жаңа туған нәресте жағдайы Апгар бойынша 3 балл, реанимация шаралары өткізілген соң 5 балл болды. Нәресте реанимациясы әр қадамының ұзақтығы:

А) 10 секунд

Б)20 секунд

В) +30 секунд

Г)40 секунд

Д) 60 секунд

 

355. Жаңа туылған нәрестенің реанимациясы неден БАСТАЛМАУ керек:

А) анасынан ажыратын жылы жөргекке орау

Б) + ылғалданған оттегімен өкпеге жедел вентиляция жүргізу

В) нәрестенің басын шалқайған түрде ұстау

Г)жылы жаялықпен терісін және басын құрғатып сүрту

Д) тактилді стимуляция жүргізу

 

356. Нәресте асфиксияның жеңіл дәрежесімен туылды. Ең ықтимал келесі қадам:

А)анасынан тез ажырату

Б) горизонталді тегіс жерге жатқызу

В) алдын ала жылы жаялық төсеп жатқызу

Г) сәулелі жылу астына жатқызу

Д) +ана куедесіне жатқызу

 

357. Реанимацияның бастапқы шараларын жүргізгеннен кейін нәресте жағдайының қандай көрінісіне маңыз БЕРМЕЙМІЗ:

А) +бұлшықет тонусына

Б) адекватты тыныс алу

В) жүрек жиырылу жиілігіне

Г)тері жамылғысының түсіне

Д) тыныс алу қабілетіне

 

358. Реанимацияның бастапқы шараларын жүргізгеннен кейін нәрестенің тыныс алу жиілігі - минутына 40, жүрек соғу жиілігі - 120 минутына, тері жабындысының түсі - қызғылт. Дәрігердің тактикасы (келесі қадам):

А)интенсивті терапия бөлмесінде бақылау

Б) қысыммен берілген оттегімен тыныс алдыру

В) + анасының кеудесіне жатқызу («теріге тері» контакт)

Г) тез емізу

Д) инфузиялық терапия жүргізу

 

359. Реанимацияның бастапқы шараларын жүргізгеннен кейін нәрестенің тыныс алу жиілігі – 40-60 минутына, жүрек соғу жиілігі – минутына 100–дан жоғары, бірақ аяқ –қолдарының цианозы сақталуда. Дәрігердің тактикасы (келесі қадам):

А) интенсивті терапия бөлмесінде бақылау

Б) анасының кеудесіне жатқызу («теріге тері» контакт)

В) +тері түсі қалпына келгенше оттегімен қамтамасыз ету

Г) инфузиялық ем жүргізу

Д) трахея интубациясын жүргізу

 

360. Нәрестеге жасалған алғашқы реанимациялық шаралардың нәтижесі болмай өкпеге жедел вентиляция жүргізілді, жүрек соғу жиілігі минутына 60-дан аз болып қала берді. Келесі реанимациялық іс-әрекетті жүргізуге БОЛМАЙДЫ:

А) өкпе жедел вентиляцисын жалғастыру

Б) жүрекке тікелей емес массаж жасау

В) өкпеге интубациялық жедел вентиляция жүргізу

Г)адреналин енгізу

Д) +тактилді стимуляция жасау

 

361. «Акушерлік іс және неонатология бойынша ҚР ДМ негізгі клиникалық протоколдары және бұйрықтары» бойыша жаңа туылған нәрестенің кіндігін кемінде қанша уақыттан кейін кесу керек:

А) + 30 секунд

Б) 1 минут

В) 2 минут

Г)3 минут

Д) кіндік бау тамырларының пульсациясы тоқталғаннан кейін

 

362. Акушерлік стационарда нәрестеге кейбір алдын-алу шаралар жүргізіледі. Төменгі тізімнен кажеттілігі жоқ шараны белгілеңіз:

А) +дифтерия, сіреспе, көкжөтелге қарсы (ДСКҚ) екпе жүргізу

Б) К витамин егу

В) В гепатитіне қарсы екпе жүргізу

Г) БЦЖ екпесін жүргізу

Д) нәресте конъюнктивасына 1% тетрациклин немесе 0,5% эритромицин майын жағу

 

363. 2010ж ҚР ДМ Протоколдарында жазылған «Жаңа туылған нәресте жағдайын бағалау және күту принциптерінің» 10 қадамында жазылған: «Босанғаннан кейін ана мен баланы босанған бөлмеде жалғыз қалдыруға болмайды (нәрестенің жағдайын бақылау керек)». Дене сау бала босанғаннан кейін оның жағдайын қанша минут сайын бақылап тұру керек:

А) 5 минут

Б) 10 минут

В) +15минут

Г) 20 минут

Д) 30 минут

 

364. 2010ж ҚР ДМ Протоколдары бойынша жаңа туған нәрестенің (жөргегін ашпай, анасынан айырмай және емізу процесін бұзбай) дене қызуын қанша минут сайын тексеріп тұру керек:

А)туғаннан кейін және 30 минут өткесін

Б)туғаннан кейін және 20 минут өткесін

В)туғаннан 10 минут және 30 өткесін

Г) туғаннан 30 минут және 1 сағат өткесін

Д) +туғаннан 30 минут және 2 сағат өткесін

 

365. Босану бөлмедегі біріншілік көмек және реанимация шаралары не үшін қажет:

А) дене температурасын қалпында ұстау

Б) +адекватты тыныс алу жұмысын қалыптастыру

В) жүрек жұмысын қалыптастыру

Г)алмасу процессін қалыптастыру 

Д) гемодинамикалық бұзылуын жөндеу

 

 366. 2010ж ҚР ДМ Протоколдары бойынша жаңа туылған нәрестенің жылу жоғалтуының төрт жолы бар. Төменгі тізімнен ДҰРЫС ЕМЕС жауабын көрсетіңіз:

А) булану – ылғал нәрестенің тері жабындысынан буланады

Б) өткізгіштік – жылу нәрестенің терісіне тиген салқын затқа кетеді

В) + салқандау – нәрестенің жылуы медперсоналың (анасының) салқын қолдарына кетеді

 Г) сәулелену – нәрестенің жылуы жақын тұрған жар, терезеге қарай кететді

Д) конвекция – нәрестенің жылуы бөлме салқын болса айналаға кетеді

 

367. Стационарға дейінгі 10 минут ішінде көмек көрсетілгеннен кейін нәрестенің тыныс алуы және жүрек соғу жиілігі қалыптасты, тері жабындысының түсі қызғылттанды. Дәрігердің әрі қарай жүргізетін іс-шаралары:

А) реанимациялық шараларды жалғастыру

Б)+ реанимация шараларын тоқтату

В) инфузиялық ем жүргізу

Г) ылғалданған оттегін беру

Д) бакылау

 

368. Стационарға дейінгі көмек көрсетілгеннен 5 минут өткесін нәрестенің жүрек соғу жиілігі қалыптасты, бірақ өздігінен тыныс ала алмай жатыр. Дәрігерің келесі іс-әрекетін көрсетіңіз:

А) + оттегін беруді жалғастыру

Б) реанимация шараларын тоқтату

В)инфузиялық ем жүргізу

Г ) трахея интубациясы

Д) бақылау

               

369. Босанудың екінші кезеңінде нәрестенің жамбасы туылған соң босану әлсіздігі пайда болды. Нәрестенің жедел гипоксиясы пайда болды. Осы жағдайдағы дәрігердің тактикасы:

А)+ бала жамбасынан экстракция жасау

B) босану белсендіруін бастау

В)ұрық гипоксиясының емін жүргізу

Г) босануды консервативті жүргізуді жалғастыру

Д) босануды кесар тілігі операциясымен аяқтау

 

370. Босану босну әлсіздігімен асқынды. Мерзіміне жеткен нәресте туылды. Өзіндігінен тыныс ала алмайды, тері жабындысы цианозды, бұлшықет тонусы төмендеген, рефлекторлық қозғыштығы әлсіз көрінеді, жүрек соғу жиілігі – миунтына 96. Осы жағдайды Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:

А) +4 балл

B. 5 балл

В) 6 балл

Г) 7 балл

Д) 8 балл

 

371. Өзгеріске алып келетін химиялық және физикалық факторларды атаңыз:

 +мутагендер

           б. тератогендер

           в. токсиндер

           г. экзогендер

           д. эндогендер

 

372. Өздігінен жүктіліктің үзілуі, туа біткен даму ақаулары және тұқым қуалайтын аурулардың патогенетикалық нұсқасын көрсетіңіз:

           а. бластопатия

           б. +гаметопатия

           в. мутация

           г. эмбриопатия

           д. фетопатия

 

373. Ұрықтың шетінеуі, жатырдан тыс жүктілік және ұрық өсі қалыптасуының ақауларының патогенетикалық нұсқасын көрсетіңіз:

           а.+ бластопатия

           б. гаметопатия

           в. эмбриопатия

           г. мутация

           д. фетопатия

 

374. Ағзалар мен жүйелердің даму ақаулары, тератомалар, жүктіліктің үзілуінің патогенетикалық нұсқасын көрсетіңіз:

            а. бластопатия

           б. гаметопатия

           в. +эмбриопатия

           г. мутация

           д. фетопатия

 

375. Нәрестенің жатырішілің дамуының кідіруі, туа біткен ақаулар, туа біткен аурулар, нәрестенің бейімделуінің бұзылуы, нәрестенің шетінеуінің патогенетикалық нұсқасын көрсетіңіз:

           а. +фетопатия

           б. гаметопатия

           в. эмбриопатия

           г. мутация

           д. бластопатия

 

376. Ағзалардың мүлде болмауы қалай аталады:

           а. аплазия

           б. + агенезия

           в. гипоплазия

           г. атрезия

           д. дисхрония

 

377. Жасуша, тін немесе ағзаның бір бөлігінің басқа ағзада немесе сол ағзаның басқа аймақтарында орналасуы. Мысалы, бронх қабырғасынан тыс өкпеде орналасқан шеміршек.

           а. гетероплазия

           б. метаплазия

           в.+ гетеротопия

           г. атрезия

           д. персистерлену

 

 

378. «Атрезия» терминін талдаңыз:

           а.туа біткен ағзаның толығымен болмауы

           б. тамыр аяқшасынан басқа ағзаның толық болмауы

           в. Туа біткен ағзаның толық дамымауы

           г. +канал немесе табиғи тесіктің жоқ болуы

           д. ағзаның ауысуы, яғни оның басқа жерде орналасуы

 

379. «Хромосомдық аурулар» дегеніміз не:

           а. морфогенез бұзылысы

           б. жасуша, тін, ағзалар даму қарқынының бұзылысы

           в.+ көптеген туа біткен ақауларының топтамасы

           г. нәрестенің дамуына сәйкес белгілі кезеңде жойылмаған эмбрионалдық құрылым (мысалы, таңдайдың жырығы)

           д. ағзаның бір бөлігінің басқа аймақта орналасуы

 

 380. Нәресте басының орташа өлшемі:

А) 32-35см

В) 34-35см

С) +34-37см

Д) 32-37см

Е) 30-34см

 

381. Нәресте кеудесінің орташа өлшемі:

А) 32-34см

В) +33-36 см

С) 32-37см

Д) 34-37см

Е) 30-34см

 

382.  Кесар тілігі арқылы дене салмағы 4100,0г., ұзындығы 54см нәресте туылды. Қараған кезде: маңдай және қас аралық аймағындағы жұмсақ тіндердегі айқын ісік және аздаған цианоз байқалады. Нәрестенің айқайы айқын, эмоциясын білдіреді, басы шалқайған, бұлшықет тонусы мен рефлекстері қалыпты. Дәрігердің тактикасы:

А) +нәресте анасымен бірге бола алады

В) Нәресте интенсивті терапия палатасында бақылану керек

С) Нәресте реанимациялық шараларға мұқтаж

Д) Нәрестені диффузды жіберілген оттегімен тыныс алдыру керек

Е) Нәрестенің мойын омыртқа аймағын бекіту керек

 

 383. Нәрестенің қандай тыныс жиілігін тахипноэ деп бағалайды:

А) Минутына 40-тан жоғары

В) + Минутына 60-тан жоғары

С) Минутына 80-нен жоғары

Д) Минутына 100-ден жоғары

Е) Минутына 140-тан жоғары

 

384. Нәрестенің қандай тыныс жиілігін брадипноэ деп бағалайды:

А) Минутына 80-нен төмен

В) Минутына 100-ден төмен

С) Минутына 40-тан төмен

Д) Минутына 60-тан төмен

Е) + Минутына 30-дан төмен

 

 

 385. Жаңа туылған нәрестенің өкпесінде ылғалды сырылдар болуы мүмкін. Олар нешінші тәулікте жойылуы керек:

А) 1-ші тәуліктің соңында

В) +2-ші тәулікте

С) 3-ші тәулікте

Д) 2-ші тәуліктің соңында

Е) 4-ші тәулікте

 

386. Салмағы 3950,0 гр, нәрестеге босану барысында басына тракция жүргізілді. Бірінші тәуліктен бастап нәрестеде дене қалыпын өзгерткен кезде күшейетін ынтығу, аритмикалық тыныс, цианоз ұстамасы, кеудесінің асимметриясы және сол жақ бөлігің тыныс алу кезінде қалып қоюы, сол жақ бұғанасынан жоғарғы бөлігінің ісінуі байқалады. Аускультация – сол жағында әлсіреген тыныс. Нақты диагноз қою үшін қандай зерттеулер жүргізу керек?

А) + Кеуде ағзаларының ретгенографиясы

В) Бас миының МРТ-сы

С) УЗИ вилочковой железы

Д) Плевра қуысының пункциясы

Е) Жұлын МРТ-сы

 

387. Нәресте терісінің қандай өзгерістері патологияның белгісі болып табылады:

А) ақшыл-сары бөртпелер

В) телеангиоэктазиялар

С) монгол дақтары

Д) акроцианоз

Е) +везикулезді бөртпелер

 

388. Дені сау нәрестенің айқайы қандай болу керек:

А) әлсіз

В) ыңырсыған

С) шыңғырған

Д) +эмоциональді

Е) монотонды

 

389. Жаңа туған нәрестенің жағдайы Апгар шкаласы 6-7 баллға бағаланды. Дәрігердің тактикасы:

А) Нәресте анасымен бірге бола алады

В) +нәресте интенсивті терапия палатасында бақылану керек

С) Нәресте реанимациялық шараға мұқтаж

Д) Нәрестені диффузды жіберілген оттегімен тыныс алдыру керек

Е) Нәрестенің мойын омыртқа аймағын бекіту керек

 

390. Жаңа туған нәрестенің жағдайы Апгар шкаласы 7-8 баллға бағаланды. Дәрігердің тактикасы:

А) +Нәресте анасымен бірге бола алады

В) Нәресте интенсивті терапия палатасында бақылану керек

С) Нәресте реанимациялық шараға мұқтаж

Д) Нәрестені диффузды жіберілген оттегімен тыныс алдыру керек

Е) Нәрестенің мойын омыртқа аймағын бекіту керек

Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы және патологиясы

391. Кесар тілігінен кейін 5- ші тәулікте науқасты іштің төменгі жағында ауру сезімі пайда болды, дене температурасы 39°С, жел шыққан жоқ, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Дәрігердің ықтимал тактикасы:

А) жедел оперативті ем – лапаротомия

В) 48-72 сағат ішінде консервативті ем

С) 18-24сағат ішінде консервативті ем

D) іш қуысын лапароскопиялық санациялау

Е) +2-3 сағат дайындықтан кейін лапаротомия

 

392. Босанған әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 36,6°С, пульсі 80 минутына. Сүт бездері пальпация кезінде жұмсақ. Жатыр тығыз, ауру сезімсіз, кіндік деңгейінде. Зәр шығару бос, ауру сезімсіз. Жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлінділер. Ықтимал диагноз:

А) +Босанудан кейінгі кезең, 1 тәулік

В) Босанудан кейінгі кезең, 2 тәулік 

С) Босанудан кейінгі кезең, 3 тәулік

D) Ббосанудан кейінгі кезең, 4 тәулік

Е) Босанудан кейінгі кезең, 5 тәулік 

 

393. Жүйелі қабыну жауап синдромына (ЖҚЖС) тән емес белгі:

А) дене температурасы > 380С немесе < 360С

В) ЖСЖ >90 соққы/мин.

С)+АҚҚ 110/ 70 мм с.б.б. жоғары

D) Тыныс алу жиілігі > 20 мин.

Е) лейкоцитоз > 12,0х109/л немесе лейкопения < 4,0х109

 

394. Босанған әйел босанудан кейінгі кезеңнің 3- ші тәулігінде бас ауруына, ұйқысының, тәбетінің бұзылуына, іштің төменгі жағында ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде пульсі 105 минутына, дене температурасы 38,30С. ЖҚА- де лейкоциттер 11,0х109/л. Жатыр түбі 1 көлденең саусақ кіндіктен төмен. УДЗ -де жатыр анық контурлы. Лохиялар іріңді. Ықтимал диагноз?

А) босанудан кейінгі сальпингоофорит

В) босанудан кейінгі пельвиоперитонит

С) метротромбофлебит 

D) +босанудан кейінгі эндометрит

Е) босанудан кейінгі параметрит

 

395.  Босанған әйел босанудан кейінгі кезеңнің 3 ші тәулігінде бас ауруына, ұйқысының, тәбетінің бұзылуына, іштің төменгі жағында ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде пульсі 105 минутына, дене температурасы 38,30С. ЖҚА-де лейкоциттер 11,0х109/л. Жатыр түбі 1 көлденең саусақ кіндіктен төмен. УДЗ -де жатыр анық контурлы. Лохиялар іріңді.  Сазонов-Бартельс жіктелуіне сәйкес бұл жағдай іріңді септикалық инфекцияның қай этапына жатады:

А) I этапына

В) +II этапына

С) III этапына

D) IV этапына

Е) V этапына

 

396. Босанған әйел кесар тілігі операциясынан кейін 7 тәулікте операциядан кейінгі жара аймағында ауру сезіміне, жағдайының нашарлауына, дене температурысының соңғы 2-күнде 39°С-қа жоғарлауына шағымданды. Қарағанда – операциядан кейінгі аймақта тері тігістер гиперемияланған, іріңді бөлінді байқалады. Пальпация кезінде іші – күртауру сезімді, іш бұлшықеттері қатайған, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Перкуторлы –іш қуысында экссудат анықталады. Дәрігердің ықтимал тактикасы?

А) консервативті ем

В) іш қуысына дренаж салу

С)+түтікшелерімен жатыр экстирпациясы

D) жатыр қуысын қыру

Е) гистероскопия

 

397. Босанған әйел кесар тілігі операциясынан кейін 7 тәулікте операциядан кейінгі жара аймағында ауру сезіміне, жағдайының нашарлауына, дене температурысының соңғы 2-күнде 39°С-қа жоғарлауына шағымданды. Қарағанда – операциядан кейінгі аймақта тері тігістер гиперемияланған, іріңді бөлінді байқалады. Пальпация кезінде іші – күртауру сезімді, іш бұлшықеттері қатайған, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Перкуторлы –іш қуысында экссудат анықталады. Операциядан кейінгі перитониттің ең ықтимал себебін атаңыз?

А) операция кезінде асептика мен антисептика принциптерінің бұзылуы

B) анамнезінде жатыр қосалқыларының созылмалы аурулары

C)+жатырдағы тігіс жарамсыздығы

D) терілік тілікті тігу техникасының бұзылуы

E) ішек парезі нәтижесі

 

398. Геморрагиялық шоктың III дәрежесіне (декомпенсацияланған қайтармалы) тән емес белгі:

А) систолалық АҚҚ > 100 мм.с.б.

В) Hb 80 г/л

С)+ систолалық АД < 60 мм.с.б.

D) тахикардия 100 соққы/мин. дейін

Е) ОВҚ (ЦВД) 60 мм.су с. б.

 

399. Босанған әйел кесар тілігі операциясынан кейін 7 тәулікте операциядан кейінгі жара аймағында ауру сезіміне, жағдайының нашарлауына, дене температурысының соңғы 2-күнде 39°С-қа жоғарлауына шағымданды. Қарағанда – операциядан кейінгі аймақта тері тігістер гиперемияланған, іріңді бөлінді байқалады. Пальпация кезінде іші – күртауру сезімді, іш бұлшықеттері қатайған, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Перкуторлы –іш қуысында экссудат анықталады. Сазонов-Бартельс жіктелуіне сәйкес бұл жағдай іріңді-септикалық инфекцияның қай этапына жатады:

А) I этапқа

В) II этапқа

С) +III этапқа

D) IV этапқа

Е) V этапқа

 

400. Қан кету және плацентаның бөліну белгілері жоқ болғанда плацентаны қолмен бөлу мен шығаруға қашан кіріскен ықтимал:

А) 120 мин. кейін

В) 90 мин. кейін

С) 60 мин. кейін

D) +30 мин. кейін  

Е) 15 мин. кейін

 

401. Жатыр қуысын қолмен тексеруге көрсету болмайды:

А) +жатыр мойнының II дәрежелі жыртылуы  

В) жатыр мойнының III дәрежелі жыртылуы

С) босану жолдарынан қан ағу

D) плацента түгелдігіне күмәнданғанда

Е) жатыр жыртылуына күмәнданғанда

 

402.  35 жастағы көп босанушы, жыныс жолдарынан қанды бөлінділерге, ұрықтың қозғалмауына шағымданып түсті. АҚҚ 60/30 мм сын. бағ., пульсі 110 минутына. Нәресте дәрігер қолының астында анықталады. Нәресте жүрек соғуы тыңдалмайды. Дәрігердің ықтимал тактикасы?

А)+ гистерэктомия  

B) кесар тілігі

C) реанимациялық шаралар

D) УДЗ

E) гемотрансфузия

 

403. Кеш босанудан кейінгі кезеңде қан кетуге байланысты науқасты зерттегенде бала жолдасы бөліктерінің қалғаны анықталды. Науқасты жүргізудің ең ықтимал тактикасы:

А) утеротоникалық заттарды қолдану

B) антибактериалды терапия тағайындау

C) динамикалық бақылау

D) гистероскопияны қолдану

E) +плацентарлы тін қалдықтарын алу

 

404. Босанудан кейінгі мастит диагностикасында төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы ең ықтимал?

 A) сүт бездерінің УДЗ

 B) +сүт бездерін қарау және пальпациялау

 C) маммография

 D) клиникалық қан анализдері

 E) сүт бездерінің МРТ-сы

   

405.  32 жастағы босанушы О. кесар тілігі операциясынан кейін 7-8 тәулікте перитонит дамыды. Көрсетілген себептердің қайсысы ең ықтимал болып табылады?

 А) +эндометрит фонында жатырдағы тігістің жарамсыздығы

 Б) операция кезінде іш қуысының инфицирленуі

 В) парез кезінде ішек барьерлік қызметінің бұзылуы

 Г) кесар тілігі операция техникасының бұзылуы

 Д) операция кезінде асептика мен антисептика принциптерінің бұзылуы

 

406.  22 жастағы босанушы А. салмағы 4200 г. бала босанды, аралықтың жыртылу қаупі болғандықтан орталық эпизиотомия жасалды, ол жыртылудың II дәрежесімен асқынды. Бұл жағдайда қандай тіндер зақымданған жоқ?

А) тері беткейі

B) артқы жабыспа

C) аралықтың бұлшықеттері

D) қынап шырышы

E) +тік ішек шырышы

 

407. 32 жастағы босанушы О., ерте босанудан кейінгі кезең атониялық қан кетумен асқынды. Қан ағуды тоқтатуға қарсы шаралар басталды. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысы лапаротомияға ықтимал көрсеткіш?

A) жатырдың сыртқы массажының тиімсіздігі

B) жатыр қуысын қолмен тексерудің тиімсіздігі

C) жатырдың бимануальды компрессиясының тиімсіздігі 

D) +Мизопростол 1000 мкг per rectum енгізудің тиімсіздігі

E) утеротониялық терапияның тиімсіздігі

 

 

408. Босанған әйел К. 25 жаста, ерте босанудан кейінгі кезең атониялық қан кетумен асқынды. Қан жоғалту көлемі 2000,0 мл. АҚҚ 60/20 мм сын. бағ., пульсі 140 минутына, жіп тәрізді. Гемоглобин 50 г/л. Геморрагиялық шоктың ықтимал дәрежесін анықтаңыз:

А) геморрагиялық шоктың І дәрежесі

В) геморрагиялық шоктың ІІ дәрежесі



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.