|
|||
Жүкті әйелдердегі жүрек-қантамыр, тыныс алу, ас қорыту жүйесінің аурулары.Жүкті әйелдердегі жүрек-қантамыр, тыныс алу, ас қорыту жүйесінің аурулары. 1. Физиологиялық жүктілік кезінде айналымдағы қан көлемі максималді көбейеді (%): * 10-29 * +30-50 * 51-70 * 71-90 * 91-100
2. Физиологиялық жүктілік кезінде жүктіліктің келесі аптасында айналымдағы қан көлемі максимальді көбейеді (апта): * 24 * 28 * 32 * + 36 * 40
3. Жүктілік кезіндегі тыныштық қалыпта жүрек лақтырысы максимальді көбейеді (%): * 10-20 * 20-30 * +30-40 * 40-50 * 50-60
4. Жүктілік кезіндегі айналымдағы эритроциттер көлемі максималді көбейеді (%): * 10 * 20 * +30 * 40 * 50
5. Жүктіліктің физиологиялық ағымында ІІІ триместрде жүкті әйелде жүректің жиырылу жиілігі минутына келесі санға артады: * 5-10 * 10-15 * +15-20 * 20-25 * 2 5-30
6. Ревматизммен ауыратын жүкті әйелде равматикалық үрдістің өршуінің минимальді қаупі келесі аптада байқалады (апта): * 12-16 * 22- 28 * 30-32 * 34-36 * +38-40
7. Жүре пайда болған ревматикалық жүрек ақаулары бар жүкті әйелдер арасында жүктілікті жалғастыруға үшін болжамы ең қолайлы ақау: *коммиссуротомиядан кейінгі рестеноз *+ митралді қақпақша жетіспеушілігі *үшжармалы қақпақша жетіспеушілігі *қолқалық ақау кезіндегі сол қарыншалық дилатация *қосарланған митралдік ақау, стенозы басым
8. Жүре пайда болған ревматикалық жүрек ақауы кезінде жүктілік пен босану үшін болжамы ең қолайлы ақау: * +Гемодинамиканың бұзылуынсыз митралды жетіспеушілік * Гемодинамиканың бұзылуымен митралды қақпақшаның стенозы * Гемодинамиканың бұзылуынсыз қолқа ақауы * Жыпылықтаушы аритмиясы бар қолқа ақауы * Декомпенсацияланған жүрек ақауы
9. Жүкті әйелде ревматикалық үрдістің өршуі неғұрлым жиі жүктіліктің келесі аптасында байқалады: * 13-17 * 18-22 * 23-27 * + 28-32 * 33-37
10. Туа біткен жүректің келесі ақауы жүктілік пен босану үшін неғұрлым қолайлы болжам: * Фалло тетрадасы * Қолқа каорктациясы * Эйзенменгер кешені * +Жүрекшеаралық перденің ақауы * Қарыншааралық перденің ақауы
11. Туа пайда болған жүрек ақаулары бар жүкті әйелдер арасында жүктілікті жалғастыру үшін болжамы ең қолайлы ақау: * Фалло тетрадасы; * Эйзенменгер кешені; * II-III дәрежелі қолқа коарктациясы; * +жүрекшеаралық перденің дефектісі; * туа пайда болған жүрек ақауының толық емес хирургиялық коррекциясы.
12. Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар жүкті әйелдерде өкпе ісінуі жүктілік пен босанудың келесі кезеңдерінде жиі дамиды: * Жүктіліктің І-ші жартысында * Жүктіліктің ІІ-ші жартысында * Босанудың 1-ші және/немесе 3-ші кезеңінде * +Босанудың 2-ші кезеңі және /немесе босанғаннан кейінгі ерте кезеңде * Босанудың 3-ші кезеңінде және/немесе босанғаннан кейінгі кеш кезеңде
13. Жүктілікті жалғастыруға мүмкіндік беретін миокард ауруы: * әр түрлі этиологиялы миокардиттің жедел түрі * әр түрлі этиологиялы миокардиттің жеделдеу түрі * миокардиодистрофия және миокардиосклероз ырғақ бұзылысымен * +миокардиодистрофия ырғағы бұзылмаған және қан айналым жетіспеушілігінсіз * созылмалы миокардит ырғағы бұзылмаған және қан айналым жетіспеушілігінсіз
14. Жүкті әйелдердегі қан айналым жетіспеушілігінің І сатысы келесі клиникалык белгілермен сипатталады: * ентігу, жүрек соғысы, ісіну * ентігу және тыныштық жағдайдағы жүрек соғысы * +ентігу және физикалық жүктемеден кейінгі жүрек соғысы * ентігу, жүрек соғысы, өкпедегі іркілудің көріністері * ентігу, жүрек соғысы, ісіну, бауырдың үлкеюі, өкпедегі іркілудің көріністері
15. Өкпе туберкулезінің ашық түрі бар босанушы әйелде босану арнайы бокста қабылдануы керек: * +Перзентханада * Әйелдер кеңесінде * Инфекциялық ауруханада * Туберкулездік диспансерде * Көпсалалы стационарда
16. Дизентерияның жедел түрі бар босанушы әйелде босану арнайы бокста қабылдануы керек: * +Перзентханада * Әйелдер кеңесінде * Инфекциялық ауруханада * Туберкулездік диспансерде * Көпсалалы стационарда
17. Бүйректің тостағанша-түбекшелі жүйесінің қабырғасы, канальды аппаратының, интерстициалды тіннің зақымдалуымен жүретін арнайы емес инфекциялық-қабыну процесі аталады: * цистит * уретрит * + пиелонефрит * гломерулонефрит * зәр тас ауруы
18. Жүкті әйелдердегі пиелонефриттің кездесу жиілігі құрайды (%): * 1-5 * + 6-12 * 13-18 * 19-25 * 26-32
19. Пиелонефрит жиі жүктіліктің келесі мерзімінде дамиды (апта): * 12 аптаға дейін * 13-23 * + 24-32 * 33-36 * 37-40
20. Пиелонефриттің жиі қоздырғыштарына келесі микроорганизмдер жатады: * + энтеробактериялар тобы * А тобының стрептококктары * В тобының стрептококктары * стафилококктар * энтерококктар
21. Жүкті әйелдердегі оң жақ пиелонефритінің жиі дамуына оң жақ несепағардың қысылуына алып келеді: * үлкейген жатыр * уродинамикасының бұзылысы * сол жақ варикозды кеңейген аналық безі венасы * +оң жақ варикозды кеңейген аналық безі венасы * оңға ығысқан жатыр
22. Жүктіліктің 23 аптасында дене температурасының 37,70 С –қа жоғарылауына, іштің төменгі бөлігі мен бел аймағындағы ауыру сезімі, зәр шығару кезіндегі ауру сезіміне шағымданып келген жүкті әйелге, диагнозды дәлелдеу үшін келесі қосымша зерттеу әдісін жүргізу қажет: * қанның жалпы және биохимиялық анализі * +зәрді бактериологиялық зерттеу * жатыр мойнының шырышын бактериологиялық зерттеу * үрпіден алынған жағындыны бактериоскопиялық зерттеу * қынап сұйықтығын бактериоскопиялық зерттеу
23. Созылмалы пиелонефриті бар жүкті әйел, жүктіліктің 24 аптасында дене қызуының 38°С дейін жоғарылауына, жиі зәр шығаруына шағымданады, лейкоцитурия – 25 көру алаңында, бактериурия. Бұл клиникалық көрініс сәйкес келеді: * зәр тас ауруына * жедел гломерулонефритке * гестациалық пиелонефритке * созылмалы пиелонефритке * + созылмалы пиелонефриттің өршуі
24. Жүктіліктің I триместрінде жедел пиелонефритті емдеу үшін келесі антибактериальды препараттарды тағайындауға болады: * макролидтер * фторхинолондар * цефалоспориндер * аминогликозидтер * + жартылай синтетикалық пенициллиндер
25. Бүйректің келесі аурулары жүктілікті ары қарай жалғастыруға қарсы көрсеткіштерінің бірі болып табылады: * зәр тас ауруы * гестациялық пиелонефрит * созылмалы калькулезді пиелонефриттің өршуі * + жалғыз бүйректің пиелонефриті * созылмалы пиелонефриттің өршуі
26. Бүйрек ауруы бар жүкті әйелдердің жүктілігін үзуге негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады: * гидронефроз * бактериурия * зәрқышқыл диатезі * + азотемиясы бар пиелонефрит * созылмалы пиелонефриттің өршуі
27. Бүйректің шумақшалы аппаратының зақымдалуымен жүретін инфекциялық-аллергиялық ауруы аталады: * цистит * уретрит * пиелонефрит * + гломерулонефрит * зәр тас ауруы
28. Жүкті әйелдердегі гломерулонефриттің кездесу жиілігі құрайды (%): * 0,001-0,002 * 0,01-0,02 * + 0,1-0,2 * 1-2 * 10-20
29. Әйелдер кеңесіне созылмалы гломерулонефриті бар жүкті әйел жүктілік мерзімінің 10 аптасында келді. Жүктілікті ары қарай жалғастыру тұралы сұрақтарды шешу үшін зерттеу қажет келесі жағдайда : * емханада * күндізгі стационар жағдайында * әйелдер кеңесі жағдайда * + нефрология бөлімшесінде * жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінде
30. Микропротеинурия, микрогематурия, цилиндрурия – симптомдары созылмалы гломерулонефриттің келесі түрлеріне тән: * нефротикалық * гипертониялық * аралас * + латентті * жедел
31. Ісіну, гипопротеинемия, протеинурия, гиперхолестеринемия – симптомдары созылмалы гломерулонефриттің келесі түрлеріне тән: * гипертониялық * + нефротикалық * аралас * латентті * жедел
32. Гипертензия, протеинурия, гематурия, цилиндрурия, ісіну – симптомдары созылмалы гломерулонефриттің келесі түрлеріне тән: * гипертониялық * нефротикалық * + аралас * латентті * жедел
33. Өмір сүру болжамы қолайсыз болып табылатын созылмалы гломерулонефриттің формасы: * нефротикалық * гипертониялық * + аралас * латентті * жедел
34. Зәр шығару жүйесінің келесі патологиясында жүктілікті жалғастыруға қарсы көрсеткіш болып табылады: * Зәр тас ауруы, бүйректік шаншу * Гломерулонефриттің нефротоксикалық түрі * Созылмалы пиелонефриттің өршу сатысы * +Гломерулонефриттің аралас түрі * Гломерулонефриттің латентті түрі
35. Созылмалы гломерулонефриттің келесі формасы жүктілікті ары қарай жалғастыруға қарсы көрсеткіштерінің бірі болып табылады: * гипертониялық * нефротикалық * + аралас * латентті * жедел
36. Артериальды қан қысымының жоғарылауы, көз түбіндегі өзгерістер, сол қарыншаның гипертрофиясы, қолқа үстіндегі 2-тонның акценті – симптомдары созылмалы гломерулонефриттің келесі түріне тән: * + гипертониялық * нефротикалық * аралас * латентті * жедел
37. Созылмалы гломерулонефриті бар жүкті әйелдерде неғұрлым жиі болатын асқынулар: * +Преэклампсия * Плацентаның жатуы * Мерзімінен бұрын босану * Нәрестенің жамбаспен жатуы * Жедел бүйрек жетіспеушілігі
38. Алғашқы қаралуға келген соматикалық дені сау жүкті әйелде зәрдің ортаңғы порциясының бактериологиялық зерттеу анализінде 1мл-де 106 микроб денелері анықталды. Бұл клиникалық көрініс сәйкес келеді: * зәр тас ауруына * жедел пиелонефритке * гестациалық пиелонефритке * + симптомсыз бактериурияға * созылмалы пиелонефриттің өршуіне
39. Әйелдер кеңесіне 2 жыл бұрын гидронефрозға байланысты оң бүйрегін алдырған жүкті әйел жүктіліктің 8 аптасында келді. Жүктілікті ары қарай жалғастыру тұралы сұрақтарды шешу үшін зерттеп тексеру қажет: * емханада әйелдер кеңесі жағдайында * күндізгі стационар жағдайында * әйелдер кеңесі жағдайында патологиясы бөлімшесінде * + нефрология бөлімшесінде * патология бөлімшесінде
40. Таңғы зәрдің ортаңғы порциясындағы формалық элементтердің санын анықтау сынамасы аталады: * Адисса-Каковского * + Нечипоренко * Зимницкий * Манту * Пирке
41. Таңғы зәрдің 10-12 сағат ішінде формалық элементтердің санын анықтау сынамасы аталады: * + Адисса-Каковского * Нечипоренко * Зимницкий * Манту * Пирке
42. Тәулік бойы жиналған зәрдің сапалық және көлемдік сынамасы аталады: * Адисса-Каковского * Нечипоренко * +Зимницкий * Манту * Пирке
43. Жүкті әйелде Нечипоренко сынамасы бойынша зәр анализінде анықталды: лейкоциттер - 4000, эритроциттер - 1000, цилиндр 0-1 көру алаңында, бұл келесі клиникалық көрініске сәйкес келеді: * + қалыпты * пиелонефрит * гломерулонефрит * преэклампсия * зәр қышқыл диатезі
44. Жүкті әйелде Нечипоренко сынамасы бойынша зәр анализінде анықталды: лейкоциттер - 8000, эритроциттер - 1000, цилиндр 2-4 көру алаңында, бұл нәтиже келесі нозологияға сәйкес келеді: * қалыпты * + пиелонефрит * гломерулонефрит * преэклампсия * зәр қышқыл диатезі
45. Жүкті әйелде Нечипоренко сынамасы бойынша зәр анализінде анықталды: лейкоциттер - 3000, эритроциттер - 7000, цилиндр 5-6 көру алаңында, бұл нәтиже келесі нозологияға сәйкес келеді: * қалыпты * пиелонефрит * + гломерулонефрит * преэклампсия * зәр қышқыл диатезі
46. Дені сау адамда зәрдің таңертеңгі порциясының салыстырмалы тығыздығы тербеледі: * 1,005 - 1,014; * + 1,015 - 1,026; * 1,027 - 1,030; * 1,031 - 1,035; * 1.036 - 1,046.
47. Ұрықтың қалқанша безі жүктіліктің келесі мерзімінде қызмет атқара бастайды (апта): * 5-11 * + 12-16 * 17-22 * 23-32 * 33-40
48. Тахикардия, ашуланшақтық, қолдың дірілдеуі, тершеңдік – симптомдары қалқанша безінің келесі патологиясына тән: * диффузды токсикалық зоб * аутоиммунды тиреоидит * + түйінді токсикалық зоб * гипотиреоз * эндемиялық зоб
49. Әлсіздік, ұйқышылдық, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, терінің құрғауы, тұрақты іш қату – симптомдары қалқанша безінің келесі патологиясына тән: * диффузды токсикалық зоб * аутоиммунды тиреоидит * түйінді токсикалық зоб * + гипотиреоз * эндемиялық зоб
50. Терісі ісінген, құрғақ, бас сүйегінің «пергаменттілігі», үнемі аузының ашық болуы, гипорефлексия – симптомдары қалқанша безінің келесі патологиясына тән: * диффузды токсикалық зоб * аутоиммунды тиреоидит * түйінді токсикалық зоб * + жаңа туылған баланың гипотиреозы * эндемиялық зоб
51. Қалқанша безінің патологиясы бар жүкті әйелдерге хирургиялық ем келесі ауруларда көрсетіледі: * диффузды токсикалық зоб * аутоиммунды тиреоидит * + түйінді токсикалық зоб * гипотиреоз * эндемиялық зоб
52. Диффузды токсикалық зобы және түйінді зобы бар жүкті әйелдерге хирургиялық емді жүктіліктің келесі мерзімдерінде жасаған жөн болып табылады (апта): * 5-11 * + 12-14 * 17-22 * 23-28 * 29-32
53. Қалқанша безінің патологиясы бар жүкті әйелдердің хирургиялық емінің көрсеткіштерінің бірі болып табылады: * + диффузды токсикалық зобтың орташа дәрежесі * аутоиммунды тиреоидит * түйінді токсикалық зоб * гипотиреоз * эндемиялық зоб
54. Жүктілікті ары қарай жалғастыру қалқанша безінің келесі патологиясында қарсы көрсеткіш болып табылады: * диффузды токсикалық зобтың жеңіл дәрежесі * диффузды токсикалық зобтың орташа дәрежесі * + диффузды токсикалық зобтың ауыр дәрежесі * аутоиммунды тиреоидит * эндемиялық зоб
55. Тиреотоксикозы бар жүкті әйелдерде кездесетін асқыну болып табылады: * мерзімінен асып босану * гипотония * анемия * + жүктілікті көтере алмаушылық * көпсулық, азсулық
56. . Диффузды-токсикалық зоб кезінде неғұрлым жиі байқалады: * Энофтальм * Микседема * +Экзофтальм * Терінің құрғауы * Психикалық өзгерістер
57. Жүкті әйелде қант диабетінің жеңіл дәрежесінде глюкозаның деңгейі сәйкес келеді (ммоль/л): * + 7,7 * 7,8 * 7,9 * 8,0 * 8,1
58. Жүкті әйелде қант диабетінің орташа дәрежесінде глюкозаның деңгейі сәйкес келеді (ммоль/л): * 7,7 * 11,9 * + 12,0 * 12,9 * 13,0
59. Жүкті әйелде қант диабетінің ауыр дәрежесінде глюкозаның деңгейі сәйкес келеді (ммоль/л): * 7,7 * + 12,7 * 13,7 * 14,7 * 15,7
60. Қант диабеті бар босанушы әйелдерде босанудың 2- кезеңінде жиі кездесетін асқынулар болып табылады: *+ иықтарының дистоциясы a. қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі b. қарқынды босану әрекеті c. плацентаның жатуы d. жатыр мойнының дистоциясы
61. Анамнезінде қант диабеті бар жүкті әйелде жүктіліктің 8-9 аптасында қанның биохимиялық анализінде глюкоза деңгейі 6,6 ммоль/л, глюкозурия байқалады. Бұл клиникалық көрініс келесі патологияға сәйкес келеді: a. диабет алды b. гестациялық диабет *+ қант диабетінің жеңіл дәрежесі c. қант диабетінің орташа дәрежесі d. қант диабетінің ауыр дәрежесі
62. Госпитализация кезінде қант диабеті бар жүкті әйелде жүктіліктің 25-26 аптасында жағдайының ауырлығы, есінің анық болмауы, аузынан ацетон иісінің шығуы байқалады. Бұл клиникалық көрініс келесі патологияға сәйкес келеді: *+ гипергликемилық комаға a. жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігіне b. бүйректік комаға c. Эклампсияға d. Гипогликемиялық комаға
63. Қант диабеті бар жүкті әйелдерде кездесетін асқынуларының бірі болып табылады: a. гипотония b. анемия *+ преэклампсия c. нәресте дамуының кідіруі d. азсулық
64. Қант диабеті бар жүкті әйелде жүктіліктің 28-29 аптасында 20 Б инсулин инъекциясын қабылдағаннан кейін 30 минуттан соң жағдайының нашарлауы, әлсіздік, басының айналуы, тахикардия, аяқ қолдарының дірілдеуі байқалады. Объективті: ашу кенеген, беті гиперемияланған, АҚҚ 110/70 мм.с.б.б.,Ps 100 рет минутына, терісі ылғал. Бұл клиникалық көрініс келесі патологияға сәйкес келеді: a. преэклампсияға b. гипергликемиялық комаға *+ гипогликемиялық комаға c. эклампсияға d. бүйректік комаға
65. Қант диабеті бар жүкті әйелдерде жүктілікті ары қарай жалғастыру үшін 1-триместрде қарап тексеру қажет: a. әйелдер кеңесінде b. емханада c. жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінде *+ эндокринологиялық бөлімшеде d. күндізгі стационарда e.
|
|||
|