Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ерте токсикоздар. Жүктілікке байланысты гипертензия. Преэклампсия және эклампсия кезінде шұғыл көмек көрсету принциптері.



Ерте токсикоздар. Жүктілікке байланысты гипертензия. Преэклампсия және эклампсия кезінде шұғыл көмек көрсету принциптері.

 

1. Ерте токсикоздың даму себептеріне келесі қызметтердің бұзылыстары жатады:

*+ зат алмасудың нейроэндокринді реттелуінің

* зәр шығару жүйесінің

* асқазан-ішек жолдарының

* эндокринді жүйенің

* иммунды жүйенің

 

2. Жүкті әйелдерде ерте токсикоздың жеңіл дәрежесінде құсу жиілігі (рет):

*+ 5 ке дейін

* 10 ға дейін

* 15 ке дейін

* 3 реттен аз

* 20 дан көп

 

3. Жүкті әйелдерде ерте токсикоздың орташа дәрежесінде құсу жиілігі (рет):

* 5 ке дейін

*+ 10 ға дейін

* 15 ке дейін

* 3 реттен аз

* 20 дан көп

 

4. Жүкті әйелдерде ерте токсикоздың ауыр дәрежесіндегі құсу жиілігі (рет):

* 5 ке дейін

* 10 ға дейін

* 3 реттен аз

* 30 реттен көп

*+ 11 реттен көп

 

5. Жүкті әйелдердегі толассыз құсу түсінігі синониміне сәйкес келетін құсудың дәрежесі:

* Жеңіл

* Орташа

*+ Ауыр

* Компенсацияланған

* Декомпенсацияланған

 

6. Птиализм – жүктіліктің 1-жартысының асқынуы, ол сипатталады:

* құсумен

* жүрек айнумен

*+ сілекей ағумен

* иіс сезу бұзылысымен

* көңіл күйінің тұрақсыз болуымен

 

7. Құсудың жеңіл дәрежесінде жүкті әйелдерді бақылау және емдеу жүргізіледі, жағдайында:

* терапия бөлімшесі

*+ әйелдер кеңесі

* гинекология бөлімшесі

* жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі

* гастроэнтерология бөлімше

 

8. Жүктіліктің 1-жартысындағы токсикоздарға жатады:

* симфизиопатия

* жүкті әйелдердің ісінуі

*+ жүкті әйелдердің құсуы, птиализм

* жүктілікпен шақырылған гипертензия

* аяқ көктамырларының варикозды кеңеюі

 

9. Құсудың жеңіл дәрежесінде жүкті әйелдердің дене салмағының азаюы құрайды (кг)

* 0-0,9

* + 1-3 

* 4-6

* 7-9

* 10-12

 

10. Құсудың жеңіл дәрежесінде жүкті әйелдердің дене салмағының азаюы бастапқыдан аспайды (%):

*+5

* 7

* 9

* 11

* 20

 

11. Құсудың орташа дәрежесінде жүкті әйелдердің дене салмағының азаюы құрайды (кг)

* 0-2

* + 3-5 

* 6 -8

* 9-11

* 12-14

           

12. Құсудың орташа дәрежесінде жүкті әйелдердің дене салмағының азаюы бастапқыдан аспайды (%):

* 1-5

* +6-10

* 11-15

* 16-20

* 21-25

           

13. Толассыз құсу кезінде жүкті әйелдердің дене салмағының азаюы құрайды (кг):

* 1

* 2-3 

* 4

* 5

* + 5-тен көп

 

14. Толассыз құсу кезінде жүкті әйелдердің дене салмағының азаюы бастапқыдан аспайды (%):

* 1-3

* 4-5

* 6-7

* 8-9

* +10-нан жоғары    

 

15. Жүкті әйелдің толассыз құсуына, 2 аптаның ішінде 7 кг салмақ жоғалтуына, диурездің төмендеуіне байланысты жүргізілген қарқынды кешенді емнен нәтиже болмаған жағдайда, көрсетіледі:

* гемодиализ

* диетотерапия

* + жүктілікті үзу

* жүктілікті ары қарай жалғастыру

* детоксикацияның экстракорпоральды әдістері

           

16. Жүктіліктің 1 жартысындағы токсикоз кезіндегі сусызданудың ауырлық дәрежесі келесі деңгей бойынша анықталады:

* + гематокриттің

* гемоглобиннің

* тромбоциттердің

* эритроциттердің

* лейкоциттердің

 

17. Жүкті әйелдің птиализміне байланысты 2 аптаның ішінде 7 кг-ға арықтағанына, гипотонияға, тахикардияға 110 рет минутына, диурездің төмендеуіне, креатинин мен қалдық азоттың жоғарылауына, зәрдегі ацетонның (+++) пайда болуына байланысты жүргізілген қарқынды кешенді емнен нәтиже болмаған жағдайда, көрсетіледі:

* гемодиализ

* диетотерапия

* + жүктілікті үзу

* жүктілікті ары қарай жалғастыру

* детоксикацияның экстракорпоральды әдістері

 

18. Жүктіліктің 1-жартысындағы токсикоздың ауытқулы түріне жатады:

* жарық сезуінің бұзылуы

* көктамырлардың варикозды кеңеюі

* қозғалыс координациясының төмендеуі

* + дерматоз, гепатопатия, остеомаляция

* ұйқысыздық, қозғыштық, ашуланшақтық

 

19. Жүкті әйелде жүктіліктің 8 аптасында 1000 мл-ге дейін сілекей ағу, 2 аптада 3 кг салмақ жоғалтқаны, гипотония, минутына 110 ретке дейінгі тахикардия, диурез төмендеуі байқалады, қанда азот қалдығы мен креатинин мөлшері жоғарылаған, зәрде ацетон +++. Клиникалық көрініс келесі патологияға сәйкес:

* Ерте токсикоз. Жүктілік остеопатиясы.

* Ерте токсикоз. Жүктілікке байланысты құсу

* +Ерте токсикоз. Птиализм

* Жедел панкреатит

* Жедел дизентерия

 

20. Жүкті әйелде жүктіліктің 8 аптасында 1000 мл-ге дейін сілекей ағу, 2 аптада 3 кг салмақ жоғалтқаны, гипотония, минутына 110 ретке дейінгі тахикардия, диурез төмендеуі байқалды, қанда азот қалдығы мен креатинин мөлшері жоғарылаған, зәрде ацетон +++. Қойылған диагноз: Жүктіліктің 8-9 аптасы. Ерте токсикоз. Птиализм. Жүргізілетін іс-әрекет:

*+Госпитализация, кешенді дезинтоксикациялық, инфузиялық, жалпы жағдайды жақсартушы терапия

* Гастроэнтерологта диетотерапия, жалпы жағдайды жақсарту терапиясы

* Әйелдер кеңесінде диспансерлік бақылау

* Гастроэнтерология бөлімшесіне жатқызу

* Госпитализация, жүктілікті үзу

 

21. Егер, жүкті әйелдің қан қысымын, 30 минуттан кем емес аралықта екі рет өлшеуден кейін систолалық қысымы ≥140 мм.с.б.бнемесе диастоликалық қысымы ≥90 мм.с.б.б. болса, бұл – сәйкес келеді:

* Орташа артериалды гипертензияға

* +Жеңіл артериалды гипертензияға

* Ауыр артериалды гипертензияға

* Преэклампсияға

* Эклампсияға

 

22. Егер жүкті әйелдің қан қысымын, 30 минуттан кем емес аралықта екі рет өлшеуден кейін систолалық қысымы ≥160 мм.с.б.бнемесе диастоликалық қысымы ≥110 мм.с.б.б.болса, бұл – сәйкес келеді:

* Орташа артериалды гипертензия

* Жеңіл артериалды гипертензия

* +Ауыр артериалды гипертензия

* Преэклампсия

* Эклампсия

 

23. Жүктілік кезінде артериалдық гипертензияны дәлелдеу үшін қан қысымын екі рет келесі аралықта өлшеу керек:

* +30 минут

* 3 сағат

* 6 сағат

* 9 сағат

*12 сағат

 

24. Преэклампсия – бұл артериальды гипертензияға қосылған:

* цилиндрурия

* + протеинурия

* лейкоцитурия

* макрогематурия

* микрогематурия

           

25. Созылмалы артериалды гипертензиясы бар жүкті әйелдерде жиі кездесетін асқынулар болып табылады:

* Мерзімінен асқан жүктілік

* Өзіндік түсік

* Мерзімінен бұрын босану

* +Преэклампсия

* Көпсулық

 

26. Жүктілікке байланысты гипертензияның патогенезінде синтезінің жоғарылауы маңызды рөл атқарады:

* Пролактиннің

* Окситоциннің

*+Тромбоксанның

* Простациклиннің

* Простагландин Е-нің

 

27. Жүктілікпен шақырылған ісінулердің келесі диагностикалық белгілері:

* Ісінулер, қан қысымының жоғарлауы

* Ісінулер, протеинурия

* Ісінулер, бас айналу

* Ісінулер, тырысулар

* +Ісінулер

 

28. Жүктілікпен шақырылған гипертензияның, келесі диагностикалық белгісі:

* Ісінулер, бас айналу

*+ Қан қысымының жоғарлауы

* Қан қысымының жоғарлауы, ісінулер

* Қан қысымының жоғарлауы, тырысулар

* Қан қысымының жоғарлауы, протеинурия

 

29. Жүктіліктің 20-шы аптасынан бастап, босанғаннан кейін 6 апта ішінде қалпына келетін гипертензия аталады:

* Эклампсия

* Преэклампсия

* +Гестационды гипертензия

* Жүктілікпен шақырылған ісінулер

* Созылмалы артериалдық гипертензия

 

30. Жүктілікке дейін немесе жүктіліктің 20-шы аптасына дейін пайда болған және босанғаннан кейін 6 аптаға дейін сақталатын гипертензия, аталады:

* Эклампсия

* Преэклампсия

* Жүктілікпен шақырылған ісінулер

* Жүктілікпен шақырылған гипертензией

* + Созылмалы артериалдық гипертензия

 

31. Жүктіліктің 35 аптасында әйелдер кеңесіне қаралуға келген жүкті әйелдің қан қысымы 140/90 мм.с.б.б.-на көтерілуі байқалады. Жүргізілетін іс-әрекет:

* Дереу перзентханаға жатқызу

*+ АҚҚ өлшеуді 30 минуттан кейін қайталау

* Кардиологтың консультациясы

* Терапевттің консультациясы

* ЭКГ жасау

 

32. Жүкті әйелдерде жүктіліктің 2-жартысында артериалдық гипертензияға протеинурияның қосылуы аталады:

* эклампсия

* + преэклампсия

* жүктілікпен шақырылған ісінулер

* жүктілікпен шақырылған гипертензия

* созылмалы артериалдық гипертензия

 

33. Жүкті әйелде артериалдық қан қысымының жоғарлауымен және протеинуриямен көрінетін көпмүшелі синдром:

* Эклампсия

* + Преэклампсия

* Жүктілікпен шақырылған ісінулер

* Жүктілікпен шақырылған гипертензия

* Созылмалы артериалдық гипертензия

 

34. Преэклампсияның негізігі клиникалық көрінісі:

* протеинурия, бактериурия

* ісінулер, протеинурия, гематурия

* артериалдқы гипертензия, ісінулер

* артериалдқы гипертензия, цилиндрурия

* + артериалдық гипертензия, протеинурия

 

35. «Акушерия және неонатология бойынша ҚР ДСМ негізгі клиникалық хаттамалары мен бұйрықтарына» сәйкес (2010), преэклампсияның жеңіл дәрежесімен жүкті әйелге қажет:

* амбулаторлы ем

* + мұқият бақылау

* 1-ші деңгейдегі босануға көмектесетін мекемелерде емделу

* 2-ші деңгейдегі босануға көмектесетін мекемелерде емделу

* 3-ші деңгейдегі босануға көмектесетін мекемелерде емделу

 

36. Преэклампсияның жеңіл дәрежесінде, мерзімі жеткен жүктілікте және жатыр мойны Бишоп шкаласы бойынша -9 балл болса, көрсетіледі:

* +амниотомия, толғақ 2 сағаттан кейін болмаса – босануды қоздыру

* қағанақ қабының төменгі бөлігін саусақпен ажырату

* өзіндік босану әрекетін күту

* жоспарлы кесар тілігі

* шұғыл кесар тілігі

 

37. Преэклампсияның ауыр дәрежесіне тән:

* АҚҚ 130/80 мм.с.б.б., тәулігіне 0,033 грамм протеинурия

* АҚҚ 140/90 мм.с.б.б., тәулігіне 0,3 грамм протеинурия

* АҚҚ 150/90 мм.с.б.б., тәулігіне 0,3 грамнан көп протеинурия

* + АҚҚ 160/110 мм.с.б.б., тәулігіне 0,3 грамнан көп протеинурия

* АҚҚ 180/120 мм.с.б.б., талмалар, тәулігіне 3 грамм протеинурия

 

38. «Акушерия және неонатология бойынша ҚР ДСМ негізгі клиникалық хаттамалары мен бұйрықтарына» сәйкес (2010), преэклампсияның ауыр дәрежесімен жүкті әйелге қажет:

* амбулаторлық ем

* мұқият бақылау

* 1-ші деңгейдегі босануға көмектесетін мекемелерде емделу

* 2-ші деңгейдегі босануға көмектесетін мекемелерде емделу

* +3-ші деңгейдегі босануға көмектесетін мекемелерде емделу

 

39. Сульфат магний терапиясы және гипотензивті ем көрсетіледі:

* преэклампсияның жеңіл дәрежесінде

* + преэклампсияның ауыр дәрежесінде

* гестациялық гипертензияда

* жүктілікпен шақырылған ісінулерде

* созылмалы артериалдқы гипертензияда

 

40. Преэклампсияның ауыр дәрежесін емдеу кезіндегі магний сульфаттың патогенетикалық әсері:

* тыныштандыратын

* зәр айдайтын

* токолитикалық

* аурусыздандыратын

* + тырысуға қарсы

 

41. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде күттірмейтін көмек көрсетуде қолданатын негізгі препарат:

* допегит

* диазепам

* эуфиллин

* карбамазепин

* + магний сульфаты

 

42. «Акушерия және неонатология бойынша ҚР ДСМ негізгі клиникалық хаттамалары мен бұйрықтарына» сәйкес (2010), преэклампсияның ауыр дәрежесі диагнозы қойылған жағдайда, келесі сағаттар ішінде босандыруды жүргізу қажет:

* 1-6

* 7-12

* 13-18

* +24-48

* 49-72

 

43. Жүкті әйелде жүктіліктің 34 аптасында преэклампсияның ауыр дәрежесі диагнозы қойылғаннан кейін келесі уақыт аралығында босандыру дұрыс:

* 1-2 апта

* 3-4 апта

* 2-11 сағат

* 12-23 сағат

* +24-48 сағат

 

44. Преэклампсиямен түскен босанушы әйелде, магнезиалды ем оң нәтиже берсе, емді босанғаннан кейін жалғастыру керек (кем дегенда):

* 1 сағат

* + 1 тәулік

* 1 апта

* 1 ай

* 1 квартал

 

45. Эклампсиямен түскен босанушы әйелде магнезиалды ем оң нәтиже берсе, емді босанғаннан кейін жалғастыру керек (кем дегенда):

* 1 сағат

* +1 тәулік

* 1 апта

* 1 ай

* 1 квартал

 

46. Жүкті әйелде эклампсияға байланысты тырысуларда күттірмейтін көмек басталады:

* + сол жақ қырына жатқызу, механикалық асфиксияны болдырмаудан

* арқасымен жатқызу, жұмсақ тіндердің жарақаттарын болдырамаудан

* магнезиалды терапияны бастаудан

* промедолды көк тамырішіне енгізуден

* оттегі беруден

 

47. Жүктіліктің 34 аптасында қарқынды терапия бөлімшесінде эклампсиямен жатқан жүкті әйелге тырысуға қарсы және гипотензивті ем жүргізу кезінде, 6 сағаттан кейін тырысу ұстамасы қайталанды. Жағдайы тұрақталғаннан соң қынаптық тексеру жүргізілді: жатыр мойны Бишоп бойынша -5 балл. Жүргізілетін іс-әрекет:

* Симптоматикалық емдеу барысында жүктілікті жалғастыру

* 3 тәулік емдеу, нәтиже болмаған жағдайда-босандыру

* Босану әрекетін индукциялау

* +Шұғыл кесар тілігі

* Жоспарлы кесар тілігі

 

48. Жүктіліктің 37 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Босанудың І кезеңі. Нәресте өміріне қауіп төну диагнозы қойылған босанушы әйел үшін босанудың келесі түрі қарастырылады:

* Қынаптық

* Вакуум-экстракция

* Акушерлік қысқыш

* Жоспарлы кесар тілігі

* +Шұғыл түрде кесар тілігі

 

49. Оперативті босануға қарағанда, табиғи босану жолдары арқылы босану қолайлы болып саналады:

*+ преэклампсия кезінде

* аяқпен жатуда

* планцента жатуында

* нәрестенің көлденең орналасуында

* қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуында

 

50. Эклампсияға тән негізгі белгілердің бірі болып табылады:

* АҚҚ 180/110 мм.с.б.б. дейін көтерілуі

* бас ауруы

* протеинурия

* + талмалар

* ісінулер

 

51. Эклампсияның келесі диагностикалық белгісі бар:

* Ісінулер

* Ісінулер, протеинурия

* Ісінулер, бас айналу

* Эпилепсиядан туындаған тырысулар

* + Басқа патологиямен байланысы жоқ тырысулар 

 

52. Жүкті әйелдегі эпилепсия мен басқа да белгілі патологияларға байланыссыз жайылған тырысулар аталады:

* +Эклампсия

* Преэклампсия

* Жүктілікпен шақырылған ісінулер

* Созылмалы артериалдық гипертензия

* Жүктілікпен шақырылған гипертензия

 

53. Эклампсия, перэклампсияны емдеуде таңдамалы әдіс болып табылады:

* + Магнезиалды терапия

* Карбамазепин

* Эуфиллин

* Диазепам

* Допегит

 

54. Эклампсиямен түскен жүкті әйелге, магнезиалды емді бастау керек:

*+ дереу талмадан кейін

* талмадан 1 сағаттан кейін

* дереу босанғаннан кейін

* босанғаннан 2 сағаттан кейін

* талма кезінде

 

55. «Акушерия және неонатология бойынша ҚР ДСМ негізгі клиникалық хаттамалары мен бұйрықтарына» сәйкес (2010), зәрдегі белок деңгейінің 0,3 грамм/тәуліктен артық немесе 4 сағаттан кейін 2 рет алынған зәрде 0,3 грамм/литр болса, аталады:

* Бактериурия

* Цилиндурия

* + Протеинурия

* Лейкоцитурия

* Микрогематурия

 

56. «Акушерия және неонатология бойынша ҚР ДСМ негізгі клиникалық хаттамалары мен бұйрықтарына» сәйкес (2010), жүкті әйелде протеинурия болып есептеледі, зәрдегі белок деңгейі (грамм/тәулігіне) артық болғанда:

* 0,003

* 0,03

* +0,3

* 3,0

* 33

 

57. Жүкті әйелдің тәуліктік зәріндегі белоктың келесі деңгейі протеинурия ретінде бағаланады:

* 0,003 г және одан жоғары

* 0,03 г және одан жоғары

* +0,3 г және одан жоғары

* 3,0 г және одан жоғары

* 33,0 г және одан жоғары

 

58. «Акушерия және неонатология бойынша ҚР ДСМ негізгі клиникалық хаттамалары мен бұйрықтарына» сәйкес (2010), жүкті әйелде 4 сағаттан кейін 2 рет алынған зәрде келесі мөлшерде (грамм/литр) белок анықталса протеинурия болып саналады:

* 0,003 

* 0,03 

* + 0,3 

* 3,0

* 33 

 

59. «Акушерия және неонатология бойынша ҚР ДСМ негізгі клиникалық хаттамалары мен бұйрықтарына» сәйкес (2010), жүкті әйелдерде 4 сағаттан кейін келесі жиілікте зерттелген зәрдегі белоктың мөлшері 0,3 грамм/литрдан артық болса, протеинурия болып саналады:

* бір рет

* +екі рет

* үш рет

* төрт рет

* бес рет

 

60. Преэклампсия немесе эклампсияны емдеуде зерттелген, нәтижелі және қауіпсіз әдіс болып табылады:

* Допегит

* Диазепам

* Эуфиллин

* Карбамазепин

* +Магнезиалды терапия

 

61. Преклампсия мен эклампсияны емдеу үшін қолданылатын тырысуға қарсы әсерлі препарат:

* Диуретик

* Эуфиллин

* Спазмолитик

* +Магний сульфаты

* Шүйгіншөп (валериана) тұнбасы

 

62. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде, талмаға қарсы симптоматикалық емде қолданылатын, 10-15 минут ішінде көк тамырға баяу енгізілетін 25% -20,0 сульфат магний ерітіндісіне сәйкес келетін құрғақ зат салмағы(грамм):

* 1

* 3

* +5

* 7

* 8

 

63. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде, мерзімі жеткен жүктілікте және Бишоп шкаласы бойынша 5 балл болса, магнезиалды терапиямен бір мезетте келесі шара көрсетіледі:

* амниотомия, толғақ 2 сағаттан кейін болмаса – босануды қоздыру

* өзіндік босану әрекетін күту

* шұғыл түрде кесар тілігі

* + простагландиндермен босануды индукциялау

* жоспарлы түрде кесар тілігі

 

64. Преэклампсиясы бар жүкті әйелде жүктіліктің 32 аптасында плацентаның мезгілінен бұрын сылыну белгілері пайда болды. Перзентханаға шұғыл түрде жатқызылды. Жүргізілетін іс-әрекет:

* Преэклампсияның қарқынды терапиясы және босануды индукциялау

* Қарқынды терапия және жүктілікті сақтау

* Босануды қоздыру мен босануды ынталандыру

*+Шұғыл түрде кесар тілігі

* Жоспарлы түрде кесар тілігі

 

65. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде немесе эклампсияда талмаға қарсы симптоматикалық емде қолданылатын, 10-15 минут ішінде көк тамырға баяу енгізілетін  сульфат магнийдың 5 грамм құрғақ затына сәйкес келетін ерітінді мөлшері:

* 25% -5,0

* 25% -10,0

* 25% -15,0

* +25% -20,0

* 25% -25,0

           

66. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде немесе эклампсияда талмаға қарсы симптоматикалық емде қолданылатын, сульфат магнийдың 5 грамм құрғақ заты, көк тамырға баяу және келесі уақыт аралығында енгізіледі:

* 1-9

* +10-15

* 16-20

* 20-25

* 26-30

 

67. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде немесе эклампсияда талмаға қарсы симптоматикалық емде қолданылатын, сульфат магнийдың 5 грамм құрғақ заты, келесі әдіс бойынша енгізіледі:

* + көк тамырға баяу

* көк тамырға тез

* көк тамырға тамшылатып

* бұлшықетке баяу

* энтералды

 

68. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде немесе эклампсияда талмаға қарсы симптоматикалық ем мақсатында, көк тамырға үздіксіз енгізілетін, сульфат магний ерітіндісінің енгізу уақытының ұзақтығы (сағат):

* 1-11

* +12-24

*25-36

* 37-48

* 49-60

 

69. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде немесе эклампсияда талмаға қарсы симптоматикалық емдеу мақсатында қолданылатын магний сульфатының сүйемелдеуші мөлшерінің құрғақ заты, келесі мөлшерді құрайды (грамм/сағат):

* +1-2

* 3-4

* 5-6

* 7-8

* 9-10

 

70. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде немесе эклампсияда талмаға қарсы симптоматикалық емдеу мақсатында қолданылатын магний сульфатының сүйемелдеуші мөлшері, физиологиялық ерітіндінің келесі мөлшеріне ерітіледі:

* +25% -80,0 МgSO4 + 0,9%-320,0 NaCl

* 25% -70,0 МgSO4 + 0,9%-330,0 NaCl

* 25% -60,0 МgSO4 + 0,9%-340,0 NaCl

* 25% -50,0 МgSO4 + 0,9%-350,0 NaCl

* 25% -40,0 МgSO4 + 0,9%-360,0 NaCl

 

71. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде немесе эклампсияда талмаға қарсы симптоматикалық емдеу мақсатында қолданылатын 320,0 физиологиялық ерітіндісіндегі 25%-80,0  магний сульфатының сүйемелдеуші мөлшері, енгізіледі:

* энтеральді

* артерияішілік

* көктамырға үздіксіз

* +көктамырға тамшылатып

* бұлшықетке баяу

 

72. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде немесе эклампсияда талмаға қарсы симптоматикалық емдеу мақсатында қолданылатын, 1 сағатта 1 грамм құрғақ затқа сәйкес келетін, 320,0 физиологиялық ерітіндісіндегі 25%-80,0 магний сульфатының сүйемелдеуші мөлшерін, көктамырға тамшылатып енгізу жылдамдығы құрайды (тамшы/сағат):

* +11

* 22

* 33

* 44

* 55

 

73. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде немесе эклампсияда талмаға қарсы симптоматикалық емдеу мақсатында қолданылатын, 1 сағатта 2 грамм құрғақ затқа сәйкес келетін, 320,0 физиологиялық ерітіндісіндегі 25%-80,0 магний сульфатының сүйемелдеуші мөлшерін, көктамырға тамшылатып енгізу жылдамдығы құрайды (тамшы/сағат):

* 11

* +22

* 33

* 44

* 55

 

 

74. Жүктіліктің 36 аптасында, преэклампсияның ауыр дәрежесін 24 сағат көлемінде емдеу нәтижесіз болды, жатыр мойнын простагландиндермен босануға дайындағаннан кейін, жатыр мойны «жетілмеген» (Бишоп бойынша – 5 балл), нәрестенің жүрек соғысы анық, минутына 140 рет. Жүргізілетін іс-әрекет:

* амниотомия жасау

* босануды индукциялау

* + кесар тілігін жасау

* консервативті емді 48 сағаттқа дейін жалғастыру

* жатыр мойнын дайындауды 24 сағатқа дейін жалғастыру

 

75. Преэклампсиямен босанушы әйелде босануды ауырсыздандыру әдісі:

* + перидуралды анестезия

* эндотрахеалды наркоз

* спиналды анестезия

* маскалық наркоз

* промедол енгізу

 

76. Эклампсия кезінде талманың басталғаннан келесі уақыттан кешіктірмей босандыру қажет (сағат):

* 1

* 6

*+12

* 18

* 24

 

77. Эклампсия кезінде, талмаға қарсы симптоматикалық емде қолданылатын, 10-15 минут ішінде көк тамырға баяу енгізілетін 25% -20,0 сульфат магний ерітіндісіне сәйкес келетін құрғақ зат салмағы(грамм):

* 1

* 3

* +5

* 7

* 8

 

78. Жүкті әйел жүктіліктің 32 аптасында жедел жәрдем көмегімен перзентханаға ес-түссіз келіп түсті. Туысқандарының айтуы бойынша, үйде талма ұстамалары болған. Объективті: жағдайы ауыр, ес-түссіз, АҚҚ 180/120 мм.с.б.б., бүкіл денесіне жайылған ісінулер байқалады, зәрінде-протеинурия - 3,0 г/л. Нәрестенің жүрек соғысы минутына 140 рет. Қосымша диагноз:

* Эпилепсия, Кома

* Гломерулонефрит

* +Эклампсия, Кома

* Преэклампсияның ауыр дәрежесі

* Жүктілікпен шақырылған гипертензия

 

79. Жүкті әйелде жүктіліктің 32 аптасында жағдайы ауыр, ес түссіз, артериалдық қан қысымы 180/100 мм.с.б.б, жайылған ісіну, диурез төмендеген, жатыры қозбаған, нәресте ұзынынан орналасқан, басымен жатыр, нәрестенің жүрек соғысы минутына 140 рет, анық, ретті. Жүктіліктің 32 аптасына қосымша диагнозы:

*+ Эклампсия. Кома

* Вирусты менингит

* Преэклампсияның ауыр дәрежесі

* Жедел бүйрек жетіспеушілігі

* Жедел ми қанайналысының бұзылысы

 

80. HELLP синдромы келесі патологияның асқынуы болып табылады:

* +преэклампсияның

* ерте токсикоздың

* гестациалық пиелонефриттің

* жүктілікпен шақырылған ісіктің

* созылмалы артериалды гипертензияның

 

81. Эритроциттің гемолизі, бауыр ферменттерінің концентрациясының жоғарылауы, тромбоцитопения – бұл келесі патологияның негізгі белгілері:

* преэклампсияның

* ерте токсикоздың

* + HELLP – синдромның

* жүктілікпен шақырылған ісінудің

* созылмалы артериалды гипертензияның

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.