|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Нефрологиядағы клиникалық симптомдар мен синдромдар тақырыбына арналған тест сұрақтары⇐ ПредыдущаяСтр 12 из 12 Нефрологиядағы клиникалық симптомдар мен синдромдар тақырыбына арналған тест сұрақтары Бір дұрыс жауапты таңдаңыз:
1. Ісіну жайлы не дұрыс емес: 1) үнемі олигоануриямен жүреді 2) қуыстарда сұйықтықтың пайда болуы 3) ағзадағы жалпы сұйықтықтың көбеюі 4) ағзаның белгілі бір бөлімінде сұйықтықтың көбеюі 5) қанның сұйық бөлімінің жасуша аралық тінге өтуі
2. Ісінудің себебіне жатпайды: 1) бүйрек аурулары 2) бауыр жетіспеушілігі 3) тұз жоғалтушы синдром 4) аллергиялық реакциялар 5) жүрек-қантамыр жүйесінің жетіспеушілігі
3. Бүйрек ауруы кезіндегі ісінудің себебі: 1) тұздың көп жоғалуы 2) тамақпен тұзды шектеу 3) тамақпен нәруыздардың аз түсуі 4) аммоний хлориді секрециясының төмендеуі 5) несеппен нәруыздардың жоғалуы нәтижесінде гипопротеинемия дамуы
4. Бүйрек ауруы кезіндегі ісінудің себебі: 1) тұздың көп жоғалуы 2) тамақпен тұзды шектеу 3) натрийдің ағзада іркілуі 4) тамақпен нәруыздардың аз түсуі 5) аммоний хлориді секрециясының төмендеуі
5. Бүйрек ауруы кезінде ісіну пайда болады: 1) тек бетте 2) барлық денеде 3) бел аймағында 4) тек дененің төменгі бөлімінде 5) тек дененің жоғарғы бөлімінде
6. Бүйректік ісіну екендігін анықтауға болады: 1) диурез азаюы бойынша 2) несептегі өзгерістер бойынша 3) қандағы өзгерістер бойынша 4) дененің әр бөліміндегі томпаюлар бойынша 5) жұмсақ тіндерді басқанда қалатын ойық бойынша
7. Асцит қандай кезде дамымайды: 1) бауыр ауруларында 2) бүйрек ауруларында 3) жүйелі аурулар кезінде 4) аллергиялық реакцияларда 5) жүрек-қантамыр жүйесінің жетіспеушілігінде
8. Бүйрек аурулары кезіндегі ісінудің даму механизмі: 1) катехоламиндер синтезінің жоғарылауы 2) нәруыз синтезі төмендеуі және гипопротеинемия 3) ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі 4) антидиуретикалық гормон секрециясының бұзылуы 5) жүрекшелік натриуретикалық пептид синтезінің төмендеуі
9. Артериялық гипертензия даму механизміне қатыспайды: 1) азот тотығының синтезінің төмендеуі 2) простагландиндер синтезінің төмендеуі 3) туған кезде нефрондар санының көп болуы 4) ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі 5) өзекшелерде натрий реабсорбциясының жоғарылауы
10. Артериялық гипертензия дамуына әкеледі: 1) ұзақ тұзсыз тамақтану 2) тұз жоғалтушы синдром 3) ұзақ нәруызды тамақтану 4) АГ-ға генетикалық бейімділік 5) вазопрессин секрециясының төмендеуі
11. «Нефритикалық синдром» түсінігіне не кірмейді: 1) креатинин денгейінің өсуі 2) ісіну (тығыз, жиі шамалы түрде) 3) гематурия, макрогематурияға дейін 4) протеинурия 4,0г/тәулігіне, гипопротеинемия 50г/л төмен емес 5) протеинурия 2,0г/тәулігіне дейін, қан сарысуында нәруыз қалыпты
12. «Нефритикалық синдром» кезінде үнемі болуы керек симптом: 1) ісіну 2) гематурия 3) протеинурия 4) гиперкреатининемия 5) артериялық гипертензия
13. «Нефротикалық синдром» түсінігіне кірмейді: 1) ісіну 2) гематурия 3) протеинурия 4) гиперхолестеринемия 5) гипо-, диспротеинемия
14. «Нефротикалық синдром» түсінігіне кірмейді: 1) ісіну 2) протеинурия 3) гиперхолестеринемия 4) гипо-, диспротеинемия 5) артериялық гипертензия
15. «Нефротикалық синдром» түсінігіне кірмейді: 1) ісіну 2) протеинурия 3) гиперхолестеринемия 4) үдемелі бүйрек жетіспеушілігі 5) гипопротеинемия, диспротеинемия
16. «Тез үдемелі гломерулонефрит» кезінде болмауы да мүмкін симптом: 1) микро-, макрогематурия 2) артериялық гипертензия 3) мочевина денгейінің өсуі 4) қалдық азот денгейінің өсуі 5) креатинин денгейінің үдемелі түрде өсуі
17. «Тез үдемелі гломерулонефрит» кезінде үнемі болады: 1) бактериурия 2) цилиндрурия 3) лейкоцитурия 4) артериялық гипертензия 5) гематурия және бүйрек жетіспеушілігі
18. Жекеленген несептік синдром қандай гломерулярлы аурудың жиі көрінісі болып табылады: 1) IgA-нефропатияның 2) мембранозды нефропатияның 3) минимальді өзгерістер ауруының 4) фокальді-сегменттік гломерулосклероздың 5) мембрана-пролиферативті гломерулонефриттің
19. Жекеленген несептік синдром қандай гломерулярлы аурудың жиі көрінісі болып табылады: 1) тұқым қуалайтын нефриттің 2) мембранозды нефропатияның 3) минимальді өзгерістер ауруының 4) фокальді-сегменттік гломерулосклероздың 5) мембрана-пролиферативті гломерулонефриттің
20. Жекеленген несептік синдром (гематурия ± протеинурия) қандай гломерулярлы аурудың жиі көрінісі болып табылады: 1) мембранозды нефропатияның 2) минимальді өзгерістер ауруының 3) жұқа базальді мембрана ауруының 4) фокальді-сегменттік гломерулосклероздың 5) мембрана-пролиферативті гломерулонефриттің
21. Жекеленген несептік синдром қандай ауруға тән емес: 1) IgA-нефропатияға 2) несеп- тас ауруына 3) тұқым қуалайтын нефритке 4) өспелерге, бүйрек туберкулезіне 5) НС көрінетін минимальді өзгерістер ауруына
22. Тез үдемелі гломерулонефрит келесі үш түрде кездеседі: 1) олигоиммуннды нефрит, ФСГС және IgA-нефропатия 2) ФСГС, иммунокомплексті біріншілік және екіншілік ГН 3) минимальді өзгерістер ауруы, люпус-нефрит және IgA-нефропатия 4) бүйрек амилоидозы, криоглобулинемиялық және тұқым қуалайтын нефрит 5) иммунокомплексті, олигоиммуннды және ГБМ қарсы антиденелері бар ГН
23. Нефротикалық синдром патогенезіне кірмейді: 1) РААЖ белсенуі 2) шумақ жасушаларының пролиферациясы 3) шумақтық фильтрация жылдамдығының төмендеуі 4) иммуннды комплекстердің түзілуі, базальді мембрана қалыңдауы 5) жасушалар пролиферациясынсыз базальді мембранада «тікендердің» пайда болуы
24. Нефротикалық синдром патогенезіне кірмейді: 1) подоциттер аяқшаларының жоғалуы 2) шумақ жасушаларының пролиферациясы 3) гиперкоагуляция, тромбозға бейімділік 4) гипоальбуминемияға байланысты гиперхолестеринемия 5) жоғары протеинурия және гипоальбуминемияға байланысты ісіну
25. Түтікшелік-интерстициялықі синдромға кірмейді: 1) полиурия, полидипсия 2) ісіну және артериялық гипертензия 3) гипо-, изостенурия, тубулярлы протеинурия 4) анемияның ерте дамуы, өзекшелер дисфункциясы 5) сүйек-минеральді бұзылыстары және физикалық дамудың кешігуі
26. Гломерулярлы синдромға кірмейді: 1) ісіну 2) артериялық гипертензия 3) шумақтық фильтрация жылдамдығының төмендеуі 4) айқын гломерулярлы протеинурия 5) тубулярлы протеинурия, физикалық дамудың кешігуі
27. Преренальді бүйректің жедел жеткіліксіздігінің себебі болып табылады 1) барлық жауап дұрыс 2) жедел урогенді инфекция 3) нефротоксикалық заттардың әсері 4) өзекшелердің кристалдармен бітелуі 5) бүйрек қан айналымының кенет төмендеуі
28. Ренальді бүйректің жедел жеткіліксіздігі дамиды 1) травмалық шак кезінде 2) несеп жолдарының бітелуі кезінде 3) эксикозбен жүретін диарея кезінде. 4) нефротоксикалық заттардың әсерінен 5) бүйрек тамырларының зақымдануы кезінде
29. Постренальді бүйректің жедел жеткіліксіздігі дамиды 1) травмалық шак кезінде 2) несеп жолдарының бітелуі кезінде 3) эксикозбен жүретін диарея кезінде. 4) нефротоксикалық заттардың әсерінен 5) бүйрек тамырларының зақымдануы кезінде
30. Балалардағы бүйректің жедел жеткіліксіздігінің ең жиі себебі: 1) шок 2) сусыздану 3) гломерулонефрит 4) папиллярлы некроз 5) бүйректің дәрәлік заттармен зақымдануы
31. Сарғаюсыз бүйректің жедел жеткіліксіздігі дамиды: 1) лептоспироз кезінде 2) саңырауқұлақпен улану кезінде 3) жедел гломерулонефрит кезінде 4) қан тобы сәйкессіз қан құю кезінде 5) гемолитеко-уремиялық синдром кезінде
32. Гемолитеко-уремиялық синдром дамиды: 1) шок кезінде 2) ауыр гемолиз кезінде 3) нитратпен улану кезінде 4) тамыр ішілік қан ұю кезінде 5) саңырауқұлақпен улану кезінде
33. Шок кезіндегі бүйректің жедел жеткіліксіздігінің себебі: 1) вегетативті бұзылыстар 2) қосарласқан инфекция 3) АГ-АТ комплексінің түзілуі 4) артериялық қан қысымының түсуі 5) зақымданған тіндерден шыққан токсикалық заттардың әсерінен
34. Бүйректің жедел жеткіліксіздігі қандай дәрілік заттарды қолданғанда жиі дамиды: 1) макролидтерді 2) пиницилиндерді 3) тетрациклиндерді 4) цефалоспориндерді 5) аминогликозидтерді
35. Бүйректің жедел жеткіліксіздігі кезінде олигоурия кезеңі шамамен қанша уақытқа созылыды: 1) бір ай 2) бір жыл 3) 1-2 апта 4) бірнеше сағат 5) бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейін
36. Анурия қай жағдайда сирек кездеседі: 1) кортикальді некроз кезінде 2) тамырлық зақымданулар кезінде 3) жедел өзекшелер некрозы кезінде 4) несеп жолдарының бітелуі кезінде 5) гломерулонефрит немесе васкулит кезінде
37. Бүйректің жедел жеткіліксіздігінің диурез қалыптасуы кезеңіне тән: 1) полиурия 2) олигоурияя 3) изостенурия 4) несеп анализінің түзелуі 5) несептің меншікті салмағының жоғарылауы
38. Бүйректің жедел жеткіліксіздігінің диурез қалыптасуы кезеңінде науқасқа қауіп тудырады: 1) өкпе ісінуі 2) гипокалиемия 3) гипергидратация 4) уремиялық перикардит 5) уремиялық энцефалопатия
39. Бүйректің жедел жеткіліксіздігінің диурез азаю сатысында науқасқа қауіп тудырады: 1) өкпе ісінуі 2) гипокалиемия 3) дегидратация 4) гипокальциемия 5) артериялық гипотензия
40. Бүйректің жедел жеткіліксіздігі кезінде тікелей науқас өміріне қауіп төндіретін және тез арада коррекцияны талап ететін жағдай: 1) гиперурикеия 2) гиперкалиемия 3) гирерфосфатемия 4) қанда мочевина көлемінің өсуі 5) қанда креатинин көлемінің өтуі
41. Ауыр бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі және бақыланбайтын артериялық гипертониясы бар науқастың плазмасындағы ренин көлемі: 1) төмендеген 2) жоғарлаған 3) өзгермеген 4) ешқандай заңдылық жоқ 5) жедел диализ көмектеседі
42. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі кезіндегі анемияның негізгі себебі: 1) гемолиз күшеюі 2) уремиялық зақымдану 3) геморрагиялық синдром 4) өзгерген эритроциттердің өндірілуі 5) эритропоэтин өндірілуінің төмендеуі
43. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігіне тән: 1) гипокальциемия және гипофосфатемия 2) гипокальциемия және гиперфосфатемия 3) гиперкальциемия және гипофосфатемия 4) гиперкальциемия және гиперфосфатемия 5) гиперкальциемия және нормофосфатемия
44. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі кезінде паратгормон денгейі: 1) қалыпты 2) төмендейді 3) жоғарлайды 4) рНқа байланысты 5) артериялық қан қысымына байланысты
45. Бүйректің созылмалы ауруының үдеуінің негізгі механизмі: 1) тробоцитопения 2) гиперфильтрация 3) гиперхолестеринемия 4) қабыну үрдісінің басымдығы 5) иммуннды жағдайдың жеткіліксіздігі
46. Бүйректің созылмалы ауруының қанша сатысы бар және қандай көрсеткіш бойынша бөлінеді: 1) 5 сатысы бар цистотин С бойынша 2) 3 сатысы бар креатинин бойынша 3) 3 сатысы бар радиоизотопты зерттеу бойынша 4) 4 сатысы бар шумақтық фильтрация жылдамдығы бойынша 5) 5 сатысы бар шумақтық фильтрация жылдамдығы бойынша
47. Функциональді протеинурия деген не: 1) бүйрек жетіспеушілігі кезіндегі протеинурия 2) физикалық жүктеме кезінде дамитын протеинурия 3) тублоинтерстициялық аурулар кезіндегі пртеинурия 4) бүйрек қызметінің бұзылыстарымен жүретін гломерулонефрит кезіндегі протеинурия 5) бүйрек қызметінің бұзылысынсыз жүретін гломерулонефрит кезіндегі протеинурия
48. Асимптоматикалық гематурия дегеніміз не: 1) гематурия, ауру сезімінсіз жүреді 2) тек балаларда кездесетін гематурия 3) гематурия, созылмалы голмерулонефритке тән 4) гематурия, сау адамдарды зерттеу кезінде анықталады 5) гломерулонефриттің кері дамуы кезінде анықталатын гематурия
49. Гломерулярлы гематурия көріністері: 1) тек макрогематурия 2) тек микрогематурия 3) үнемі протеинуриямен бірге жүреді 4) гематурияның басым бөлігін алады 5) Шунллер эритроциттері, окантоциттер немесе 70-80% барлық эритроциттер
50. Тубулярлы протеинурияның даму механизмі: 1) дистальді өзекше эпителиімен бөлінеді 2) проксимальді өзекше эпителиімен бөлінеді 3) жинақтаушы түтікшелерде реабсорбция бұзылыстары 4) төмен молекулалы нәруыздар реабсорбциясы бұзылады 5) проксимальді өзекшелерде көп көлемде фильтрацияланады
51. Гломерулярлы гематурияның даму механизмі: 1) подацит зақымдануынан экскрецияланады 2) тек базальді мембрана жүқаруынан дамиды 3) эндотелий зақымдануынан экскрецияланады 4) тек 4-типті коллаген жеткіліксіздігінен экскрецияланады 5) шумақтың барлық қабаттарының зақымдануынан дамиды
Жауабы:
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|