Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Артериялық гипертония асқынулары



Артериялық гипертония асқынулары

Артериялық гипертензия өзі екіншілік нефропатия шақыруы мүмкін. Гипертониялық нефропатияның біріншілік белгілеріне микроальбуминурия және протеинурия жатады.  Қауіп қатер тобына егде жастағы науқастар, семіздікке шалынған науқастар, қант диабетімен ауыратындар енеді. Бүйрек тамырлары зақымданады, біртіндеп шумақтық фильтрация жылдамдығы төмендейді.

Тұрақты артериялық гипертензия бүйрек тамырларының склерозды өзгерістерін шақырып, екіншілік прессорлық механизмнің белсенуін шақырады. Бұл жағдайда дамитын шумақ ішілік гипертензия бүйрек паренхимасының склерозын дамытады.      Артериялық гипертония кезінде бүйрек жетіспеушілігімен қоса жүрек-қантамыр жүйесінің асқынулары дамиды: сол қарынша гипертрофиясы, жүректің іркілісті жетіспеушілігі. Бүйректік анемия жүрек жетіспеушілігін нашарлата түседі.

Артериялық гипертония асқынуларына гипертониялық ретинопатия, энцефалопатия жатады. Үдемелі ретинопатия және нефропатия қатерлі гипертензия кезінде байқалады.  ОЛ өздігінен дамуы немесе эссенциальді гипертензия фонында дамуы мүмкін.

 Бұл ауру кезінде артериялық гипертония бүйрек тамырларының зақымдануына әкеледі, соның салдарынан бүйрек қан айналымы төмендейді, ал ренин секрециясы жоғарылайды. Сондықтан гипертензия өсе түседі және натрийдің ағзада іркілуі болады. Бүйрек тамырлары эндотелиінің зақымдануы фибринойдты некрозды, тамырлар бітелуін, тіндер ишемиясын шақыруы мүмкін. Тіпті микроангиопатиялық гемолитикалық анемия дамуы мүмкін. Энцефалопатия, өкпе ісінуі, бүйрек жетіспеушілігі анықталады.  

Сонымен, артериялық гипертензия  балалар мен ересектердегі бүйрек патологиясының болжамын нашарлатады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.