Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Белсенді тіс жегі үрдісінің клиникалық ерекшеліктері.



Белсенді тіс жегі үрдісінің клиникалық ерекшеліктері.

Тіс жегінің компенсирленген формасында тістердің тіс жегіге тұрақтылығымен ерекшелінеді.Бұл топқа дені сау балалар кіреді.Тіс жегіге ұшыраған тістер саны орташа 3-3,5.Үлкен азу тістердің тіс жегі қуысы шайнау беттерінде орналасады,сирек пломбаның түсуі,екіншілік және өршіген тісжегі байқалады.Тіс жегі қуысында тығыз,пигменттелген дентин,қуыстың шеттері тегіс,дөңгелек.

Тіс жегінің декомпенсирленген формасы созылмалы соматикалық ауруы бар,әлсіз жиі ауыратын балаларда дамиды.Тіс жегіге шалдыққан тістер саны 7 және одан көп. Тістер көбінесе бор тәрізді дақпен көрінеді.

Осындай балаларда депульпирленген тістердің өршу үрдісі,бұрын емделген орта және терең тіс жегінің асқынуы кездеседі.Жиі көрсеткіш тістерді жұлу.Екіншілік қарауда жиі пломбаның түсуі,екіншілік тіс жегінің дамуы байқалады. Тіс жегі қуысының шеттері үшкір, дентин ақшыл,ылғалды,жұмсақ оңай алынады.Тіс жегі қуысы сол тістің барлық беттерінде орналасады.Тіс жегінің субкомпенсирленген формасы декомпенсирленген формасына ұқсас.

 

    Тісжегіні нақтамалау(диагностика) әдісі

Тісжегіні зерттеу әдістері:негізгі және қосымша.

Негізгі әдістер:сұрау,қарау,зондтау,температуралық сынау.

Қосымша әдістер:витальды бояу,люминесцентті стоматоскопия,трансиллюминация,электрометрия,лазерлі флюорометрия,рентгенография.

Қарау визуальды және айна көмегімен.Қарау кезінде дақты анықтаймыз.

Зондтау кезінде тісжегі қуысын анықтаймыз.Температуралық сынауда терең тісжегінің даму кезеңін анықтаймыз.Ауру сезім тітіркендіргіш әсер еткен де болады,бірақ тез қайтады.

Люминесцентті стоматоскопияда сау және тісжегімен зақымдалған тісті сәлелендіру.Тісжегі дағында люминесценттің өшуі байқалады сау тіспен салыстырғанда.

Трансиллюминация көлеңке түзу арқылы болады.

Лазерлі флюорометрия «Diagnodent» аспабы арқылы жүргізіледі қатты тіндердің жағдайын сандық көрсеткішпен көрсетеді.

 

          



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.