Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Доцент Рысбаева  Ж. И.. Лекция. Балалардағы тісжегінің клиникасы,ағымын нақтамалау және емінің ерекшеліктері.



                           Доцент     Рысбаева  Ж. И.

                                    Лекция

Балалардағы тісжегінің клиникасы,ағымын нақтамалау және емінің ерекшеліктері.

                        Жоспар:

1. Балалардағы тісжегінің дамуына әсер ететін факторлар

2. Тісжегінің негізгі көрсеткіштері

3. Тісжегінің жіктелуі (Т.Ф.Виноградова бойынша).Әртүрлі жастағы балалардың тісжегісінің даму ерекшеліктері.

4. Тісжегі үрдісінің белсенді дамуына байланысты тісжегінің клиникалық ағымының ерекшеліктері. Балалардағы тісжегінің клиникасы.

5. Балалардағы тісжегіні нақтамалау(диагностика) әдістері.

6. Балалардағы тісжегіні салыстырмалы нақтамалау.

 

 

Тісжегі-балалар арасында кең таралған стоматологиялық ауру.

Балаларда тісжегінің пайда болу жиілігі 2 жаста 6,1%, 3 жаста-21%, 4 жаста-51%, 5жаста-71% (Т.Ф.Виноградова бойынша 1988ж.).

Әсер ететін факторлар:климат, әлеуметтік жағдай, микроэлементтер құрамы,дәрумендер,ақуыздар,майлар.

Балалардың даму кезеңінде әсер ететін эндо-экзогенді факторлар:

1. Жатырішілік кезеңде негізгі фактор ағзалар мен жүйелердің генетикалық бұзылуы.Зат алмасу бұзылуы, анасының экстрагенитальды аурулары (ревматизм,гипертония,нефропатия,эндокринді, жұқпалы) тіс тінінің қалыптасуының бұзылуына алып келеді.

2. Антенатальды кезеңде қатты тіндердің минерализациясының бұзылуы ұрықтану,қалыптасу,тісжақ жүйесінің дамуынында қатты тіндердің құрылымының бұзылуына алып келеді.

3. Тістің қатты тіндерінің құрылымының өзгеруіне балалардың жарақат алуы,жұқпалы аурулары,уақытынан бұрын туылуы,жасанды тамақтандыру алып келеді.

4. Д дәруменінің жетіспеушілігі ағзада гипокальцемия дамып тістің қатты тіндерінің бұзылуына алып келеді.

5. Фтор жетіспеушілігі тістің қатты тіндерінің химиялық құрамына әсер етеді.

6. Баланы дұрыс емес тамақтандыру:көмірсуы көп тағамдарды беру,жұмсақ тағам,ауыз қуысының нашар гигиеналық жағдайы тіс жегінің дамуына алып келеді.

7. Кіреуке құрылымының өзгеруіне температура,тіс қағының жиналуы әсер етеді.

Тісжегінің дамуына микроорганизмдердің әсер ететіні белгілі негігзгі рөлді стрептококк алады (Str.mutans,salivarius,miris,sanguis).



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.