Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Карталардың жіктелуі. Карталар мазмұнына және масштабына қарай жіктеледі. Карталар масштабына қарай 3топқа бөлінеді . Ауа температурасы мен қысым



2.Карталардың жіктелуі

Карталар мазмұнына және масштабына қарай жіктеледі. Карталар масштабына қарай 3топқа бөлінеді 

Ірі масштабты карталар - 1: 1000-нан және оданда ірілері 

Орта масштабты – 1: 200 000-нан 1 : 1000000-ға дейінгілер

Ұсақ масштабты – 1 : 1000000 – нан ұсақтар 1.Масштабтарды сандықтан атаулыға және керісінше айналдырып жазу.

а) 1: 2000 – 1 см –де...20 м                 г) 1 см – 1000 м, бұл....1: 100000

б) 1: 1000000 – 1 см –де.....10км.       д) 1 см – 200 км, бұл....1: 20000000

в) 1: 50000 – 1 см –де...500м              е) 1 см – 30000 м, бұл....1: 3000000

2.Масштаб 1:5000. Жер бетіндегі қашықтық 260м болса картадағы қашықтықты(ұзындығын) табу. 

Берілгені: Масштаб 1:5000 - атаулық масштабты табу. 1 см –де 50 м

1км -1000м              J- картадағы қашықтық 

1 м – 100см           L – жер бетіндегі қашықтық

    260м · 100см =26000см 

                 

 

1.Токио және Пекин қалаларының картадағы қашықтығы 30 см, яғни нақтырақ айтқанда – 1500 км. Картаның масштабын анықтаңыз.

 Шешуі: 30см – 1500 км Х = 1500км : 30см = 50 (км) = 50000 (м) =5000000(см) 

             1см – х                Жауабы: 1:50 00000

 

 

 

2.Жер бетіндегі 2 нүктенің ара қашықтығы 420 км, карта бетіндегі ұзындық 7 см. 

Картаның масштабын анықтау.

L – жер бетіндегі қашықтық

J- картадағы қашықтық

Шешуі: М = 420 км : 7см = 60 (км) = 60000 (м) =6000000 (см) 

            М -?              Жауабы: 1:6000000

 

3. 1 : 2 500 000 масштабымен берілген картада екі қаланың арақашықтығы 6 см. Екі қаланың Жер бетіндегі арақашықтығын табу.

Шешуі: Х – екі қаланың Жер бетіндегі арақашықтығы.Масштаб анықтамасын пайдаланып, пропорция құрамыз.

 х          2 500 000

 Х = 6 · 2 500 000 =15 000 000(см) =150 000 (м) = 150(км)

Жауабы: 150км

 

3.Ауа температурасы мен қысым

Тәулік ішіндегі ең төмен температура күн шығар алдындағы уақытқа тура келеді. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және төменгі температуралардың айырмасын теператураның тәуліктік амплитудасы дейді. Ауаның температурасы тәулік ішінде 4 рет өлшенеді.Әрбір 100 м    биікке        көтерілгенде температура орта есеппен 0,6°С төмендейді. (1км –де -6°С өзгереді) Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1кг 33г салмақ түсіреді.

Ауаның жер бетіне түсірген салмағы атмосфералық қысым немесе ауа қысымы деп аталады. Биіктік артқан сайын қысым азая береді. Жер бетінің түрлі аймақтарындағы және түрлі биіктіктегі атмосфералық қысымды бірбірімен салыстыру үшін 45° ендіктегі теңіз деңгейіндегі қысым алынады. Сынап бағанасының 760 мм биіктігіне тең осы қысым қалыпты атмосфералық қысым деп аталады. Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында әрбір 10 м биіктікке көтерілгенде қысым шамамен 1ммтөмендейді. Ауа температурасы мен қысымға байланысты есептер шығару.

 

1.Жаз айларында Іле Алатауының теңіз деңгейінен 1000 м биіктігінде атмосфералық қысымның мөлшері. 930 мм, ал температурасы +21º С градус болса, оның биік нүктесінде (шыңында) атмосфералық қысым мен температурасы қанша болмақ?

Шешуі: Талғар шыңы 4973 ≈ 5000

Қысымды есептеу: 5000:10 = 500 

                               930 – 500 = 430 

Температураны өлшеу: 5000:1000 = 5

                                      5 ∙ (-6ºС) = -30°C   -30ºC + 21°C = - 9ºC 

2. Тау етегіндегі ауа температурасы +18ºС , ал шыңында - 6 ºС. Таудың биіктігін анықтаңыз. 

Шешуі: +18 °С – (-6ºС) = 24°C

              24 ºC: 6 °С = 4 ∙ 1000 = 4000    

Жауабы: таудың биіктігі 4000м немесе 4 км 

3.Альпинистер 3000 м тау басына көтерілгенде, барометр осы биіктіктегі атмосфералық қысым 450 мм екенін көрсетті. Бұл кезде жер бетіндегі атмосфералық қысым нешеге тең? 

   

Шешуі: 3000:10 =300

              300 + 450 = 750 мм

Жауабы: жер бетіндегі атмосфералық қысым – 750 мм

4.Барометр тау етегіндегі атмосфералық қысым 740 мм, тау басында 440 мм көрсетсе, таудың салыстырмалы биіктігін қалай анықтаймыз? Шешуі: 740 – 440 = 300 

             300∙10 = 3000м   

Жауабы: таудың салыстырмалы биіктігі 3000м немесе 3 км 

5. Егер жер бетіндегі қысым 750 мм болса, 5 км биіктіктегі ұшып бара жатқан ұшақтың бортында қандай атмосфералық қысым болатынын есептеп шығарыңдар. 

Шешуі: 5 км – 5000 м                 5000м: 10м =500 

               750 – 500 = 250 мм

Жауабы: 250 мм атмосфералық қысым

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.