Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





німнің өзіндік құнын төмендету жолдары.



Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары.

     Шығындарды жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.

     Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің негізгі бағыттарын айтуға болады:

· Ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;

· өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

· экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.

    Ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын – энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру.

   Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын, бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.

    Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. өндіріс тиімділігін, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттыру.

    Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбекің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: америкалық және жапондық. Бұл өндірісті материалдық – техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және т.б көптеген жүйелер. Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми – техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.

    Өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысанын, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.

    Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:

· өндірістің техникалық деңгейін көтеру;

· өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сиымдылықтарын төмендету;

· басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

· технологиялық процестерді қуаттылық пен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, т.б.

 

 

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

 

1. Узакбаева А. Понятие заработной платы как правовой категории // Фемида. - Алматы, 2014. - № 6.

2. Управление персоналом организации/ Под ред. Кибанова А.Я.: М., Инфра,2012

3. Сейдахметов Ж. Эволюция тарифных систем оплаты труда в Казахстане// Труд в Казахстане. - Алматы, 2018. - № 2. 

Қосымша әдебиеттер:

 

1. ҚазақстанРеспубликасыныңазаматтық кодексі.-1994, 27 желтоқсан.

2. ҚР-сының еңбек кодексі, 2007, 15 мамыр.

3. ҚР-сының салық кодексі. -2009,10желтоқсан

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.