Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. аралатын сұрақтар тізімі). Дәріс өткізу түрі: Ақпараттық



№ 11 тақырып

Шығындарды басқарудың ролі.

Жоспары:

(қаралатын сұрақтар тізімі)

 

1.Кезең шығындарға және баптары бойынша өнімнің өзіндік кұнына кіретін шығындар.

 

2.Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары.

 

 

Дәріс өткізу түрі: Ақпараттық

Мазмұны:

(дәріс материалы)

 

Кезең шығындарға және баптары бойынша өнімнің өзіндік кұнына кіретін шығындар.

 

Өнімнің өзіндік құны-бұл кәсіпорынның өнімді өндірумен және өткізумен байланысты барлық шығындарын ақшалай нысанда білдіретін, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен бірлестіктердің қызметінің маңызды экономикалық көрсеткіштерінің бірі. Өнімнің өзіндік құны кәсіпорынға олардың шығаратын өнімі қаншаға түсетінін көрсетеді. Өнімнің өзіндік құнына өнімге өткізілген еңбектің шығындары (негізгі қорлардың амортизациясы, шикізаттың, материалдық, отынның және басқа да материалдық ресурстардың құны) мен кәсіпорындардың жұмысшыларының еңбек ақысына шығындар енгізеді.Өнеркәсіптік өнімнің өзіндік құнының төрт түрін ажыратады. Цехтік өзіндік құн өнімді өндіру осы цехтың шығындарын қамтиды. Жалпы, зауыттық өнімді өндіруге кәсіпорынның барлық шығындарын көрсетеді. Толық өзіндік құн өнімді өндіруге ғана емес, сонымен қатар оны өткізуге де барлық шығындарды сипаттайды. Салық өзіндік күн жекеленген кәсіпорындардың жұмыс нәтижелеріне, сол сияқты бүкіл сала бойынша өндірісті ұйымдастыруға байланысты.

Өнеркәсіптік өнімді өндіруге шығындар алғашқы экономикалық элементтер және шығындар баптары бойынша жоспарланады және есепке алады.

Алғашқы экономикалық элементтер бойынша топтау кәсіпорынның материалдық ресурстарға жалпы қажеттіліктерді, негізгі қорлардың амортизацияға сомасын еңбек ақы төлеуге шығындарын және кәсіпорынның басқа да ақшалай шығындарды анықтайтын, өндірістік шығындар сметасын жасауға мүмкіндіктер береді. Мұндай топтау өзіндік құн бойынша жоспардың техпромфин жоспардың басқа бөлімдерімен келістірілуі үшін, айналым құралдарын жоспарлау үшін олардың пайдалануын бақылау үшін қолданылады. Өнеркәсіпте эканомикалық элементтер бойынша шығындардың келесі топтамасы қабылданған:

- шикізаттар мен негізгі материалдар;

- көмекші материалдар;

- отын (шет жақтан);

- энергия (шет жақтан);

- негізгі қорлардың амортизациясы;

- еңбек ақы;

- әлеуметтік сақтандыруға аударымдар;

- элементтер бойынша бөлінген, басқада шығындар.

Экономикалық элементтер шығындарды топтау кәсіпорының шығындарын жеке өнім түрлері мен басқа шаруашылық қажеттіліктерді бөлусіз материалдық және ақшалай шығындарды көрсетеді.

Өзіндік құнды нақты төмендетуді білдіретін үнемдеу факторлардың келесі құрамы бойынша есептеледі:

 Өндірістің техникалық деңгейін арттыру.

Бұл жаңа, прогресивті технологияларды енгізу, өндірістік процестерді механизациялау және автоматизациялау; шикізаттар мен материалдардың жаңа түрлерін пайдалануды және қолдануды жақсарту; өнімдердің конструкциясы мен техникалық сипаттамаларын өзгерту; өндірістің техникалық деңгейін арттыратын басқа да факторлар.

Осы топ бойынша өнімнің өзіндік құнына ғылыми-техникалық жетістіктер мен алдыңғы қатарлы тәжірибенің ықпалы талданады. Әрбір іс-шара бойынша өндіріске кеткен шығындарды төмендету мен сипатталатын экономикалық тиімділік сипатталады. Іс-шараларды іс жүзіне асырудан болатын тиімділік (үнемдеу) өнім бірлігіне шығын мөлшерлерін іс шараларды енгізуге дейін және одан кейін салыстыру және алынған айырмашылықты жоспарланатын жылдағы өндіріс көлеміне көбейту арқылы анықталады:

Э = (Ссн)* Ан ,

Э - тікелей ағымдық шығындардың үнемделуі,

Сс - іс-шараларды енгізуге дейінгі өнім бірлігіне тікелей ағымдық

шығындар,

Ан - іс шараларды енгізуден бастап жоспарланатын жылдың соңына

дейін өнімнің натуралды бірлігіндегі көлемі.

Өнімнің көлемін және құрылымын өзгерту арқылы жағдайлы-тұрақты шығындарды, амортизациялық төлемдерді азайтуға болады және өнім номенклатурасы мен ассортиментін өзгертуге, оның сапасын жоғарылатуға болады және ол өнімнің өзіндік құнын азайтады. Жағдайлы -тұрақты шығындар арқылы үнемдеу мөлшері келесі формула арқылы анықталады:

ЭЯ=(Т*ЯС)/100

Мұндағы Эп - жағдайлы-тұрақты шығындардың үнемдеу мөлшері; Пс - базис жылындағы жағдайлы тұрақты шығындар сомасы; Т- базис

жылымен салыстырғандағы тауар өнімдерінің өсу деңгейі.

Табиғи ресрстарды пайдалануда жақсарту. Мұнда келесі жағдайлар қарастырылды: шикізат сапасы мен құрамының өзгерісі, табиғи ресурстарды жер қойнауынан алу әдістері және оларды дайындау; басқа табиғи жағдайлардың айнымалы шығындардың мөлшеріне әсерін көрсетеді. Олардың өзіндік құнды азайтуға әсерін талдау өңдеуші өндіріс салаларының әдістерін негізге ала отырып жүргізіледі.

Салалық және басқа да факторлар, олар: жаңа өндірісті, цехтарды, өндіріс бірлігін енгізу және жүзеге асыру; Жұмыс істеуші өндірістен жаңа өндірісті дайындау және жүзеге асыру; басқа да факторлар. Ескі цехтарды ликвидациялау және жаңа цехтарды енгізу, өндірістерді жоғары техникаландыру нәтижесінің ең жоғарғы көрсеткіштерін пайдалана отырып, өзіндік құнды азайту үшін резервтерге талдау жасалуы қажет.

Резевтерде сонымен қатар жаңа өнімдерді дайындау және өндіру, жаңа технологиялық процестерді қолдану, жаңа цехтарды енгізу уақытысына шығындарды азайту арқылы өзіндік құнды азайту қарастырылады.

Шығындарды өзгеру сомасын есептеу формуласы келесі түрде көрсетіледі:

Эп= (Сх / Д1 - С0 / Д0)*Д1

Мұндағы, Эп - өндірісті дайындау және іске қосу шығындарының өзгерісі;

С0}- базисті және есепті жылдағы шығындар соммасы; Д0,Ді - базисті және есепті жылдағы тауар өнімінің көлемі. Өнімнің өзіндік құнын талдау объектісі болып келесі көрсеткіштер табылады:

1. тауар өнімінің бүкіл немесе шығындар элементтері бойынша толық өзіндік құны;

2. тауар өнімінің теңгесіне шығындар;

3. салыстармалы тауар өнімінің өзіндік құны;

4. жеке өнімнің өзіндік құны;

5. шығындардың баптары немесе жекелеген элементтері.

Экономикалық элементтер шығындарды топтау кәсіпорының шығындарын жеке өнім түрлері мен басқа шаруашылық қажеттіліктерді бөлусіз материалдық және ақшалай шығындарды көрсетеді.

Экономкалық элементтер бойынша өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтау мүмкін емес. Сондықтан экономикалық элементтер бойынша шығындарды топтаумен қатар өндіріске шығындар шығындардың баптары (калькуляция баптары) бойынша жоспарланады және есепке алынады.

Шығындар калькуляциялық баптар бойынша топтау шығындарды оларды орны мен қолданысы (мақсаты) бойынша көру, кәсіпорынға жеке өнім түрлерін өндіру және өткізу қаншаға түсетінін білу мүмкіндігі. Калькуляция баптары бойынша өнімнің өзіндік құнын жоспарлау және есепке алу өзіндік құнның осы деңгейі кандай факторлардың ықпалымен қалыптасқан, оны төмендету үшін күресті қандай бағыттарда жүргізу қажет екендігін анықтауға мүмкіндіктен береді.

Өнеркәсіпте негізгі калькуляциялық баптардың келесі номенклатурасы қолданылады:

1) шикізаттар мен материалдар;

2) техникалыққажеттіліктергеотын мен энергия;

3) өндірістк жұмысшылардыңнегізгіеңбекақысы;

4) құралдардыұстаптүруға және пайдалануғашығындар;

5) цехтікшығындар;

6) жалпызауыттықшығындар;

7) ақауданкемшіліктер (потери)

8) өндірістікемесшығындар.

Шығындардыңалғашқыжеті бабы фабрикалық - зауыттықөзіндік құнды құрайды. Толықөзіндік құн фабрикалық - зауыттықөзіндік құннан және өндірістікемесшығындарданқалыптасады.

Өнімнің өзіндік құнына енгізілетін кәсіпорынның шығындары жанама және тікелей болып бөлінеді. Тікелей шығындарға өнімді шығарумен тікелей байланысты және оның жеке түрлері бойынша тікелей жолмен есепке алынатын шығындар жатады: негізгі материалдардың, техникалық мақсаттарға, отынның, энергияның құны, негізгі өндірістік шығындардың еңбекақысы және т.б. жатады.

Жанама шығындарға өнімнің нақты түрлерінің өзіндік құнына тікелей жатқызу мүмкін емес немесе тиімсіз болып табылатын шығындар жатады: цехтік, жалпы зауытттық, құралдарды сақтау және пайдалану бойынша шығындар.

Өнімнің өзіндік құны (ӨӨҚ) тауарға баға тағайындаудың базасы және пайданың болашақ мөлшерін айқындайтын инструмент. ӨӨҚ өндіру сатыларына байланысты: цехтық, зауыттық немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөлінеді.

Өнімнің цехтық өзіндік құн - бүған өндірілетін өнімге цехта, учаскелерде, бригада да шыққан шығын кіреді.

Өндірістік өзіндік құн - бұл цехтық шығындар + жалпы зауыттық, өндірістік шығындар.

ӨӨҚ=ЦӨҚ(1+Әжөш)

Жалпы өндірістік шығын (Әжөш) коэффициент арқылы беріледі. Мысалы, цехтың шығындарға шаққандағы жалпы өндірістік шығынның коэфициенті 0,5 болса, ӨӨҚ = 1+ 0,5=1,5 ЦӨҚ

Өнімнің толық өзіндік құны.Өзіндік қүн + өнімді өткізуге кететін шығындар.

ТӨҚ = ӨӨҚ (1+0,03) мұндағы 0,03 коэфициенті өндіріспен байланысы жоқ шығындар мөлшері.

ӨӨҚ қолдану мақсатына қарай (жоспарлау, есептеу, талдау, т.б) бірнеше түрге бөлінеді: өнімнің жалпы, тауарлы немесе сатылған өнімнің өзіндік кұны, салыстыратын өнімнің өзіндік құны, өнім бірлігінің өзіндік құны болып және т.б. болып бөлінеді. Сонымен бірге өнімнің өзіндік құны жоспарлы, болжамды, (есеп) нақтылы деп бөледі.

Жоспарлы өзіндік құн- бүл қажетті шығындар, ғылым мен техника жетістігіне ұйымдастыру жағдайына баланысты.

Болжамды есеп өзіндік құн- бұл техникалық - экономикалық есептер ескерілуі, қандай жаңалықтар енгізілгенін т.б ғылыми жетістіктерді ескереді.

Нақтылы өзіндік құн- барлық өнімге шаққандағы нақты шығындар және өнім бірлігіне шаққандағы өзіндік құн.

 

 

Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.