Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Унитарлы кәсіпорын



4. Унитарлы кәсіпорын

Мұнда мүлікке меншік құқығы болмайды, барлық қызметкерлер жалданды болады.

Екі түрі бар:

— Шаруашылық жүргізу құқығы бар: кәсіпорын қарыздары бойынша мемлекет жауап береді.

— Оперативты басқару құқығы бар: (қазыналық кәсіпорындар) тек мемлекет ие болады (мысалы қорғаныс өнеркәсібі).

Кәсіпорындар ұйымдарға біріге алады:

Ұйымдардың келесі түрлері болады:

1. Корпорация – акционерлік қоғам, жалпы мақсаттарға жету үшін бірнеше кәсіпорындардың бірігуі, кіретін кәсіпорын қарыздары үшін жауап береді.

2. Концерн – келісімдік монополиялық бірлестік, шоғырландыру, кооперациялау, мамандану және интеграциялау артықшылықтарын қолданады. Ең ірі кәсіпорын түрі.

3. Консорциум – ірі экономикалық бағдарламаны орындау үшін кәсіпорындардың уақытша бірігуі.

4. Картель – нарықтарды бөлу, баға деңгейі, өнім өңдіру үлесі, төлем жасау мерзімдері және т.б. бойынша жасалынған келісім.

5. Трест – кәсіпорындар өз дербестігінен толығымен айрылады, бір орталыққа бағынады.

6. Синдикат – жабдықтау және өткізу сұрақтары бойынша қызметті жетілдіру мақсатымен ерікті түрде бірігу түрі.

7. Холдинг – акционерлік қоғам түрі, өз капиталын басқа компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алу үшін қолданады және оларға басқару жүргізеді.

8. Қаржылы-өнеркәсіптік топтар – ірі инвестициялық бағдарламаларды іске асыру мақсатымен өз активтерін біріккен заңды тұлғалар жиынтығы.

  Менеджмент (ағылш. мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.

   Нарықтық экономикада менеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру кезделеді.

   Менеджмент төрт қызмет аткарады: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау. Менеджмент құрылымы үш бөлімнен тұрады:

· өндірістік менеджмент;

· қаржы менджменті;

· нарықтық (өткізу) менеджмент, немесе, маркетинг.

  Өндірістік менеджмент белгілі көлемде, белгіленген сапада, келісімді мерзімде және шығындарды барынша төмен жүмсап, тауарлар өндірумен айналасатын басқарушы қосалқы жүйе болып табылады.

  Қаржы менеджменті фирманың қаржы құралдарының қалыптасуын табыстардың барынша мол болуын жөне шығындардың барынша аз болуын қамтамасыз ететін қосалқы жүйе.
  Нарықтық менеджмент — маркетинг — бұл нарыққа бағытталған фирманың коммерциялық қызметтерін басқару болады.

  Маркетинг (ағылшынша «market» — нарық) нарықтарды тандау үшін, нарыққа кірудің уақытты мен әдістері үшін, жаңа өнім жасалуы үшін, тауардың нарықтағы жылжуы үшін, баға саясаты үшін жауапты болады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.