Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кәсіпорынның жіктелуі



Кіріспе

   Курстың негізгі мақсаты саладағы экономикалық білімді теориялық және практикалық жағынан меңгеріп энергетика шаруашылықтарындағы және өндірісті кәсіпорындарда техника-экономикалық сұрақтарды шешу жолдарын табу.

   Экономика – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру, бөлу, сату, пайдалану жөніндегі қоғамдық ғылым. Яғни адам қызметінің саласы боып, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді және барлық экономикалық ғылымдардың жалпы обьектісі болып табылады.

Кәсіпорын– бұл дербес шаруашылық жүргізетін бірлік, меншігінде бар еңбек құралдары көмегімен еңбек заттарын өңдеп, тұтынушыларға қажет дайын өнім шығарып, пайда алу мақсатымен оны өткізетін, кәсіби ұйымдасқан еңбек ұжымы. Әр кәсіпорын заңды тұлға ретінде қарастырылады және кәсіпорынды құру келісім шарты негізінде жұмыс істейді.

Заңды тұлғаның негізгі белгілеріне келесі жатады:

1) Тұлғаның ұйымдық бірлігі болу керек – нақты және толық басқару құрылымы болу керек, кәсіпорын цехтерге, жұмыс орындарға және т.с.с. бөліну керек;

2) Мүліктік дербестік – бухгалтерлік баланс негізінде;

3) Мүліктік жауапкершілік – кәсіпорын барлық қарыздары бойынша барлық өз мүлігімен жауап беруге тиіс.

       Барлық кәсіпорындар коммерциялық (пайда алу) және коммерциялық емес (қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, жарым-жартылай пайда алу.

       Әр кәсіпорын өндірістік жүйе ретінде қарастырылады. Жүйе дегеніміз тұтас бірлікті құрайтын элементтердің және олардың арасындағы байланыстардың жиынтығы. Кәсіпорын ашық жүйе ретінде қарастырылу керек.

       Кез келген кәсіпорынның өмірлік циклы болады: құрылуы, дамуы, жетілуі, құлдырауы.

Кәсіпорынның негізгі міндеттері:

  1. Пайда алу және оны өсіру
  2. Жұмыс орындарын және еңбек ақыны қамтамасыз ету
  3. Қоршаған ортаны қорғау, ластамау
  4. Сапалы өнім шығару
  5. Жұмысшыларға қажет жұмыс жағдайларын жасау
  6. Өз қызметін дамыту

Кәсіпорынның жіктелуі

Жіктеу факторлары:

1)Қолданылатын қорларына байланысты кәсіпорындар еңбек сіңіргіштігі жоғары, қор сіңіргіштігі жоғары және материал сіңіргіштігі жоғары болып бөлінеді. Еңбек сіңіргіштігі жоғары кәсіпорындарда, көбінесе еңбек бөлінісі дәрежесі өте жоғары. Бөл бөліністің кемшіліктері еңбекті ізгілендіру, еңбек қызметін қызықтыру және топтарда жұмыс істеу тұжырымдамаларын туғызды.

2)Салаға байланысты кәсіпорындар келесі түрде бөлінеді: кен өңдіру, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ауыл шаруашылық, сауда, транспорт, байланыс, құрылыс кәсіпорындары, қаржы мекемелері.

3) Орналасуына қарай. Орналасу жерін таңдау белгілері:

а) материалдар шығындары (транспорттау шығындарын азайту)

б) еңбек шығындары (еңбек қорларының жеткіліктілігі, еңбек күші бағасы)

в) тауарларды сату шығындары және салықтар деңгейі

г) транспорттық құралдар жеткіліктілігі

д) энергия шығындары

е) қоршаған орта жағдайына қарай

ж) тұтынушылар жеткіліктілігіне

з) жергілікті жердің ерекшеліктеріне қарай (ландшафтысы, климаты және с.с.)

и) шетел әріптестерімен байланысуына қарай

4)кәсіпорын өлшеміне қарай ірі, орташа, шағын кәсіпорындар болады. Ол үшін жұмысшылардың саны, жылдық айналымы, негізге қаржы мөлшері, жұмыс орындарының саны, бастапқы материалдардың қолданылуы есебке алынады.

5) меншік формасына қарай жеке, мемлекеттік, ұжымды кәсіпорындар болады.

6) ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қарай

  Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.