Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізу бойынша



Жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізу бойынша

Қазақстан Республикасы Президентінің саясаты бойынша Департамент тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу және алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарып отыр.Осы бағыттағы жұмысты жоспарлы жүргізу үшін «Қауіп - қатер» тобына қатысты тұлғаларды тыңдау кестесі және сыбайлас жемқорлық құбылыстарының алдын алу бойынша жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу «қауіп - қатер» тобының тізімі әзірленіп 2020 жылдың 5 қаңтарында бекітілді. Айтылған кестеге сәйкес, наурыз айында тау–кен өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімі, маусым айында қазандық, газ шаруашылықтары, көтергіш құрылыстар және нан өнімдері объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімі және қыркүйек айында химия және металлургия өнеркәсібін мемлекеттік қадағалау бөлімі тындалды.

Бөлімде өткізілген жиналыстың нәтижесі бойынша хаттама дайындалып, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерге жол бермеуі туралы түсіндіру жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар кестесіне сәйкес келесі семинарлар өткізілді:

- 2020 жылдың 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары және «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ» тақырыбында жиналыс өтті.

- 2020 жылдың 10 маусымында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында семинар жиналыс өтті.

- 2020 жылғы 30 қыркүйегінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - жалпыға ортақ мүдделі іс» тақырыбы бойынша семинар-жиналыс өткізілді.

Департаменттегі әр жиналыстың өтуі кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы ескертіліп тұрақты түрде хаттамаланып отырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2020 жылдың 13 маусымында «Jambyl Taraz» қалалық қоғамдық-саяси газетінің арнайы шығарылымына Департамент басшысы орынбасарының «Сыбайлас жемқорлық, оның алдын алу, құқық бұзушылық және ол үшін жауаптылық» тақырыбында мақаласы жарияланды және 2020 жылы 29 қыркүйекте Департаменттің салааралық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлімінің бас маманы «Жемқорлықпен күрес – жалпыға ортақ мүдделі іс» тақырыпта «JAMBYL» радиосында эфирге шықты.

Мемлекеттік қызмет саласындағы нормативтік - құқықтық актілері, ақпараттандыру үшін, Департамент ғимаратында орналастырылған.

Орындалған жұмыс нәтижесі туралы ақпарат Комитеттің сайтында, Департаменттің «В-контакте» және «Facebook» парақшасында орналастырылды.

Бүгінгі таңда департаменттің 1-ші қабатында «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап қарастыратын арнайы бөлме бар. Сол бөлмеде, Департамент басшылығы, бөлім басшылары және қадағалаушы инспекторлары құрамымен түсіндіру сауалдары бойынша азаматтарды қабылдау қамтамасыз етіледі. 2020 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 25 түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Департамент басшысының бұйрығына сәйкес, Департаменттің ғимаратына бөгде адам кіруіне шек қойылған.

Департаментте мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептіліктің 1С бағдарламасы орнатылып, жұмыстар атқарылуда, сондай-ақ, «Е-лицензиялау», электрондық құжат айналымның бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ), мемлекеттік органдардың интранет порталы (ИПГО), тексеру субъектілерімен объектілерінің біріңғай тізімі (ЕРСОП), мемлекеттік органдардың біріңғай көліктік ортасы (ЕТСГО) және «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйелері іске қосылып, қазіргі уақытта осы бағдарламалармен жұмыстар жүргізіліп отыр. Сонымен қатар, «Электрондық құжаттардың біріңғай мұрағаты» ақпараттық жүйеге қосылу, деректерді енгізу жұмыстары жүргізіліп отыр.

Есепті кезеңде осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа және қылмысқа жол берілген жоқ.

 

 

                         Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

                                                                                                          

Результаты согласования
13.10.2020 21:07:45: Тусупов Д. Н. (Руководство) - - cогласовано без замечаний

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.