Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстан Республикасы Индустрия



 

13.10.2020-ғы № 25-23-9/1-13-587 шығыс хаты

 

Қазақстан Республикасы Индустрия

және инфрақұрылымдық даму

министрлігі Индустриялық даму

және өнеркәсіптік қауіпсіздік

комитетінің Жамбыл облысы

                                                              бойынша департаментінің басшысы Т.Т. Байзақовтың

баяндамасы

 

 

2020 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) қауіпті өндірістік объектілерде апаттар мен инциденттердің болу мүмкіндігін азайту бағытында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізді.

 Есепті кезеңде қадағалау жұмысын штат бойынша 16 мемлекеттік инспектор, нақты саны 15 адам құрайтын мемлекеттік инспекторлық құраммен жүргізді. Департаменттің қадағалауында 259 кәсіпорын бар, оның ішінде 87 тәуекел дәрежесі жоғары субъектілер, 172 тәуекел дәрежесі жоғары субъектілерге жатпайтындар.

 2020 жылдың 9 айында Департаменттің инспекторлық құрамымен 31 ерекше тәртіп бойынша, 18 жоспардан тыс және 11 профилактикалық бақылау-қадағалау бойынша тексерулер жүргізілді. Аталған тексерулер барысында 437 қауіпті өндірістік объектінің жұмысы зерделеніп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 300 норма және ереже талаптарының бұзылғандығы анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 18 заңды тұлғаға және 12 жеке тұлғаға жалпы сомасы 1 951 425 теңге құрайтын айыппұлдар салынды. Бүгінгі таңда барлық 30 айыппұл жалпы соммасы 1 951 425 теңге төленді.

Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 3 түрін жүргізеді. Атап айтқанда:

    1. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а 2020 жылғы 8 сәуіріндегі мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы № 189 бұйрығына сәйкес «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу»;

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығына сәйкес «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру»;

3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы  № 229 бұйрығына сәйкес «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару».

Департаментпен көрсетілетін 3 мемлекеттік қызметтердің барлығы қызмет алушымен жанасусыз "Электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz арқылы жүргізіледі.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға 39 сұраныс қаралып, 33 сұранысқа келісім берілді, ал 6 сұранысқа рұқсат беруден дәлелді бас тартылды. 117 қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамаларының келісуі Департаментте қаралды, оның ішінде 64 жобаға келісім берілді, 53 жобаға келісім беруден бас тартылды. Сонымен қатар, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару бойынша 73 өтініш қаралды. Қаралу нәтижесінде, Департаментке 47 қауіпті техникалық құрылғы есепке қойылып, 11 қауіпті техникалық құрылғы Департаменттің есебінен шығарылды және 12 қауіпті техникалық құрылғыға дәлелді бас тарту берілді.

2019 жылғы 4 ақпандағы № 6 бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес, ай сайын Департаментте көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасына мониторинг жүргізіледі. Мониторинг нәтижесінде назар аударылатын бағыттар: қызмет көрсетудің жалпы саны, түрлері, орындалу мерзімдері, жауаптылардың атқарған қызмет саны және мазмұнына назар аударылады. Нәтижесінде 2020 жылдың 9 айында бекітілген Ережелер бойынша бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 2020 жылы Департаменттің 2 маманы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облыстық филиалында біліктілігін арттырудан өтті.

Департамент бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кестеге сәйкес 19 рет жүргізілді. Атап айтқанда, радио арқылы 5 мақала, баспасөзге 6 мақала және сайтқа 8 мақала шығарылды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.