Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жалпы балл саны. Ең жоғарғы балл — 20. Жалпы қан анализі. Жалпы зәр анализі. Жалпы қақырық анализі. жылдамдығы  50мм/сағ. клиникалық жағдай бойынша. жауап эталоны



Жалпы балл саны

Ең жоғарғы балл — 20

 

Стандартты актер (науқас) сценариінің тексті және оның ролінің сипаттамасы:

Әйел 27 жаста. Шағымдары: еңтігу, ауа жетпеу сезімі, шырышты қақырықпен жөтел, еңтігу, кеуде қуысындағы ауру сезімі, жағдайы нашарлау.

 

Сұрақтың негізі Актерға қойылған сұрақ Актер жауабы
Ауру қашан қандай жаста басталды Қашаннан бері ауырасыз? Өсімдіктер гүлдегенде түшкіру  9 жыл бойы, еңтігу тек 1 жыл мазалайды. 
Аурудың басы Сіздің ауруыңыз немен байланысты? Өзімен өзі басталады, кенеттен
Еңтігу сипаты Сіздің еңтігуіңіз қандай? Ұстамамен, тыныс алу қиын
Тұңшығу сипаты Тұншығу неше рет мазалайды? Көбінесе түнде, физикалық жүктемеден соң
Жөтел сипаты Жөтел қандай? Ұстамалы
Қақырық сипаты Қақырық бар ма?   Ия, сирек
Қақырық түсі Қақырық түсі қандай? Шырышты, мөлдір
 Аллергендермен терілік сынама Аллергендерге сынама жасады ма? Ия, өсімдіктерге және үй шаңына менде оң болды.
Қабылдау барысында

Науқасқа түсіндіру:

21. қойылған диагноз

22. кейбір зерттеулер не үшін жүргізіледі

23. дәріні қабылдау ерекшелігі (егер тағайындалса)

24. бақылауға тұрғызу не үшін керектігі (егер «Д» тіркеуге алынса)

 

Анамнез: өзін сәби кезеңнен жиі суық тиюмен ауыратының айтады. Темекі шекпейді. Анасы  бронхиальды астмамен ауырады. Кішкентайынан өсімдік гүліне аллергия, цитруске бөртпе, антибиотиктерден пенициллинов қатарына да аллергия бар. Ең алғаш тұншығу ұстамасы  2 жыл бұрын болып өзінен өзі кеткен. 2 жыл бойы тұншығу ұстамасы мазалайды. БА жеңіл дәрежеде диагноз қойылып,  Д тіркеуге алынған. Кейіңгі кезде ұстама түнде, 2-3 рет айына мазалап, сальбутамол және эуфиллинмен тоқтаған. Жағдайы салқын күнде және далада шаң көтерілгенде нашарлайды. Осы ұстама  20 минут бұрын жұмыста шаңды құжаттары бар мұрағатта 30 минут отырғаннан дамыған. Әйел емхана жұмысқа жақын орналасқан соң қаралған. Іс қағаздармен жұмыс атқарады.

Акушерлік анамнез:тұрмыстағы жүктілік - 3, ішінен босанумен аяқталған - 2, аборт-1

Объективті статус: салмағы 75 кг, бойы 164 см.

 

Науқасты лабораторлы-инструментальды тексеру нәтижелері:

Жалпы қан анализі

 

Бақылау параметрі Нәтиже Қалыпты жағдай/ референтті көрсеткіші
Гемоглобин, г/дл 145 г/л 120-140 г/л
Эритроциттер х1012 4,2 х 1012 3-4 x1012
Түсті көрсеткіш 1.0 0.9-1.1
Лейкоциттер, х109 9,5 х 109 3,9-10,6
Тромбоциттер, х109 220х109 180-320
С\я % 64% 47-72
Т\я % 4% 1-6
Эозинофилдер 12 %  5%ке дейін
 Базофилдер 1%  
Моноциттер% 2% 3-11
Лимфоциттер % 16% 27-30
ЭТЖ мм/сағ 12 мм/сағ 6-9

 

Жалпы зәр анализі

Бақылау параметрі Нәтиже Қалыпты жағдай/ референтті көрсеткіші
Түсі Ақшыл сары Ақшыл сары
Реакциясы Қышқыл Қышқыл
Меншікті салмағы
Жалпақ эпителий 1-2 көру аймағында 0-2 көру аймағында
Лейкоциттер 2-4 көру аймағында 0-4 көру аймағында
Шырыш + -

 

Жалпы қақырық анализі

Бақылау параметрі Нәтиже Қалыпты жағдай/ референтті көрсеткіші
Мөлшері 8,0 мл  
Түсі Түссіз Түссіз
Иісі Иіссіз Иіссіз
Реакциясы Нейтральды Нейтральды
Сипаты Шырышты, Шарко-Лейден кристаллдары, Куршман спиралдері бірлік  

 

Микрореакция:

Нәтиже - теріс

 

Спирометрия:

Бақылау параметрі Нәтиже Қалыпты жағдай/ референтті көрсеткіші
ЖЕЛ 105% 90-85%
ОФВ1 65% 85-75%
Индекс Тиффно=ОФВ1/ЖЕЛ 72% 61%
МВЛ 100% 85%
МОД 44% 60-80%
ЧД 24 мин 16-18
Сальбутамолмен сынама – ОФВ1 85% теріс

Өкпенің рентгенограммасы:

Нәтижесі:Өкпе тінінің мөлдірлігі жоғарылаған.

Электрокардиограмма:

жылдамдығы  50мм/сағ

 

Нәтижесі:Синустық тахикардия, ЖЖЖ 120, ЭОС горизонтальды қалыпта.

 

«Бронхиальды астманың ұстама кезеңің анықтау және аймақта жүргізу тәртібі»

клиникалық жағдай бойынша

жауап эталоны

Әр қадамның бағалау критериі         Жауап эталоны
1. Анамнез жинау кезінде барлық сұрақтар толықтай қамтылды ма?  БА ауырлығының барлық критерийлері анықталды ма? Еңтігуді анықтау, қақырық сипатын анықтау. Ауру анамнезі және отбасылық анамнез жинау. Түнгі және күндізгі ұстамалар, ауырылық, ұстаманы түсіретіін дәрілер.
2. Физикальды тексеру дұрыс және кезеңмен анықталды ма ? Науқас қалпы, терінің цианозы, еңтігу экспираторлы сипатта.
3. Тыныс алу жүйесі және ЖҚЖ тексеру ТЖ белгілері, пальпация, аускультация
4. Болжамалы  диагноз Бронхиальды астма, персистирленген, орташа ауырлықта, өршу сатысы, ұстамалы кезең, ТЖ 2
5. Тексеру әдісінің жоспары ЖҚА, ЖЗА ЭКГ  Өкпенің рентгенографиясы Спирография Жалпы қақырық анализі
6. Ажырату диагностикасының жоспары СӨОА: жасы, аурудың басы — көбінесе  35-40 жастан асқан, анамнезінде темекі шегу, өкпеден тыс белгілері аллергия жоқ, симптомдары (жөтел және еңтігу)-тұрақты, жай дамиды, тұқым қуалаушылық жоқ, бронхиальды обструкция-аз мөлшерде қайтымды немесе қайтымсыз, ауыр жағдайда өкпелік жүрек тән. Жүректік астма: анамнезі – стенокардия, ревматизм, гипертоничялық криз, қақырық көп, сұйық, көпіршікті қан аралас, провокациялық фактор — физикалық жүктеме, психикалық үрей, цианоз- сұр, салқын, кардиомегалия, еңтігу сипаты - инспираторлы, аускультативті- ылғалды, құрғақ сырылдар  базальды бөліктерде, рентген белгілері- кіші қан айналымда іркіліс, ЭКГ- жүректің сол жағы зақымдалған.
7. ЖҚА, ЖЗА, жалпы қақырық анализі, спирография, микрореакция  нәтижелерін оқу Спирография, сальбутамолмен сынама: тыныс бұзылысының обструктивті типі I-II дәрежелі. бронхолитикпен сынама –оң ЖҚА: эозинофилия, ЭТЖ жоғары. ЖЗА: өзгеріссіз Қақырық анализі: Шырышты, Шарко-Лейден кристаллдары, Куршман спиралдері бірлік Микрореакция: теріс
8. ЭКГ нәтижесін оқу ЭКГ-синусовая тахикардия, ЖЖЖ 120, ЭОС горизонтальды қалыпта.
9. Өкпе рентгенографиясын оқу  Өкпе тінінің мөлдірлігі жоғарылаған.
10. Нақты  диагноз Негізгі: Бронхиальды астма, персистирленген, аралас форма, орташа ауырлық дәрежеде, өршу сатысы, ұстамалы кезең. Асқынуы: ТЖ 2 дәрежеде.
11. Ем жоспарын анықтау                            Емі амбулаторлы жағдайда, үйдегі стационар. Режим 2. Тұрмысты сауықтыру. Үйде шаң тозаңды болдырмау, сүзгі қою, күнделікті ылғалды жинау. Дені сау мектебі, өзін бақылау күнделігі. Күнделікті пикфлоуметрия. Ем тактикасы: 1. Ингаляциялық кортикостероид (базисті терапия) 2. Антилейкотриенді препараттар 3. Қысқа уақыттағы бронхолитиктер (В2- агонистер қысқа әсерлі) ұстама түсіретін, тиімсіз жағдайда - глюкокортикостероидтар. 4. Динамикада  ПФМ бақылау
12. Емді тағайындау Емі  GINA 2015 сәйкес Бронхиальды астма ұстамасын тоқтату үшін қысқа әсерлі дәрілер қолданды: 1) Сальбутамол (вентолин) ингаляциялық небулайзермен 20 тамшы 2 мл физ/ерітіндіге. 20 минут өткен соң қайталап ингаляция жүргізді. 2) Преднизолон 60 мг тамыр ішіне бірден физерітіндіде. 1 сағаттан соң жағдайы жақсарған соң амбулаторлы емге жіберілді. 1. Будесонид дозасы 200 мкг 3 рет күніне спейсер арқылы үнемі 2. Сальбутамол 200 мкг ингаляциялық ұстамада 3. Монтигет 10 мг 1 таблетка 1 рет күніне таңертең үнемі
13. Емнің сапасын бақылау Ем сапасы: - аптасына 1 эпизод ұстамасы, түнде -физикалық жүктемені жақсы қабылдау -1-2 күнде ғана қайталамалы ингаляциялық бронходилататорлар қажеттілігі - жедел көмекке қаралмау - тәуліктік бронхылар  лабильділігі – 20% төмен -стыныс шығарудың орташа жылдамдығы - 80%тан жоғары
14. Еңбекке уақытша жарамсыздық экспертизасы Еңбекке уақытша жарамсыздық экспертизасы жұмыстан босатылу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын 10-15 күнге ашу. (ҚР ДСМ бұйрық № 183 31 наурыз 2015 жыл) жағдайын 2 күні бақылау, содан кейін 2 күн сайын жағдайы жақсарғанға дейін.
  Диспансеризациясы
15. Бақылаудың мерзімі және жиілігі  
16. Басқа да мамандарен қарау Пульмонолог, аллерголог, оториноларинголог 1 рет жылына кеңес жүргізеді
17. Тексеру әдістерінің жасау реттілігі және жиілігі ЖҚА 1 рет әр 6 айда. Спирография 1рет жылына Эхокардиография көрсеткіштерге байланысты
18. Негізгі емдік-сауықтыру шаралар Гипоаллергенді диета. Аллергенді шектеу, арнайы емес тітіркендіргіштерді шектеу (өнеркәсіптік зиянкестер, поллютан, қатты иіс және т.б.).  
19. Диспансеризация критерийінің эффективтілігі БА толық немесе жартылай бақылау: • аптасына күндіз 2 эпизод немесе мүлдем болмауы • күнделікті тұрмыстық белсенділігінің айқын емес шектелуі немесе физикалық жүктеменің шектелмеуі • түнгі астманың болмауы (немесе  2 рет айына) ұстамадан ояну болмау • жедел жәрдем дәрілеріне қажеттілік болмау (≤ 2 эпизод аптасына) • өкпе қызметінің қалыпты көрсеткіштері  
20.

Науқаспен қолайлы байланыс орнатты, толық өзін өзі дұрыс ұстады, үрей сезімін басты. Науқасқа ауруды жеңуге құлшынысын көтерді

 

 

Симуляцияға жабдықталу:

1. Есебі бар парақша, волонтера сценарийі (науқас), әр қадамды ағалау парақшасы

2. ЖҚА, ЖЗА, ПФМ, жалпы қақырық анализі, микрореакция, спирография, ЭКГ нәтижелері.

3. Тонометр, фонендоскоп, секундомеры бар сағат

 

1. актер – пациент.

Жабдықталу:

жалпы тәжірибелі дәрігер кабинеті

1. Дәрігер және науқасқа орындықтар– 2

2. дәрігер столы – 1

3. Кушетка – 1

4. Медициналық шкаф дәрілермен

 

 

Әдебиеттер:

4. GINA 2015

5. Общая врачебная практика: национальное руководство. Т1/под ред.акад. РАМН И.Н.Денисова, проф. О.М.Лесняк. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013. – 976 с

6. Подростковая медицина: Руководство. 2-е изд.\Под ред.Л.И.Левиной, А.М.Куликова. СПб: 2006, - 544 с.

7. Классификация заболеваний внутренних органов с примерами формулировок клинических диагнозов. 2—е изд. – Руководство для практических врачей и студентов медицинских вузов – Алматы, 2012. – 158 с.

8. Общая врачебная практика : диагностическое значение лабораторных исследований: учебн.пособие. \ Вялов С.С. – 5-е изд. – М.: МЕД-пресс-информ, 2013. – 176 с.

9. Приказ МЗ и СР №183 от 31.03.2015 г. «Правила проведения экспертизы временной нетрудоспособности, выдачи листа и справки о временной нетрудоспособности».

10. Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года №907 «Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения».

 

Өңделген: БМСК кафедрсының ассистенті Капарова К.М.

Рецензенттер аты жөні: доц. Салимова С.С., доц. Карибаева Д.О.

 

КОП жиналыста бекітілген, 21.01.2016ж , протокол № 5 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.