Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





йымдық-Құқықтық нысанына сәйкес қаржылық қатынастардың ерекшеліктері



1.3. Ұйымдық-Құқықтық нысанына сәйкес қаржылық қатынастардың ерекшеліктері

   Кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық нысаны, олардың қаржылық ерекшеліктерін көрсетеді. Кәсіпорындардың қаржысын заманға сай үйымдық – құқықтық нысанының жалпы және негізгі ерекшеліктерін айқын көрсету өте қажетті. Ол өз ішінінде керекті нысанын, формасын анықтауды көздейді. Практика жүзінде кәсіп орын қаржылық ерекшеліктерді ескермесе, онда ол жеке меншікті иеленушілердін, әкімшіліктердің, жұмысшылардың арасында келіспеушілікке алып келуі мумкін.

Кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық нысаны өзінің жарғылық капиталында көрсетіледі, ал ол оз кезегінде заннама талаптарына сәйкес болұы керек. ҚР дың заннамасында меншіктін екі нысана қарастырылған: жеке және мемлекеттік емес занды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншігі кіреді. Меншік құқығының ерекше түріне қоғамдық ұйымдардың меншігі жатады.

Мемлекеттік меншікке республикалық және коммунальдық меншік жатады.

Жоғарда аталған меншік нысандарының ішінде ар түрлі шаруашылық құрылымдар құрылуы мүмкін, ол өз кезегінде көп түрлі ұйымдық – құқықтық шаруашылық нысандарын құрайды                    

1. Мемлекеттік меншікке негізделген, мемлекеттік кәсіп орындар, оның ішінде:

- Республикалық ҚР-дың әлеуметтік және экономиқалық дамуына жалпы мемлекеттік мақсаттарға сәйкес негізделген;

- Комунальдық меншіктегі кәсіп орындар-белгілі территорияға байланысты тұрғылықты халықтың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылады және ол жергілікті тәуелділікте, яғни басқарұында болады.

2. Занды тұлғалардың жеке меншігінде құрылған кәсіп орындар:

- Жарұашылық серіктестіктердің ар түрі, соның ішінде, акционерлік қоғамдар, кооперативты кәсіп орындар мен ұйымдар

3.Қоғамдық бірлестіктердің меншігінде құрылған кәсіп орындар.

4.Құрылтайшылардың бірлескен мүлкінең, соның ішінде шетелдік занды тұлғалардың және азаматтардың бірлескен кәсіп орындары.

5.Азаматтардың меншігінет негізделген жеке меншігі.

6.Жоғарыда аталған меншік нысандарының құралатың аралас кәсіп орындар.

Кәсіп орындардын, ұйымдардың, мекемелердің жіктемелік сипаттамасы, әсі ресе жеке сүбьектінің күрделі қаржылық жүйесінің ерекшеліктері оны әр дайым жақсартып отырұды, қызметін құқықты негізде реттеуді, тиімді басқарұды және қаржылық процестерін бақылап отырұды қажет етеді.

Корпорация қаржысының ұйымдастырылуы келесідей негізде жүргізіледі.

1 мүліктің жекешеленуі, бухгалтерлік баланстың болуы:

2 осы мүлкімен, міндеттемелері бойынша жауапкершілік:

3 банкте есеп шотының болуы;

4 өз атынаң қатынасқа түсуі.

Екінші – кәсіпорын қаржысының үйымдастырлу қағидасы;

1 дербестік;

2 өзін – өзі қаржыландыру;

3 қаржылық қызметінің нәтижесіне қызығушылық;

4 қаржылық қызметінің нәтижесіне жауапкершілік;

5 қаржылық қызметті бақылау

Үшінші – кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасу көздер;

1 амортизациялық төлем;

2 қаржылық қызметтерден және шаруашылық іс – әрекеттердің барлық түрлерінең келетін пайда;

3 серіктестікке қатысушылардың қосымша пай жарнасын төлеу;

4 шығарылатың облигациялардаң алынатын қаражат;

5 акционерлік қоғамдардың жабық және ашық түріне акцияларды шығару арқылы және үйлестіру арқылы жұмылдыратың қаражаттар;

6 банктерден алынатын мезгілінен бұрын төленетін несиелер және басқа кредиторлардан алынатын несиелер(облигациялық займдардан басқа);   

7 басқа да заңды қаражат көздері (заңды тұлғаның және жеке тұлғаның ерікті ақысыз жарна төлемі).

Акционерлік қоғам заңды және жеке тұлға акционерлерін біріктіреді. Акционерлік қоғамдардың акционерлердің құқықтарын қорғау АҚ-ның қаржылық қызметінің негізгі жағдайы болып табылады. АҚ-ның мүліктері тапқан табыстардан құралады, оны ашық түрде сатып немесе жабық түрінде тіркелу арқылы және басқада құралу көздерінен көруге болады.

   Мүліктің қалыптасып құрылуы:

- Акцияларды жабық және ашық нысанда сату;

- Табыс табу, алу;

- Басқа да құралу көздері.

АҚ – коммерциялық үйым. Акционерлер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап беремйді жіне өздеріне тиесілі акциялары шегінде тәуекел етеді.

Акционерлерөздеріне тиесілі акцияларына толығымен қоғамның міндеттемелері бойынша төленбеген сома көлемінде ортақ жауапкершілікте болады.

АҚ – ның фирмалық атауы болады, ол оның ұйымдық – құқықтық нысаның және түрін анықтайды.

АҚ ашық және жабық болып бөлінеді. АҚ – ның бөлімшелері мен өкілдіктері қоғамның орналасқан жерінен тыс заңды тұлға болып табылмайды және қоғам бекіткен ереже бойынша қызметін атқарады. Еншілес және тәуелдіқоғамдар заңды түлға құқығын иеленеді.  

 

 

         

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.