Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Корпоративтік Қаржылардың МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ



I ТАРАУ

Корпоративтік Қаржылардың МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Корпарация қаржыларын ұйымдастыру ерекшеліктері

Қазіргі рыноктық экономикада шаруышылық субьектілер арасынан корпорациялар маңызды орынға ие. Соңғы онжылдықта «экономиканың корпоративті секторы» леген термин қазіргі заман бизнесінің экономикалық теориясы мен тәжірбиесіне кең түрде енуде. Экономиканың нақты секторындағы жетекші орынды корпорациялар алады. Мысалға , АҚШ-та компания нарығының 1/20 бөлігін алатын корпорациялар жалпы сату көлемінің 80%-на ие .

 Көптеген жағдайларда корпорациялар акционерлік қоғам нысанасында ұйымдастырылып , өздерін шаруашылық субьектілердін өзінді және ерекше түрі ретінде көрсетеді. Корпорациялар акционерлік қоғам ретінде келесідей ерекшеліктермен көрініс табады :

Біріншіден , қолда бар акциялар нысанындағы капиталдары бар ірі компаниялардын акциялары қор нарығында сатылады және сатып алынады .

 Екіншіден , акционерлік қоғамдардың ерекшеліктерінің қатарына олардың өздерін өзі басқаруымен қызмет атқаратын заңды тұлға ретінде көрсетуінде .

   Үшіншіден , акционерлік қоғамдар өндірістік және коммерциялық қызмет мақсатында ұйымдастырылады .

     Төртіншіден , қазіргі заманның акционерлік қоғамдары өздері бизнесті ұйымдастырудың тиімді нысаны ретінде көрсетеді .

Олар едәуір қосымша күн жасайды , ірі капитал қорын жинақтайды , қарыздың жоғары деңгейін болдырмауға тырысады ,үлкен табысқа ие және жетекші қаржылық технологияларды қолданады.

  Ірі акционерлік қоғамдар экономиканың корпоративті секторын құрайды . Олар нарықтық жағдайда бизнесті ұйымдастырудың әр түрлі   және қазіргі заманның талаптарына сай технологияларын қолданады .

Сонымен қатар , ірі акционерлік қоғамдардың қаржыларының жиынтығы түріндегі корпаративті қаржылар - компания мен экономиканың басқа да қатысушылары бар арасындағы қаржылық нысандағы әр түрлі ішкі және сыртқы қарым – қатынастарын білдіреді . Олар компанияның табыстарын құру , бөлу және пайдалану процесінде пайда болады . Корпаративті қаржылар ақша қатынастарының ауқымдылығымен және әртүрлілігімен ерекшеленеді.

Корпорация (латын сөзінен алынған) – тап немесе маманданған мүдделермен біріккен қоғамдастықты,қоғам,одақ, тұлғалар тобын білдіреді. Ол капиталистік жүйеде кеңінен қолданылатын акционерлік қоғам формасы, қазіргі кезеңде монополиялық бірлестіктердің негізгі түрлеріне айналып отыр.

Ван Хорн корпорацияға келесідей анықтама береді: «Корпорация-бұл заңды негізде құрылған кәсіпорын,оның мүлікті иемденуге және міндеттемелерді алуға мүмкіндігі бар»

С.Росс бұл ұғымға келесідей түсініктеме келтіреді: « Корпорация- құрылтайшылары бір немесе одан да көп жеке немесе заңды тұлғалар болатын дербес жеке тұлға ретінде құрылған бизнес түрі».

Басқа бизнес ұйымдарымен салыстырғанда корпорациялардың айрықша белгілері- олар меншік иелеріне тәуелсіз қызмет етеді, сонымен қатар, жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен немесе кәсіпкерлікпен салыстырғанда маңызды артықшылықтары бар. Корпорация меншік иелеріне жауапкерлігі шектеулі емес қз атынан ақшалай нысанда капитал тарту құқығына ие . Сондай-ақ, корпорацияға қатысты кемшіліктерді қанағаттандыру үшін акционерлердің жеке мүлкін тәркілеу мүмкін емес. Корпорация меншігінің бір бөлігіне құқығы акционерлік капиталдағы үлесімен расталады , мұндағы әр акция иеленушіге  акцияның жалпы мөлшеріне сәйкес мүлік бөлігі тиесілі.

Келесі бір артықшылығы – акцияларды өзге тұлғаларға беруге болады. Сонымен қатар , акция иелері өз акция пакетін басқа инвесторларға сатып , корпорациядан шыққанымен корпорация өз қызметін тоқтатпайды.

Сонымен, бизнесті ұйымдастыру нысаны ретінде корпорацияның негізгі артықшылықтары болып келесілер табылады: меншік құқығын иелену және жаңа акция пакеттерін эмиссиялау көмегімен салыстырамалы түрде аз уақытта қосымша ақша ресурстарын алу. Бұл екі артықшылық индустриалды дамыған елдерді корпоративтік қаржыландыруда маңызды рөл атқаратын қаржы нарығында іске асырылады.

АҚШ,Канада, Жапония және тағы басқа индустриалды дамыған елдерде кәсіпкерлік қызметтің корпоративтік ұйымдастырылу нысаны шешуші болып табылады.

Мамандардың бағалауы бойынша, бүгінгі таңда 150 мемлекеттегі 180 мың бөлімшелерін қоса алғанда корпоративтік құрылым белгілеріне ие 40 мыңга жуық  салааралық бірлестіктер бар. Олар дамыған мемлекеттердің саудасы мен өнеркәсіптік өнімдердің 50% «ноу-хау», технология жаңа техникаға барлық лицензиялар мен патенттердің 80%-ға жуығын бақылауда.

Шоғырландыру мен орталықтандыру  корпоративтік құрылымдардың құрылуына бастапқы негіз қызметін атқарады.

1.2. Корпоративтік қаржыларды ұйымдастыру қағидалары

 

Корпоративтік қаржыларды ұйымдастыру қағидаларына төмендегілер жатады:

· Шаруашылық қызметті өзін-өзі қаржылаңдыру және өзін-өзі өтеу;

· Айналым қорларын қалыптастыратын көздердің меншікті және тартылған болып бөлінуі;

· Ақшалай ресустардың болуы.

Шаруашылық қызметті өзін-өзі реттеу қағидасының мәні-корпорацияларға өндірістік және ғылыми техникалық дамуы туралы шешімдерді қабылдауға және оны іске асыруға қолда бар материалдық, еңбек және қаржылық ресурстар тұрғысынан дербестік беру. Корпорация тікелей өз қызметін  жоспарлайды және өндірілетін өнімге деген сұранысына байланысты даму перспективасын анықтайды. Жедел және ағымдағы жоспарлардың негізін өнімді тұтынушылар мен материалдық шикізаттарды жеткізушілермен жасалған келісім – шарттар қүрайды . Қаржылық жоспарлар өндірістік жоспарларда көзделген шараларды ақщалай ресурстармен қамтамасыз етуге , сонымен қатар мемлекеттің бюджет жүйесінің мүддесіне кепілдік беру бағытталған .

Қосымша – қаржы ресурстарды тарту үшін корпорациялар бағалы қағаздарды шығарады және қор биржалардың қызметіне қатысады .

Өзін-өзі өтеу қағидасының мәні – корпорацияның дамуына жұмсалған қаражаттар пайда және басқа меншікті қаржылық ресурстар есебінен өтелуі тиіс . Бұл қаражаттар корпорацияның меншікті капиталының минимальді нормативтік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге қажет . Қаржыландыру жай және ұдайы өндірістегі меншікті көздердің және бюджет есебінен жүргізіледі және бюджет жүйесіне салық төленеді .

Өзін - өзі қаржыландыру өзін – өзі өтеуге қарағанда тек рентабельдік жұмысты емес , сонымен бірге , бюджет жүйесінің кірісін қалыптастыруды жай және ұдайы өндірісті іске асыратын коммерциялық негіздегі қаржы ресурстарын қалыптастыруды көздейді.

    Өзін - өзі қаржыландыру қағидасы келісім шарттағы міндеттемелерді, несиелік – есеп айырысу және салықты төлеу ережелердің орындалуы үшін корпорацияның материалдық жауапкершілігін күшейтуге мақсатталған .

Шаруашылық келісім – шарттарды бұзғаны үшін айыппұл төлемдерін өтеу , басқа үйымдарға шығындарын төлеуден , кәсіпорынды өнімді жеткізу міндеттемесін орындаудан босатпайды .

Айналым капиталының қорлану көздерінің меншікті және тартылған болып бөлінуі – экономиканың арнвйы салаларында өндірісті ұйымдастыру және технологиялық ерекшеліктерімен анықталады.

Маусымдық сипаттағы өндіріс салаларында айналым қорлардың тартылған көздерінің үлесі басым , ал ауыр өнеркәсіп , көлік , коммуникация салаларында меншікті айналым қорлары басым .

Қаржы резервтерін құру қағидасы нарықтық конъюнктура жағдайында корпорацияның серіктестіктері алдындағы өз міндеттемелерін өтемец жауапкершілігін реттейтін тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін қажет .

Акционерлік қоғамдағы қаржы резервтері таза пайдадан заңды негізде құрылады , ал басқа шаруашылық субьектілерде олардың жинақталуы құрылтайшылық құжаттарда белгіленеді .

Практикада бұл қағидалардың іске асырылуы қаржы саясатын жасау және шаруашылық субьектінің қаржысын басқару жүйесін ұйымдастыру арқылы жүргіізіледі . Ол үшін төмендегідей жағдайларды ескерген жөн :

-қызмет саласы (Коммерциялық және коммерциялық емес )

-қызмет түрі (бағыты) – экспорт, импорт;

-салалық ерекшелігі (өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, ауыл шаруашылығы);

-кәсіпкерлік қызметтің үйымдық-құқықтық нысандары.

Бұл қағидаларды орындау корпорацияның табыстылығын және қаржылық тұрақтылығын практика жүзінде арттырады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.