|
|||
бөлім. Қоректендіру блогі және айналдыру мен күшейту блогын құрастыру4 бөлім. Қоректендіру блогі және айналдыру мен күшейту блогын құрастыру 4.1 Қоректендіру блогі және өңдеуші және күшейту блогі Қоректендіру блогі айналмалы токтің 220 В, 50 Гц бір фазалы желісіне қосылған. Блоктің беткі панелінде: – тумблер - желі 2,0, А сақтандырғыштары, шығыс қуатының жарық шығарушы индикациясы, тітіркендіру тоғының орнату кедергісінің датчиктері – І датчик тоғы, ІІ датчик тоғы; – Кернеу айналдырушысы +15 В, – 15 В аспалы сызба бойынша салынған; – 15 В (0,25 А) – 15 В (0,25 А) кернеу тұрақтандырғышы ретінде; – VD9, VD10 стабилитрондары пайдаланылған; – +15 В (0,25 А), – 15 В (0,25 А) қуаттарының тұрақтандырғышы ретінде K142EH8E микросызбасы қолданылған; – +5 В қуаты R1 кедергілі +15 В қуатынан және VD3стабилитронмен ұйымдастырылған. Синусті тоқ генераторы аспалы сызба арқылы DА1 микросхемасында автоматты түрде дабыл амплитудасын реттеу жүзеге асырылған артқы генератордан және Т1 шығыс трансфрматорымен төменгі жиілікті күшейткішінен тұрады. Күшейткіш DА2 операциалық күшейткіштен тұрады. Жиілігі 400Гц болатын айнымалы тоқ А3, А4 боктарында қалыптасады. А3, А4 боктары бірдей және синусті тоқ генераторы, күшейткіш және қуат күшейткіші бар. Синусті тоқ генераторы DА1 микросызбасында аспалы сызбада автоматты түрде дабыл амплитудасын реттеумен жүзеге асырылған, генерация жиілігі 400 Гц. DA2 микросызбасы арқылы жиналған жиілігі 400 Гц синусті дабыл VТ4, VT5 транзистрлердегі және R22, R23 каскадтағы тоқ бойынша каскад күшейткішінен тұратын екі тактілі қуат күшейткіш кірісіне келіп түседі. Күшейткіш тиянақты жұмыс істеуі үшін R15 резисторы арқылы кері байланыспен қамтылған. Т1 трансформаторының ІІ және ІІІ орамдарында айналмалы тоқпен қамтамасыз ету үшін оның төртінші орамынан тоқты тербелісті автоматты реттегішке беріледі. Түзетілген және сүзілген тоқ генератордың тербелісін реттейтін VТ1 далалық транзистрінің шүріппесіне беріледі. VT1 транзисторінің шүріппесінде нөлдік потенциалы тербеліс жиілігіне сай келеді және тоқ көбейген сайын шүріппедегі тербеліс азаяды. R12 резисторы арқылы шығудағы тоқты бірқалыпты реттеу жүзеге асырылады, T1 трансформаторының алғашқы орамында орам санының өзгеруімен кірудегі тоқты дискретті реттеу қамтамасыз етіледі. Кері байланыстың коэффициент тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін осы трансформатордың бұрмалары қызмет етеді. ІІ орамға күш датчигі қосылады, ІІІ орамнан бақылау тоғы ажыратылады және ол ӨКБ блогіне беріледі. Блок датчиктер дабылын 0-10 В тұрақты тоқ қуатына айналдыруға арналған. Блоктің датчиктердің дабылын айналдырудың U1 және U2 екі каналы бар. ӘрбірU1 және U2 каналы (DА3) интеграторының және (DА4) күшеткішінің (DА1, DА2) түзеткіштерінен тұрады. Олардың көмегі арқылы датчик дабылы түзетіледі,сүзіледі және күшейтіледі. R13 резисторы арқылы арнайы күшейту коэффициентін реттеу жүргізіледі. Блок панелінің бетінде: – SA1- жұмыс режимін өлшеу/бақылау ажыратқышы; – XS1 датчиктің шығу дабылын өлшеуге арналған кіру бақылау ұяшығы; – Бақылаудағы R2орнатылған U 400 Гц кедергісіне арналған тесік.
|
|||
|