Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





бөлім. Таспалық конвейердегі салмақ өлшеу құрылғыларының сипаттамасы



Кіріспе

Қазіргі заманауи технологиялық процестерде материалдардың ағымын реттеу мен есебін өлшеуші және салмақ мөлшерлеуші жүйелер арқылы жүргізу маңызға ие болуда. Салмақ өлшеу қондырғыларының халық шаруашылығының түрлі саласындағы рөлінің артуының маңызды факторлары болып технологиялық процестерді толық автоматтандыру мен материал салмағының оның сапасы мен өнім бағасына әсері туралы ақпараттың ықпалы болып табылады. Өндірісті басқарудың автоматты жүйесін кеңінен қолдану және жүк ағымы туралы ақпаратты тиімді және тез қолдану өлшеуші құрылғылардың рөлін арттырды. Осыған байланысты қалыпты және қатал жағдайда жұмыс істейтін өлшеуші және салмақ мөлшерлеуші құрылғылардың дәлдігіне, өнімділігіне, сенімділігіне деген талап артып отыр.

Өлшеуші және салмақ мөлшерлеуші құрылғылар өндірістің түрлі саласында, ғылыми зерттеулерде, сондай-ақ басқа да ғарыштық және авиациялық техникаларды, кеме құрастыру, энергетикада т.б. техникаларды құру және қолдануда пайда болатын мәселелерді шешуде, автоматтандырылған өндіріс жүйелерінде барынша кең қолданылуда.

Салмақ өлшеуші техниканың қазіргі кездегі дамуының ерекшелігі қозғалыстағы объектілерді өлшеуде қолданылуы, сондай-ақ өлшеуші және салмақ мөлшерлеуші құрылғылардың тек бақылау үшін ғана емес, технологиялық процестерді басқару үшін де қолдануда болып табылады. Осыған байланысты өлшеуші және салмақ мөлшерлеуші құрылғыларға берілген дәлдікті сақтаумен қатар, жылдам әрекет ету, көрсеткішті тіркеу, ЭҚМ бірге жұмыс істеу және ақпаратты сандық таблода көрсету талабы да қойылады.

Автоматтандырылған өндірісті басқару жүйесі (АӨБЖ) мен технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ТПБАЖ) өндірісті және технологиялық процестерін басқару мақсатында қолдану өлшеуіш және салмақ мөлшерлеуші құрылғыларынан алынған ақпаратты қолдану тиімділігін барынша арттырды. Бұл, өз кезегінде, қолданудың барынша қиын жағдайында жұмыс істейтін таразы құрылғыларының жылдам әрекет етуі мен дәлдігін барынша арттыруға бағытталған зерттеу мен талдамаларды қарқынды жүргізуге әкелді.

   

 

1 бөлім. Таспалық конвейердегі салмақ өлшеу құрылғыларының сипаттамасы



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.