|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырма №9. Тапсырма №10. Тапсырма №11Тапсырма №9
Науқас 19 жаста, шағымдары: құрғақ жөтелге, 2-3 күн ішінде температурасының 37,5-37,8°С жоғарлауына, тұмауға. Объективті: жағыдайы орташа ауырлықта, тамағы қызарған, өкпенің екі жағындада қатқыл тыныс естіледі, сырылдар жоқ, жүрек тондары ашық, жжж – 90 рет минутына, АҚҚ 120/70 мм сб. бғ. Сіздің болжамды диагнозыныз? A)Жедел пневмония B) Жедел бронхит C)Ларинготрахеит D)Бронхиалды астма
Тапсырма №10
Науқас 43 жаста, шағымдары: үнемі аз мөлшердегі шырышты қақырықпен жөтелге, күш түскен кезде ентігуге. 20 жылдан артық темекі шегеді. Кеудесі бөшке тәрізді, дауыс дірілі екі жақтада әлсіреген. Перкуторлы: қорап дыбысы естіледі. Өкпеде тыныс шығаруы ұзарып, қатқыл тыныс, екі жанында, тыныс шығарған кезде, сырылдар естіледі.Осы ауру кезінде қай зерттеу ең мағыналы болып есептеледі? A)өкпе рентгенографиясы B)қақырықтың жалпы зерттеуі C)спирография D) бронхоскопия
Тапсырма №11
Науқас М. 45 жаста, шағымдары: тәүлігіне мөлшері 100 мл-ге дейін шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, температурасының 38°С жоғарлауына. Анамнезінде: 5-6 жыл бойы жөтеледі, кейінгі 2 жыл ішінде өршүлер жиіледі. Объективті: өкпеде әлсіреген тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Қай диагноз дұрыс болып есептеледі? A)созылмалы жәй бронхит B) созылмалы обструктивті бронхит C)созылмалы іріңді бронхит D) бронхоэктатикалық ауру
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|