![]()
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырма №1. Тапсырма №2Стр 1 из 9Следующая ⇒
Тапсырма №1
Сізді 67 жасар М. Есімді науқас шақырды. Ол: қатты бас ауруына, көз алмасының ауруына, дене температурасының 39 градусқа көтерілуіне, құрғақ, жөтелгенде кеуде тұсында ауру сезімінің пайда болуы, кеуде клеткасының сол бөлігіндегі физикалық жүктемеде пайда болатын ауру сезімі валидол қабылдағанда басылады. Ауру екі күнге созылды. Анамнезінде: 3 жыл бұрын миокард инфаркты болған. Зерттеу кезінде жасырын интоксикация симптомдары және жоғары тыныс жолдарында катаральды өзгерістер анықталды. Өкпеде қатаң везикулярлы тыныс. Жүректі тыңдау кезінде- тахикардия, біртекті экстрасистолия. ЖЖС 120 рет. Мин. АҚҚ 120/80 мм.с.б. Сіздің әрекетіңіз?
Тапсырма №2
Науқас Р.,34 жаста. Бала кезінен созылмалы бронхитпен зардап шегеді. Соңғы 4 жылда қақырық өте көп мөлшердің шығатындығын айтады (300 мл тәулігіне), әсіресе таңертеңгі уаққытта, иісі жағымсыз, кейде қақырықтан қан белгілері пайда болады. Бүгін таңертеңгі уақытта өте күшті жөтелдің мазалағанын, жасыл түсті қақырықтың пайда болғандығын , аяқ астынан жөтелгенде ашық түсті қөанның п.б. айтады. Тері түсі цианозданған. Тырнақтары сағат әйнегіндей, кеуде клеткасы эмфизематозды. Перкуссияда қорапты дыбыс. Аускультацияда өкпеде құрғақ және ылғалды орта көпіршікті сырылдар. Көбінесе оң жақ бұғана аймағында естіледі. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|