|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Адамның мәні мен табиғаты туралы классиктердің көзқарастарына салыстымалы талдау жасап, оларды топтастырып көрсетіңізСтр 1 из 2Следующая ⇒
30.Қазақ халқының қалыптасуында әлеуметтік, экономикалық және саяси факторлардың атқаратын рөліне социологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз Халықтың қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе. Өткен сабақтарда біз Қазақстан жерін сонау қола дәуірінен бастап мекендеген тайпаларды, олардың түр-әлпеті, тілі, мәдениеті қандай екендігін қарастырдық. Әрине, қола дәуірінде, яғни бұдан 3—4 мың жыл бұрын өмір сүрген андрондық тайпаларды біз қазақ халқының тікелей ата тегі деп атай алмаймыз. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, сармат тайпаларын да тек қазақтың ата тегі деп түсіну тарихқа қиянат болар еді. Тіпті түркі тайпаларының өзі Орталық Азия, Еділ бойы халықтарына, қала берді сонау солтүстік-шығыстағы Колымадан оңтүстік-батыстағы Балқан түбегіне дейін шашырап жатқан түркі жұрттарының шығу тегіне қатысы болғандығын есте сақтау керек. Еуразияның кең-байтақ төсінде өзінің тарихи аумағын, мәдениеті мен тілін, дінін қалыптастырған қазақ деген халықтың күні кеше ғана пайда болмағандығы белгілі. Қазақ халқының нәсілдік-генетикалық, мәдени тегінде сонау андрондықтардан бастап үзілмей келе жатқан бір желі бар екендігін анық байқаймыз. Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті бірнеше шарт бар. Олар: · 1. халықтың өзіне төн мәдениетінің қалыптасуы; · 2. халық мекендеген аумағының қалыптасуы; · 3. өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы; · 4. халықтың тілінің қалыптасуы; · 5. халықтың ортақ атауының қалыптасуы; · 6. халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы. Осы аталған халықтық белгілер, әсіресе этностық, нәсілдік-генетикалық, мәдени, тілдік қасиеттер ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Ал этностық аумақ, этностық сана, халықтық этноним этногенездің соңғы кезеңіне қарай қалыптасты. 31.Э.Дюркгеймнің діни антропологияның дамуына қосқан үлесін «Діни өмірдің қарапайым түрлері» еңбегіне талдау жасау арқылы көрсетіңіз. Дiни антропология - дiни дәстүрлердегі адам және оның жаратушыға, қасиеттiлiкке қатынасы туралы түсiнiктер, сонымен қатар адамның шығуы мен бағыт-бағдары, адам өмiрiнiң мәні, күнәсі мен құтқарылуы (хамартиология мен сотериология), өлімі және өлімнен кейінгі тіршілігі(танатология и эсхатология) туралы зерттейтін ғылыми пән. Дiни антропология – философиялық - дінтанулық білімнің бір саласы ретінде адам туралы имплициттік (қасиетті және діни текстер бойынша) көзқарастарды оқумен қатар оның экспликациялық, әр түрлі діни дәстүрлердің адам туралы ілімдерінің теологиялық және діни – философиялық кешенін зерттейді. Дiни антропология философиялық - дінтанулық білімнің бір элементі ретінде ХХ ғасырдың екінші жартысында Ресейде және шет елдерде жеке ғылыми пән болып қалыптасты. Дiни антропология методтары ретінде топтамалауды, саластыру методын, жалпығылыми, философиялық, дінтанулық методтарды атап өтуге болады. Дiни антропологияның негізгі мәселелеріне келесі мәселелерді жатқызуға болады: әлемнің діндерінің қасиетті және діни текстеріндегі антропологиялық имплициттік көзқарастарды; антропологиялық терминологияны; ұлттық діндердегі антропологиялық көзқарастарды; діни дәстүрлердің адам туралы теологиялық және діни-философиялық ілімдерді; дескриптивтік, нормативтік және практикалық діни антропология.
32.Этнос пен ұлт ұғымдарының айырмашылығына салыстырмалы талдау жасап, азаматтық ұлт ұғымының қалыптасу жағдайларын атап көрсетіңіз. Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ортақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мүраға қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады. Ұлт — қоғамды ұйымдастырудың анағұрлым кең тараған бірлігі. Негізінде XX-XXӀ ғасырлар ғаламдық деңгейдегі саяси ұйымдасудың негізгі бірлігі болып табылатын ұлттық мемлекетке сәйкес келуі керек. Ұлт мемлекетті қажетті заңдылықпен қамтамасыз етеді және тек ұлттық мемлекеттер халықаралық қатынастардың толыққанды субъектілері ретінде өмір сүре алады деген пікір қалыптасқан. Ұлттық емес мемлекеттер толыққанды болып есептелмейді. Олар не ұлттыққа айналуы керек, не өмір сүруін тоқтатуы керек. КСРО дан кейін қалыптасқан ұғым бойынша, ұлт — белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан, оның өмір сүруін қамтамасыз етіп, оған өзіндік түр беретін субстанционалды-рухани негізі бар, бірыңғай тіл, мәдени, психологиялық, ділдік (менталитет), өмір салты сияқты ерекшеліктер тән әлеуметтік қауым. Бұл Сталинниің ұлттқа берген қате анықтамасы негізінде айтылған көзқарас. Себебі бұл жиынтықта айтылған компоненттерде саяси ерік және осы еріктің негізінде туындайтын саяси мемлекет туралы еш нәрсе айтылмайды. Марксистік идеология негізінде ұлттың негізгі саяси компоненті жойылып, ұлт ұғымы этнос деңгейіне дейін төмендетілген. Оның бірнеше себептері болған. Біріншіден, марксистік көзқарас бойынша коммунизм орнағаннан кейін ұлттар жойылу керек еді болашақта. Екіншіден, отарлаушы мемлекетте ұлттың шынайы саяси көрініс табуы мүмкін емес еді. Сондықтан советтік кезеңнен қалған шолақ анықтамалардан сақ болу керек. 33.Техногендік өркениеттің салдарлары, адамзат болашағына тигізер жағымсыз әсерлері, бұл әсерлерді болдырмау үшін қолданылатын шараларды атап көрсетіңіз Техногендік өркениет Еуропа аймағында ХІV-XVІ ғасырларда қалыптаса бастаған.Қайта өрлеу, реформация және ағартушылық заманында бұл өркениеттік құндылықтар жүйесінің ядросы қалыптаса бастады. Ол адамның қоғамдағы орны мен функциясын айқындауға бағытталды. Адамның табиғатты өзгертудегі және оны өзіне бағындырудағы ролі еске алынды. Бұл жасампаздық құбылыс техногендік өркениетке тән еді. Бұл әдеттегі мәдениетте болмайтын. Дәстүрлі мәдениеттер әлемді жаңғыртуды, адамның табиғатқа үстемдігін қамтамасыз етуді өздеріне мақсат етіп қоймады. Техногендік өркениет табиғатты жансыз, органикалық емес дүние деп таныса, дәстүрлі өркениет оны тірі дүние, жанды организм деп қарап, адамды соның бір бөлшегі деп есептеді. Бүгінгі жаһандану үдерісін академик В.Степин техногендік өркениет экспансиясының жемісі деп бағалайды. Техногендік өркениет әлемге орасан зор жетістіктер ала келді. Халықтың көбі өздерінің болашағын осы өркениетпен байланыстырды. Бұдан жарты ғасыр бұрын осы өркениет әлемді жаһандық дағдарысқа жетелеп келеді деп ешкім де ойламаған болар. Қазіргі шындық басқаша болып отыр. Техногендік өркениет планетаны дағдарыстың құшағына да бөледі. Техногендік өркениет бұл күнде әлемге тосын жайларды сыйлап отыр. Жаһандық дағдарыстар – осының дәлелі. Техногендік мәдениеттің құндылықтарының базистік жүйелерін өзгертпей бұл алапаттардан құтылуға бола ма? Бұл сұраққа академик жоқ деп жауап береді. Құндылықтарды жаңарту үшін ол адамдар қызметінің мақсатын түбегейлі өзгертуді ұсынады. Бұл үшін залалы мол болған техногендік өркениеттен жоғары көтеріліп, дамудың жаңа сатысына жетісуді ұсынады. Бұл үшінші жолды қажет етеді. Бұл дәстүрлі және техногендік өркениеттерге қарағанда өзгеше, үшінші сатыға көшу деген сөз. Бүгінгі постиндустриялық қоғам техногендік өркениеттің одан әрі жай жалғасуы емес, бұл өркениет дамуының жаңа белесі, жаңа биігі болып табылады. Дамудың жаңа сатысын қалыптастыру үшін қазіргі мәдениет бірден-бір алғышарт бола ала ма? деген сауал туындайды. Бұл үшін табиғатқа деген бұрынғы көзқарасты қайта қарау керек болар. Адамның табиғатқа үстемдік ету идеясынан бас тарту қажет болары сөзсіз. Академик В.Степин өркениетті жеке сөз етпей, бүгінгі жағдайда оны дамудың формациялық жолдарымен қатар алып сөз етеді. Техногендік өркениеттің жетістіктері мен кемшіліктерін қоса көрсетіп, бүгінгі постиндустриялық кезеңде өркениеттік дамудың жаңа белесіне көтерілуді қажет деп отыр. Бұл жаңа өркениет болмақ. Атақты философтың тұжырымы бойынша, жаңа заман құндылықтардың жаңа үлгісін дүниеге әкеліп, өркениеттік жаңа кезеңге аяқ басудың алдында отыр. В.Степиннің бағытын ұстану өркениет туралы түрлі ұғымдарды шатастырмауға мүмкіндік береді, өркениет (цивилизация) деп мәдениет пен өмір құндылықтарының жаңа деңгейін қалыптастыруды түсінетін боламыз. Бұл жаңғыру материалдық дүниенің жаңаруы ғана емес, рухани әлемнің де жаңа сапаға көтерілуі болып табылады. 34.Антропоцентризмнің мәні неде? Жеке ғалымдардың көзқарастарын басшылыққа ала отырып, түсіндіріп беріңіз. Космоцентризм-әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) . Теоцентризм-барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш- Құдай арқылы түсіндіру (Орта ғасырлық европа философиясына тән ерекшелік). Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады). Осы антропоцентризмнің алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек философы Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.). Антропоцентризм - [грек. anthropos - адам, centrum - орталық] - дүниенің орталығына адамды қоятын италяндық Қайта Өрлеудің тұжырымдамасы. Ол Еуропалық Жаңа заман мен Ағартушылық идеологиясына әрі өмірлік өлшеміне және гуманизмнің маңызды шартына айналды. Ежелгі дәуірде негізі қаланғанымен табиғат аясынан шыға алмады. Жаңа заманда адам еріктері мен мінез-құлықтары туралы тұжырым қалыптасты, оның қағидалары нарыққа, демократияға, азаттық қоғамға бет бұрған әлеуметтік мәдениетті басшылыққа алды. Сондай – ақ М.Штирнер өз ілімінде Антропоцентризмнің мейлінше эгоистік, жеке-дара түрін көрсетті. Адамзатты дәріптеп, оған бас июге де болады (П.Боранецкийдің тұжырымдамасы). Антропоцентризм принципі - адам дегеніміз барлық нәрсенің өлшемі (тезисті Софист Протагор тұжырымдаған). Тоталитарлық тәртіптер мен кейбір дамыған елдер жағдайында Антропоцентризм тәжірибелік сипат алады, табиғат талан-таражға түсіп, экологиялық дағдарыс етек алады.
35.Адамның мәні мен табиғаты туралы классиктердің көзқарастарына салыстымалы талдау жасап, оларды топтастырып көрсетіңіз Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Дүниені біртұтас ретінде және сол дүниедегі өзінің кім екені, ондағы алатын орны жөніндегі ойлар мен сезім тебіреністерін тудырады. . Адам өмірі мән-мағынасының даму бағытын анықтауда философияның алатын орны мен қызметі ерекше. Адам дүниені тану барысында тек қана оны ой-өрісімен қамтып қана қоймай, өз іс-әрекеттерімен түйістіріп, Дүниеде бұрынғы-соңғы болмаған жаңа нәрселерді, құбылыстарды тудырады. Орта ғасырдың ғұлама ойшысы А.Августин айтқанындай “адамның өзі Дүниедегі орасан тұңғиық, оның сезім толқыны мен жүрек тебіренісін есептеу адамның басындағы шашты есептеуден де қиын. Фейербахтың антропологиясына келетін болсақ, антропологиялық материализм теориясы: -нағыз, шын өмір сүретін табиғат пен адам ғана; -адам табиғаттың бір бөлшегі -адам материалдық пен руханилықтың бірлігі -адам философиясының басты мәселесі болу керек -табиғат мәңгі және шексіз -бізді қоршағанның барлығы-матияның алуан түрлі көрінісі -идея дегеніміз өздігінен өмір сүрмейді, ол адам санасының өкілі. -Құдай өз бетінше жеке өмір сүрмейді, құдай-адамның елесінің желісі. К. Маркстің байқауынша, жеке адам – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Яғни жеке адам тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда, ұжымда) ғана қалыптасады». И. С. Кон социолизацияны барлық әлеуметтік және психологиялықтың жиынтығы деген. Ол дегеніміз, жеке адам білімді жүйелі түрде меңгеруді, оның нормалары мен құндылығынн, оған қоғамның мүшесі ретінде жұмыс істеуге құқық береді. Адам - әлеуметтік тұлға. Ол өмірге келгеннен бастап әр түрлі әлеуметтік әрекеттестіктерге кіргізіледі. Адам тілі шықпастан бұрын ол әлеуметтік қатынасқа ие болады. Әлеуметтік үрдіс адамдардың қатынасы және бірлескен қызметтерімен тығыз байланысты, психологиялық көзқараспен қарағанда әлеуметтану механикалық бейнелеу сықылды қаралмайды. Әр түрлі тұлғалар бірдей жағдайлардан әртүрлі әлеуметтік тәжірибе шығара алады. Табиғат пен адам табиғаты арасындағы байланысты осы екі өзара қарама-қарсылықтар, бірақ жеке тұрғанда әлсіз, өзара бір-бірін толықтыратын қызметтер арқылы орнату теориялық мәнде маңызды салдарға жетелейді. Классикалық ойлау жүйесінде адам табиғатқа да, езіне де, басқа тіршілік иелеріне де тумысынан дарыған жарым-жарты, шектеулі, ерекше "табиғаттың" көмегінсіз-ақ кірігеді. Адам табиғаты "жалпы табиғатпен" білім механизмдері қызметі арқылы ғана қосылады немесе, дәлірек айтсақ, классикалық әдістеменің ұлы жүйесінде жалпы табиғат, адам табиғаты және олардың өзара қарым-қатынасы қызметтік анықтауға және болжауға келетін сәттер болып табылады. Ал, әуелгі қалың реалдылық, күрделі объект және кез келген мүмкін білімнің жоғарғы субъектісі ретіндегі адамның өзіндік ешқандай орны жоқ.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|