Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дәрілік заттардың фармакокинетикасы.



Дәрілік заттардың фармакокинетикасы.

1. Фармакокинетиканың негізгі параметрлерін атаңыз (1,2,3,4,5).

2. ”Биотиімділік” терминін қалай түсінесіз?

3. “Биоэквиваленттілік” терминін қалай түсінесіз?

4. Дәрілік заттардың таралу көлемін қалай түсінесіз?Ол неге байланысты?

5. Дәрілік заттардың қан плазмасының белоктарымен байланысуы неге әсер етуі мүмкін? 

6. Элиминация константасы деген не?

7. Жалпы клиренсті құрайтын компоненттерді атаңыз (1,2). Олардың әрқайсысы неден құралуы мүмкін?

8. Дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсер ететін факторларды қандай топтарға бөлуге болады (1,2) Түсіндіріңіз.

9. Мөлшердің түрлерін атаңыз (1-9).

10. Орташа тиімді мөлшер дегеніміз не?

11. Терапиялық индекс дегеніміз не?

12. Терапиялық әсердің кенділігі дегеніміз не?

 

ІІ. Білімнің қорытынды деңгейін

Сабақтың соңында тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша тест түрінде жүргізіледі.

1.ТАҚЫРЫП №2.2.:«Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың фармакодинамикасы.»

2.МАҚСАТЫ:

Үйрету:

· дәрілік заттардың енгізу жолдарын тандауды

· дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсер ететін факторларды анықтауды

· эксперименттік фармакологиядағы қазіргі заманғы теориялық концепцияларды бағалауды

· алған білімді болашақ кәсіби қызметте қолдануды

3. ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

Студент білу керек:

· дәрілік заттар фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарын

Студент үйрену керек:

· дәрілік форманы таңдауды

· дәрілік заттарды енгізу жолдарын таңдауды

· клиника және дәріхана қызметкерлерін, тұрғындарды ақпараттандыру үшін дәрілерілік заттар туралы мәліметтерді іздеуді және өңдеуді.

4. ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

1. Дәрілік заттардың фармакодинамикасы, анықтамасы және мазмұны.Дәрілердің алғашқы фармакологиялық әсері (эффект),орналасуы және әсер ету механизмі. Дәрілік заттардың әсер етуінің негізгі принциптері. Арнайы рецепторлар, агонисттер мен антагонисттер туралы түсініктемелер.

2. Дәрілік заттардың ағзаның биомолекулалар арасындағы байланысының түрлері.

3. Дәрілік заттар әсерінің түрлері: жергілікті және резорбтивті; тікелей және тікелей емес (жанама, екіншілік); жалпы жасушалық, таңдамалы және басымдылық; негізгі және жанама; қайтымды және қайтымсыз, терапиялық және улы. Фармакотерапияның түрлері.

4. Дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсер ететін факторлар.

5. Дәрілік заттарды қайта енгізгенде олардың әсерінің өзгеруі: жиналу (материальды және функциональды), сенсибилизация, үйрену, дәріге тәуелділік ( психикалық және физикалық). Дәріге тәуелділікпен күресудің медициналық және әлеуметтік аспектілері.

6. Дәрілік заттарды біріктіріп қолданғандағы әсерлері. Заттардың фармакологиялық өзара әсерекетке түсуі. Синергизм, оның түрлері. Антагонизм, оның түрлері. Антидотизм. Дәрілік заттардың фармакодинамикалық және фармацевтикалық сәйкессіздігі туралы түсінік.

7. Дәрілік заттардың ағзаның қасиеттеріне байланысы: жеке ерекшеліктеріне, физиологиялық және патологиялық жағдайларына, генетикалық факторларына.

8. Биоритмдердің дәрілік заттардың әсеріне ықпал тигізу. Хронофармакология туралы ұғым.

9. Дәрілік заттардың жағымсыз әсерінің түрлері: аллергиялық емес кері әсерлері; препараттардың мөлшерден тыс қолданумен байланысты токсикалық әсер; аллергиялық текті (ГНТ, ГЗТ) әсерлер ағзаның сезімталдылығының төмендеуімен байланысты әсерлер; арнайы, токсикалық әсердің білінуі (эмбриотоксикалық, фетотоксикалық, мутагенді, тератогенді, канцерогенді әсерлер); генетикалық факторлармен байланысты әсерлер (идиосинкразия және т.б.).

5. САБАҚ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ:

· дискуссия - тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау

· кіші топтарда жұмыс істеу

· «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» Д. А. Харкевич 2005 ж. бойынша тапсырмаларды орындау: 20-35 беттер, I-XX тапсырмалар

· «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» Д. А. Харкевич 2005 ж. бойынша есептерді шешу: 35-38 беттер, II.1-II.6 есептер

6. ӘДЕБИЕТ:

орыс тілінде:

негізгі:

1. Харкевич Д:А: Фармакология: Оқулық. Москва. «ГЭОТАР – МЕД» баспасы, 2006 – 734 бет

2. Харкевич Д:А: « Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии», М.: Медициналық информациялық агенттік (МИА), 2004 – 452 бет.

қосымша:

1. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Оқулық. Москва «ГЭОТАР – МЕД» баспасы, 2007 – 591 бет.

2. Бертрам Г. Кацунг. Базисная и клиническая фармакология (м.ғ.д., проф. Э.Э.Эварту аудармасы) – Санкт – Петербург, 1998, т.1 596 бет, т.2 623 бет

3. Бертрам Г. Кацунг. Базисная и клиническая фармакология (м.ғ.д., проф. Э.Э.Эварту аудармасы) – Санкт – Петербург, 2007, т.1

4. Клиническая фармакология, В.Г. Кукес редакциясымен, – М.: ММА баспасы, 1999, 528 бет.

5. Лоуренс Д.Р, Бенитт П.Н. «Клиническая фармакология», екі томдық, ағылшын тілінен аударылған, 1991, т.1 656 бет, т.2 704 бет

6. Машковский М.Д. «Лекарственные средства». М., 2008 – 1206 бет.

7. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. Д.Г.Грэхам – Дж.К.Аронсон, М.: Медицина, 2000, 552 бет.

8. Михайлов И.Б., Клиническая фармакология. Санкт-Петербург, «Фалиант», 2002, 493 бет. 

қазақ тілінде:

негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Қазақ тіліне аудармасы. 2004. - 451 с.  

7. БАҚЫЛАУ:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.