|
|||
І. Білімнің бастапқы деңгейінСтр 1 из 3Следующая ⇒
1.ТАҚЫРЫП №2.1.:«Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы» 2.МАҚСАТЫ: Үйрету: · дәрілік заттардың енгізу жолдарын тандауды · дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсер ететін факторларды анықтауды · эксперименттік фармакологиядағы қазіргі заманғы теориялық концепцияларды бағалауды · алған білімді болашақ кәсіби қызметте қолдануды 3. ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ: Студент білу керек: · дәрілік заттар фармакокинетикасының жалпы заңдылықтарын Студент үйрену керек: · дәрілік форманы таңдауды · дәрілік заттарды енгізу жолдарын таңдауды · дәрілердің негізгі фармакокинетикалық көрсеткіштерін бағалауды: биотиімділікті, қан плазмасының ақуыздарымен байланысуын, таралу көлемін, жартылай шығарылу кезеңін, элиминация константасын · клиника және дәріхана қызметкерлерін, тұрғындарды ақпараттандыру үшін дәрілерілік заттар туралы мәліметтерді іздеуді және өңдеуді. 4. ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ: 1. Жалпы фармакологияның анықтамасы мен мақсаттары. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы, анықтамасы және мазмұны. Фармакокинетиканың негізгі параметрлері. Биотиімділік пен биоэквиваленттілік туралы ұғым. 2. Дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсер ететін факторлар.Фармакологиялық әсер дәрілік заттардың қасиетіне және олардың қолдану ерекшелігіне байланысты.Дәрілік заттардың химиялық құрылымы және физика-химиялық қасиеттерінің маңыздылығы. . Әсердің әсер етуші заттың дозасына (концентрациясына) тәуелділігі. 3. Мөлшердің түрлері: минимальды, орташа және жоғары терапиялық доза, бір реттік, соққыгер, курстық, улы, өлімге әкелетін дозалар. Орташа тиімді доза, терапиялық индекс және терапиялық әсердің кеңдігі туралы ұғым. 5. САБАҚ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: · дискуссия - тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау · кіші топтарда жұмыс істеу · «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» (РЛЗФ) Д. А. Харкевич 2005 ж. бойынша тапсырмаларды орындау: 20-27 беттер, I-XXI тапсырмалар; · «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» РЛЗФ Д. А. Харкевич 2005 ж. бойынша есептерді шешу: 26-28 беттер, 1.1-1.6.есептер; 6. ӘДЕБИЕТ: орыс тілінде: негізгі: 1. Харкевич Д:А: Фармакология: Оқулық. Москва. «ГЭОТАР – МЕД» баспасы, 2006 – 734 бет 2. Харкевич Д:А: « Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии», М.: Медициналық информациялық агенттік (МИА), 2004 – 452 бет. қосымша: 1. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Оқулық. Москва «ГЭОТАР – МЕД» баспасы, 2007 – 591 бет. 2. Бертрам Г. Кацунг. Базисная и клиническая фармакология (м.ғ.д., проф. Э.Э.Эварту аудармасы) – Санкт – Петербург, 1998, т.1 596 бет, т.2 623 бет 3. Бертрам Г. Кацунг. Базисная и клиническая фармакология (м.ғ.д., проф. Э.Э.Эварту аудармасы) – Санкт – Петербург, 2007, т.1 4. Клиническая фармакология, В.Г. Кукес редакциясымен, – М.: ММА баспасы, 1999, 528 бет. 5. Лоуренс Д.Р, Бенитт П.Н. «Клиническая фармакология», екі томдық, ағылшын тілінен аударылған, 1991, т.1 656 бет, т.2 704 бет 6. Машковский М.Д. «Лекарственные средства». М., 2008 – 1206 бет. 7. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. Д.Г.Грэхам – Дж.К.Аронсон, М.: Медицина, 2000, 552 бет. 8. Михайлов И.Б., Клиническая фармакология. Санкт-Петербург, «Фалиант», 2002, 493 бет. қазақ тілінде: негізгі: 1. Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Қазақ тіліне аудармасы. 2004. - 451 с. 7. БАҚЫЛАУ: І. Білімнің бастапқы деңгейін Студенттердің сабақтың тақырыбы бойынша дайындық деңгейін тексеру үшін сабақтың басында жүргізіледі. Әр студентке билет беріледі. Билетте дәрілік заттардың фармакокинетикасы бойынша сұрақтар (анықтауға және тізімдеуге) болады. Білімнің қорытынды деңгейін бақылауға арналған сұрақтар
|
|||
|