|
|||
ГеоГебра тегін, әрі қазақ тіліндегі жалғыз бағдарлама. ⇐ ПредыдущаяСтр 2 из 2 ГеоГебра тегін, әрі қазақ тіліндегі жалғыз бағдарлама. ҰБТ-да кездесетін есептердің шығару жолдары да көрсетілген. «ГеоГебра» мүмкіндіктері: - «Жансыз фигуралар мен графиктерге жан бітеді. - Кез-келген фигураны анимациялауға, яғни қозғалысқа келтіруге болады. - «Ойнау» батырмасы арқылы сабаққа керек сызбаны алдын-ала сызып алып, қайталап көрсетуге болады. - Қолданушының компьютерлік сауаттылығы артады. - Геогебра интерфейсі Мәзірде: тіл, шрифт, сақтау, көрініс, басып шығару, баптаулар сияқты орналасқан. Құралдар тақтасында: Бұл жерде Графиктер алаңында геометриялық фигураларды салуға болады. Құралдар сипаттамасында:Бұл жерде біз таңдаған немесе орындаған фигураларға сипаттама беріледі. Алгебралық сипаттамада: Бұл жерде Графиктер алаңында салынған фигураларға алгебралық сипаттама беріледі. Кіріс алаңында: Бұл жерде сіз кез келген функцияның формуласын тересіз, Графиктер алаңында графигі салынады . Графиктер алаңында: Кез келген геометриялық фигураны, графиктерді салуға болады. Сабақ барысында оқушыларды логикалық қорытынды жасап, өз істеріне, бір-бірінің жұмысына баға беріп отыруы, мұғалім тарапынан бағаланып отыруы маңызды екені айтпаса да түсінікті, кез-келген еңбек бағалануы тиіс. Өз сабағымда осы маңызды кезеңді үнемі жүзеге асырып отырамын. Мақсатты кері байланыс пен рефлесия сабақтың ажырамас бөлігі. Рефлексия - адамның өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі.кері байланыстың түрлері төмендегідей мақсаттарды қамтиды: 1. Көңіл-күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс 2. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс 3. Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс
|
|||
|