Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жаңартылған білім мазмұнына сай



Жаңартылған білім мазмұнына сай

7 модульмен ұштастырылған 40 минут

 

Бүгінгі жаһандану  кезеңінде жас ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Себебі қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі сұранысқа ие, жоғары деңгейде болуы қажет.

       Сондықтан да заманауи ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Білім дегеніміз - мектепте оқытқанның барлығын ұмытқаннан кейін қалатын нәрсе. Жас ұрпақты мектепте алған білімін өмірде тиімді қолдана алатындай етіп оқыту, яғни бұл үдерісті жүзеге асыратын сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіруі және өз шәкірттерін тұлға ретінде тануы керек. Ұлы Абайдың: «Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек»,- демекші, шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. Педагогтың бұл үш көмекшісі сапалы әрі табысты оқытуына жол ашады.

Сондықтан да мен өзімнің сабақ берудегі «Жаңартылған білім мазмұнына сай 7 модульмен ұштастырылған  40 минут» атты әдісімді ұсынамын. Мақсатым: өзіне сенімді, дәлел уәждерін жеткізе білетін, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған және үш тілді жетік меңгерген, рухани құндылықтары жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»,-деген екен Әбу-Насыр Әл-Фараби. Сол себепті де, біз әрбір сабағымызда оқушыларға құндылықтарды дарыта отырып, адамгершілікке, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа, имандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеуіміз керек.

Өз сабағымда қолданатын оқытудың белсенді әдіс-тәсілдеріме тоқталар болсам:

- Ынтымақтастық оқыту

- «Қорытынды шығару және есте сақтау»

-  «Ақпарат жинау»

-  Дереккөздер

-  «Ойлан-жұптас-бөліс»

-  «Зымыран сұрақтар»

-  Сабақтарда АКТ мүмкіндіктерін пайдалану және т.б

Әр 40 минут - оқушы өмірінің маңызды кезеңі!!!

Ынтымақтастық оқыту проблемаларды шешу, тапсырманы орындау, әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді, топта бір-бірінің пікірін тыңдау, уақытты тиімді пайдалану, сыйластықты сақтау жүзеге асырылады.

- «Қорытынды шығару және есте сақтау»

Бүгінгі жаһандану дәуірінде талап үрдісінен шыға білетін, заман көшіне ілесетін, қоғам өміріне сай табанды, жігерлі, ұшқыр ойлы, еліміздің ертеңі - алдымызда отырған шәкірттеріміз. Сондықтан оқушылардың жалпы функционалдық сауаттылығын арттыру міндетін ұстаздар әр сабақта жүзеге асыруы тиіс. Осы мақсатта сабақтарымда белсенді оқытудың «Қорытынды шығару және есте сақтау» әдісі арқылы жаңа сабаққа қажетті ұғымдарды еске түсіру мақсатында өткен материалдарға шолу жасатамын. Нәтижесінде оқушыларға оқудың келесі кезеңін түсінуге мүмкіндік тудырамын.

- «Ақпарат жинау»

Оқу бағдарламасын жаңартудың ақпарат және технологияларды қолдану алғышартына сүйене отырып, сабақ мақсатына жету үшін белсенді оқытудың «Ақпарат жинау» әдісін қолданамын. Оқушыларға оқулықтағы тақырыпты өз бетінше оқып-үйрену тапсырылады. Нәтижесінде  әр оқушының ақпаратқа нәтижелі түрде (уақыт тұрғысынан) және тиімді түрде (дереккөз тұрғысынан) қол жеткізу дағдысы дамиды. Ақпаратты жинауға, іріктеуге, игеруге қалыптастыра отырып, саралаудың дереккөздер тәсілі арқылы анағұрлым күрделі мәтіндермен жұмыс жүргізу қабілеттерін арттырамын.     

«Зымыран сұрақтар»

Сұрақтар мазмұны: дайын тұжырымдамалар мен формулалардан дұрысын белгілеу. Мақсатым жақсы сараптама негізінде ақпаратқа

түсініктеме беру және қорытынды шығарту үшін, оқушыларды әр сабақ барысында диагностикалық тексеруге, функционалдық сауаттылығын арттыруға, ҰБТ-да дұрыс жауап беруге дағдыландыру. Нәтижесінде тақырып бойынша қорытынды жасайды, тақырып бойынша дайындық дағдысы қалыптасады, дайын жауап арқылы тексере отырып, оқушы өзін-өзі бағалайды. Саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрініс табады.

Сабақтарда АКТ мүмкіндіктерін пайдалану

ü Презентациялар

ü Видеолар

ü Тест тапсырмаларын орындау

ü Вilimland.kz

ü Анимация

ü Geogebra бағдарламасы

ü Онлайн-калькуляторлар

Жоғарыда аталғанкомпьютерлік бағдарламалардың ішінен өзім қолданып жүрген бірнешеуіне тоқталғым келеді.

 Анимация (Animation) - ол қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі.

Соңғы кездері жиі қолданыста жүргенGeoGebra бағдарламасы — бұл тегін, білім берудің барлық деңгейлері үшін кросс-платформалы динамикалық математикалық бағдарлама. Құрамында геометрия, алгебра, кестелер, бағандар, статистика және арифметика секілді бөлімдері бар бағдарлама.

       Сонымен қоса, бағдарламаның функциямен жұмыс жасау мүмкіндігі мол. Бағдарламаны Маркус Хохенвартер Java тілінде жазған. 39 тілге аударылып, қазіргі уақытта белсенді дамып жатыр.

«Геогебра» бағдарламасымен жұмыс істеуге нұсқаулықтар:

Бұл бағдарлама мектеп бітіруші талапкерлердің математика пәні бойынша дайындалуына зор мүмкіндік береді, математиканы үйрету мен үйренуге өте тиімді «Геогебра» бағдарламасын қалай қолдану қажеттігін түсіндіретін бейнероликтер де бар.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.