Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Күрделі кемістігі бар тұлғалардың педагогикалық жүйесі



 Жоспар:

1. «Күрделі кемістік», «кұрама бүзылыстар» үғымдары.

2. Бүзылыстары күрделі балалардың негізгі топтары.

 3. Күрделі кемістіктері бар адамдарға түзету-педагогикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру.

Мақсаты: студенттерді дамуында күрделі кемістіктері бар балалар тобымен таныстыру

Күрделі кемістігі бар тұлғалардың педагогикалық жүйесі

Сонғы жылдары дамуында күрделі кемістігі бар балалар санының катары дүние жүзінде көбеюі мен оларға біліктілік тұрғысынан көмектесу бойынша ғылыми-әдістемелік нүсқаулыктардың жоктығы казіргі арнайы эдебиеттерде дамудағы күрделі кемістік проблемасының көкейкестілігін арттырып отыр. Бүгінгі күн практикасы эр түрлі кемістіктері бірігіп кеткен балалардың барлык типтегі арнайы мекемелерде кездесетіндігін дэлелдейді. «Күрделі кемістік» түсінігі немесе, қазіргі ғылыми - 112- айналымдағы «дамудағы күрделі кемістік» ұғымы әдебиеттерде эр түрлі түжырымдалған. Осы үғымдар карастырылған арнайы әдебиеттёр мен зерттеулерді жан-жакты талдау негізінде «дамудағы күрделі кемістік» бойынша көп түрлі үғымдар бар екендігін байкатты. Осы үғымның синонимдері болып «дамудың күрделі закымдануы», «дамудың күрделі аномалиялары», «бірігіп кеткен зақымданулар», «аралас закымданулар», «жиынтык кемістіктер» «ауыр жэне көп зақымданулар» жэне т.б. табылады. Н.М. Назарова балалардын күрделі зақымдануына бір индивидумның басында екі жэне одан көп бастапқы психофизикалык кемістіктердің бірігулерін (есту мен көруі бүзылуы, зияты мен есту қабілетінің бұзылысы, есту кабілетінін зақымдануы мен церебральдык паралич, көрудің бүзылуы мен балалар церебральдык параличі жэне т.б.) жатқызады. Қазіргі уақытта АҚШ-та балалардын кору мен есту қабілеті закымдануымен катар окытудың «көп кедергілері бар» арнайы бағдарламалары жұмыс істейді. Бүл термин бірнеше зақымдары бар, мәселен ақыл-есі кемістердің кору немесе есту органдары зақымдануларымен бірігіп кетуін білдіреді. Бүл жағдайдағы «кедергі» окыту міндеттерін киындатады, өйткені бүл балалар бір кемістікке бағытталган арнайы мекемелерге орналаса алмайды. С.Е. Гайдукевич көптеген закымдануы бар ауыр форма түрғысынан интеллектулдык дамуы бұзылған балалардын, кору, есту, ~ 113- дене құрлысының жетіспеушілігі мен тэрбиедегі киындықтарының бірігуін түсіндіреді. В.Н. Чулковтың пайымдауынша күрделі кемістік дегеніміз баланың әлеуметтік бейімделуіндегі дамуының зақымдануы мен қиындыктарының құрылымын аныктайтын бірдей дэрежедегі екі немесе одан да көп бұзылулардың бірігуі. «Кемістіктің күрделі кұрамы» жэне «күрделі кемістігі бар балалар» үғымдарының теңестірілуі дүрыс емес. Л.С. Выготскийдың түжырымдарына негізделе отырып, М.В. Жигарева әрбір түрақты бүзылу бастапқы және кейінгі иеархиялық ңұрылымына ие екендігіи анықтайды. Ягни әр кемістік сатылылы: бастапқы сатысынан және оның салдарынан (кемістіктің екінші сатысы) тұрады - бұл эр жеке кемістіктік күрделі цүрамын білдіреді. Демек, практикалық сұрактардың дүрыс шешімі күрделі жэне күрделенген бүзылуларды аныктау барысындағы негіздемені накты түсінуді талап етеді. Кешенді зақымданулар туралы мәселені аномальдык дамудың күрделі кұрылымының негізгі ережелері туралы білімдер контексінде ғана карастыру мүмкін. Бұзылыстар бірігіп бір- біріне көп қырлы ықпал етеді жэне өзара күшейе түседі. Оның соңынан, бөлек бір зақымданудың карапайым сомалық қосындысымен салыстырғанда сапалык жэне сандық түрғыдан айтарлықтай дөрекі кері салдары болуы мүмкін. Күрделенген закымдану - біркатар бастапкы закымдануларға ие, бірак оның біреуі негізгісі, жетекшісі болып табылатын, — 114 — аномальдык даму құрылымын анықтайтын, яғни екінші ауытқуға негіз болатын бұзылуды айтады. Сонымен бірге екінші кемістік бастапкы болғанымен айкын көрініс таппаған немесе компенсацияға бағынатын, дейтұрғанмен ол негізгі жетекші кемістікке ықпал етеді. Бұдан басқа, біркатар дереккөздерде «көптік зақымданулар» ұғымы қарастырылып, баланын дамуындағы үш немесе одан да көп бастапқы бұзылулардың жиынтығы. Оның эр кайсыеы кері ықпалды ауытқуға ие болатындығын білдіреді, мәселен: соқыркерен акыл- есінің закымдануымен ұштасуы. Жоғарыда айтылғандар негізінде мынадай тұжырым жасауға болады: күрделі (кешенді) кемістік дегеніміз эрбірін бөлек алғанда аномальдык дамудың кұрылымы мен сипатын аныктайтын бірқатар бастапкы ауыткулардын бірігуі. Закымданулар бір-біріне көп қырлы ықпал етеді жэне олар өзара күшейе түседі. Онын соңынан, бөлек бір зақымданулардын карапайым сомалык косындысымен салыстырғанда сапалык жэне сандық түрғыдан айтарлықтай дөрекілік тұрғысындағы кері салдары болуы мүмкін. Күрделі кемістіктері бар балалардың негізгі топтары Бүзылыстын кұрылымына карай бүзылыстары үйлескен балалар үш негізгі топка бөлінеді: 1 топ: анык байкалатын екі психикалык жэне дене бұзылыстары бар балалар (саңырау-зағип балалар, акылы кем естімейтін балалар, психикалык дамуында (бастапкы) бөгелісі бар нашар еститіндер); ~ 115 - 2 топ: бір негізгі психикалық жэне дене бұзылысы жэне оған ілескен дамуынын барысын қиындататын тағы бір әлсіз байқалатын бұзылысы бар (есту кабілеті нашарлау ақылы кем балалар); 3 топ: эртүрлі дәрежеде байкалатын және баланың дамуында едэуір ауытқуларға алып келетін көптеген, үш жэне одан артык бүзылыстары (бастапқы) бар балалар (нашар көретін естімейтін акылы кем балалар). Көптеген кемістіктерге, сонымен қатар бір баланың бірқатар бүзылыстарының үйлесімін жаткызуға болады. Күрделі кемістіктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу арнайы педагогиканың толық зерттелмеген жэне аса күрделі проблемасы болып табылады. Осыдан біраз уакыт бүрын осындай балалар оқытылмайтын болып саналатындықтан, оларға нақты педагогикалык көмек көрсету мүмкін емес болып көрінген. Алайда соңғы онжылдықта жағдай өзгерді. Дамудың шешуші факторы баланы білім беру процесіне қосу, баланы мэдени тығырықтан, коршаған ортадан окшаулану жағдайынан шығару болып табылады. Сенсорлык кемістіктері күрделі балалардын санасының даму мүмкіндіктерін шектелген деп санауға болмайды. Зағип-саңырау балаларды тәрбиелеудін психологиялык-педагогикалык жүйесін жасауга коп үлес косылды. Профессор А.И. Мещеряков (Александр Иванович Мещеряков - дефектолог, психология гылымдарыньщ докторы, 1923-1974) загип-саңырау баланың когамда калыптаскан білімді меңгеруін жэне оның ерекше адами мінез-күлқының ~ 116- қалыптасуын камтамасыз ететін бірқатар жағдайларды тұжырымдады. Бұл, біріншіден, заттармен практикалық әрекет жасау, онсыз заттың толык бейнесін тұжырымдау мүмкін емес. Екіншіден, адамның тікелей айналасына жататын заттармен әрекет жасаудың элеуметтік эдістерін пайдалану. Үшіншіден, әрекетгердін баланың кажеттіліктерін канағаттандыруға бағытталуы. Кішкентай зағип-саңырау баланың білім берушілік маңызы бар кызмет саласы өзіне-өзі кызмет көрсету (өзіне-өзі кызмет көрсетуді үйрету) жэне кол еңбегі болып табылады. Нак осы салада алғашқы рет зағип-саңырау адамдарға колжетімді сырткы ортамен элеуметтік эрекеттесу үйымдастырылады. Зағип-саңырау балалар тобы ең күрделі болып табылады. Бұл балалардын ерекшелігі - биологиялык кемістігі бар болғандықтан, олар айналасындағы туралы акпаратты табиғи арналар бойынша алу мүмкіндігінен дерлік толык айырылған жэне арнайы ұйымдастырылған білім беру тәсілі болмаса, ой-өрісі дамымайды. Отандык тифлосурдопедагогиканың негізін салушы И.А. Соколянский (Иван Афанасьевич Соколянский - дефектолог, 1889-1960) болып табылады. Қазіргі уакытта зағип-саңырау балаларды окытудың, олардың кажетті қарым-катынас жасау дағдыларын калыптастырудың арнайы әдістемелері колданылуда. Тифлосурдопедагогтардың міндеті - сенсорлык шектелгендік жағдайларында жеке түлғаны калыптастыру болып табылады



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.