Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Іс әрекет туралы жалпы түсінік.Іс әрекет құрылымы



2)Іс әрекет туралы жалпы түсінік.Іс әрекет құрылымы

Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.[1]

Іс-әрекет – адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз субъект ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны Іс-әрекет объектісі етеді. Адам іс-әрекет үстінде кез келген затқа жат пиғылмен қарамайды. Керісінше осы заттың табиғаты мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, игереді, сондай-ақ өз іскерлігінің өлшемі мен мәні етеді.

Іс-әрекет барысында адам табиғатпен өзара әрекетте болып қана қоймайды, оны бірте-бірте өзінің материалдық және рухани мәдениетінің құрамына кіргізеді. Сыртқы дүниені өзгерту адамның өзін дамытуы үшін қажетті жағдай және алғышарт болып табылады.

Іс-әрекет тұтас процесс қарым-қатынаспен тығыз байланыста және болашақ ұрпаққа бағытталған әлеуметтік сабақтас белсенді құбылыс болып табылады. Адамдардың Іс-әрекеті әрдайым бұрын жасалған дәлелді алғышарттар мен белгілі бір қоғамдық қатынастардың негізінде жүзеге асады. Сол себепті ол нақты тарихи сипатта, нақ осы әлеуметтік шындықтың өмір сүру тәсілі болып табылады.

Іс-әрекеттің философиялық ұғымының барлық әлеуметтік ғылымдар, әсіресе, психология, социология, педагогика, т.б. үшін маңызды дүниетанымдық және методологиялық мәні бар.[2]

Азаматтардың еркімен пайда болатын заңды фактілер, былайша айтқанда еркін қалауын білдіру. Құқыққа сәйкес келушілікке байланысты іс-әрекет (құқық бұзушылықтар ретінде) заңды және заңсыз болып бөлінеді.

Іс-әрекет мынадай құрылымдардан тұрады: мотивтер, іс-әрекеттің әдіс-тәсілдері, мақсаттары және нәтижелері. Әрбір адам іс-әрекеткезінде белгілі бір жағдайларға байланысты және қандай да бір мақсатпен көздеп қимыл жасаушы ретінде әрекет етеді.

Мотив –мақсат болатын ортада іс-әрекеттің әлеуметтік және таптық себептері ерекше айқын байқалады.

Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.

Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады. Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психология әр түрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай, оның түрткілері де, мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт-бағдарына, нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс-әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді. Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив - оның түрлі (мотивтері) қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары, т.б.) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын - рухани қажеттерді (білім, көркемөнер, т.б.) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы - материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы - тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер.Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет етуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелу, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініші-сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Өйткені қажет - адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса, адамдардың қажеттері - іс-әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет - (әсіресе, табиғи қажеттілік) өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер табиғи қажет өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.