ылмыстық-құқықтық норманың қылмысты іс-әрекетті атайтын немесе сипаттайтын бөлігі қалай аталады?
17. Қылмыстық-құқықтық норманың қылмысты іс-әрекетті атайтын немесе сипаттайтын бөлігі қалай аталады?
А) санкция; В) норманы қолдану шарты ; С) гипотеза; Д) диспозиция; Е) жазаның түрі мен мөлшері.
18.Қылмыстық-құқықтық норма жазаның екі және одан да көп түрін көздейтін санкциясы қалай аталады?
А) салыстырмалы-айқындалған; В) абсолютті-айқындалған; С) сілтемелі; Д) балама; Е) бланкетті.
19.Қылмыстың заңға қайшылық белгісінің мазмұны қандай?
А) қылмыстық заңда көзделген тыйымды бұзады; В) қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қол сұғып, оған зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін туғызады; С) адамның іс-әрекет пен оның зардаптарына белгілі бір психикалық қатынасымен сипатталады; Д) айыптыға міндетті түрде жаза тағайындау мүмкіндігінің көзделуімен сипатталады;
Е) мораль талаптарын бұзады. 20. Қылмыстарды санаттарға бөлуге негіз болған жікті(критерийді) атаңыз:
А) қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі; В) кінә нысаны; С) қоғамдық қауіпті зардаптардың сипаты; Д) келтірілген зиян мөлшері; Е) қылмыс субъектісі. 21.Кінәлі түрде істелген төмендегі қылмыстардың қайсысында қылмыстың істелу сатылары болуы мүмкін?
А) салақтықпен жасалған;
В) жеңіл ойлылықпен; С) жанама қасақаналықпен; Д) тікелей қасақаналықпен; Е) қылмыстық пиғылмен.
22. Төмендегі белгілердің қайсысы қоғамдық қауіпті әрекеттің сыртқы көрінісін сипаттайды?
А) кінә; В) субъектінің жасы; С) мақсат; Д) себептілік байланыс; Е) есі дұрыстық.
23. Қылмыс құрамының элементтерінің қатарына жатпайды:
А) қылмыс құрамының объективтік жағы; В) қылмыс құрамының субъективтік жағы; С) қылмыс субъектісі; Д) қылмыс заты; Е) қылмыс объектісі.
24. Қылмыс объектісінің қай түрі «қылмыстық қол сұғушылықтан» қылмыстық заңның көмегімен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп анықталады?
А) жалпы объект; В) топтық объект;,
С) түрлік объект; Д) тікелей объект; Е) факультативтік объект.
25. Ауырлататын және жеңілдедетін мән-жайлардың қылмыс құрамдары қалай аталады?
А) қарапайым қылмыс құрамы; В) негізгі қылмыс құрамы; С) сараланған қылмыс құрамы; Д) формальдық қылмыс құрамы; Е) балама қылмыс құрамы.
26.Қылмыстық заңда көзделген қауіпті зардаптар аяқталған қылмыстың қажетті белгісі болып табылатын қылмыс құрамдары қалай аталады?
А) күрделі қылмыс құрамы; В) формальдық қылмыс құрамы; С) материалдық қылмыс құрамы; Д) жеңілдетілген қылмыс құрамы; Е) балама қылмыс құрамы.
27. Қылмыстың кінәлілік белгісінің мазмұны қандай?
А) қылмыстық заңда көзделген тыйымды бұзады; В) қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қол сұғып, оған зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін туғызады ; С) адамның іс-әрекет пен оның зардаптарына белгілі психикалық қатынасымен сипатталады; Д) айыптыға міндетті түрде жаза тағайындау мүмкіндігінің көзделуімен сипатталады; Е) мораль талаптарын бұзады.
28. Жасөспірімдерге тағайындалуы мүмкін бас бостандығынан айыру жазасының ең жоғарғы шегі қанша жыл ?
А) он жеті жыл; В) он бес жыл; С) бес жыл; Д) он жыл; Е) жиырма жыл.
29. Сыртқы көрінісі белсенді іс-әрекетпен немесе нақты іс-әрекетті орындаудан бұлтарумен сипатталатын қылмыстық заңда тыйым салынған адамның саналы, ерікке бағынған іс-қимылы қалай аталады?
А) қоғамдық қауіпті іс-әрекет; В) қоғамдық қауіпті әрекетсіздік; С) қоғамдық қауіпті әрекет; Д) қылмыс жасау тәсілі; Е) қылмыс жасау құралы.
|