ылмыстық жауаптылық қай жағдайда сақталады?
11. Қылмыстық жауаптылық қай жағдайда сақталады?
А) рақымшылық немесе кешірім актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату; В) жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату; С) ескіру мерзімі өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; Д) жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; Е) жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
12. Төмендегі адамдардың қайсысы Қазақстан Республикасының аумағында жасаған қылмысы үшін ҚР-ның қылмыстық заңдары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды?
А) елде тұрақтану ниеті бар шетел азаматы;
В) шетелдік саяхатшы ; С) шетел мемлекетінің сауда өкілі; Д) азаматтығы жоқ адам; Е) шетел тұратын қазақстан азаматы. 13. Қазақстан Республикасының юрисдикциясы тарайтын аумаққа жатпайды?
А) ғарыш кеңістігіне ұшырылған ҚР-на тиесілі объект; В) шетел елшілігінің аумағы; С) шетел портындағы қазақстандық әскери су кемесі немесе әскери әуе кемесі; Д) Қазақстан Республикасының елшілігінің аумағы ; Е) ашық теңіздегі немесе әуе кеңістігінлегі Қазақстан портына тиесілі кеме.
14. Қылмыс жасалған уақыт деп танылады:
А) қоғамға –қауіпті зардаптар пайда болған уақыт; В) қоғамға қауіпті әрекет (әрекетсіздік) жүзеге асырылған уақыт; С) дайындық әрекеттер жүзеге асырылған уақыт; Д) аяқталмаған оқталу жүзеге асырылған уақыт; Е) аяқталған оқталу жүзеге асырылған уақыт.
15. Қандай заң іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын заң деп танылады?
А) жазаның ең жоғарғы мөлшерін төмендететін; В) жазаның ең төменгі мөлшерін кемітетін; С) іс-әрекетті декриминализациялайтын;, Д) балама санкция көздейтін; Е) сотталғандықты жою және алу мерзімін қысқартатын. 16. Заңды талқылауды грамаматикалық, логикалық, жүйелі және тарихи деп түрлерге бөлуге қандай жік (критерий) негіз болған? А) талқылау көлемі; В) талқылау субъектісі; С) талқылау тәсілдері; Д) талқылаудың құқықтық күші; Е) талқылаудың көлемі мен субъектісі.
|