Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ай заңмен Республика Президенттігіне кандидаттарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін;



83. Қай заңмен Республика Президенттігіне кандидаттарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін;

А. Кодекспен

Б. Шоғырландырылған заңмен

В, Заңмен

Г. Конституциялық заңмен

84.  Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі:

А. Республика Конституциясымен айқындалады

Б. Заңмен айқындалады

В. Республика Конституциясымен және Заңмен айқындалады

Г. Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады

 

85. Қазақстан Республикасы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады:

А. анархиялық

Б. құқықтық

В. ретсіз

Г. берекесіз

 

86.  Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған адам Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күннен бастап:

А. он күн ішінде ант береді

Б. он бес күн ішінде ант береді

В. жиырма күн ішінде ант береді

Г. бір ай ішінде ант береді

 

87. Кімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы бар:

А. әркімнің

Б. өкпесі бар адамның

В. кегі бар адамның

Г. ешкімнің

 

88. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларының мәні:

А. барабар емес

Б. барабар

В. тек заң нормаларын түсіндіруге әр түрлі мағынаны білдіреді

Г. тек заң нормаларын түсіндіруде барабар

 

89. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі:

А. құжаттармен реттеледі

Б. шешімдермен реттеледі

В. заңмен реттеледі

Г. нұсқаулықпен реттеледі

 

90. Қазақстан Республикасының Президенті:

А. соғыс және бітім мәселелерін шешеді

Б. Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тындайды

В. палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметінен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тындайды

Г. Республика дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады

 

91. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар:

А. тіркеледі

Б. жарияланады

В. жойылады

Г. мұрағатталады

 

92. Қазақстан Республикасының Президенті қай сәттен бастап қызметіне кіріседі:

А. тағайындаған

Б. сайланған

В. халыққа ант берген

Г. барлық жауаптар дұрыс

 

93. Астана қаласының шегінде конституциялық заңға сәйкес қай саласында ерекше құқықтық режим белгіленуі мүмкін:

А. қоғамдық қауіпсіздік саласында

Б. қаржы саласында

В. абаттандыру саласында

Г. мәдениет саласында

 

94. Кімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болады:

А. террористті

Б. ұрлықшыны

В. қылмыскерді

Г. ешкімді

 

95.  Қазақстан Республикасы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады:

А. тоталитарлық

Б. демократиялық

В. еркін

Г. сауатты

 

96. Қазақстан Республикасының Президентіне айып тағу және оны тексеру туралы шешім:

А. Сенат депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілігімен қабылдануы мүмкін

Б. Сенат депутаттарының кемінде төрттен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілігімен қабылдануы мүмкін

В. Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілігімен қабылдануы мүмкін

Г. Мәжіліс депутаттарының кемінде төрттен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілігімен қабылдануы мүмкін

 

97. Конституцияның:

А. ең жоғары құқық күші бар

Б. ең жоғары заңнамалық күші бар

В. ең жоғары заңды күші бар

Г. ең жоғары конституциялық күші бар

 

98. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға:

А. Сыртқы істер министрі

Б. Ішкі істер министрі

В. Ішкі және сыртқы саясат министрі

Г. Президент

 

99. Қазақстан Республикасының Президенті Премьер-Министрдің ұсынуымен ненің құрылымын айқындайды:

А. Мемлекеттің

Б. Үкіметтің

В. Парламенттің

Г. Президент әкімшілігінің

 

100. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының не арқылы қорғалуына құқығы бар:

А. полиция

Б. прокуратура

В. сот

Г. заң

 

101. Қазақстан Республикасының Президентін:

А. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Заңына сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды

Б. конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толмаған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды

В. конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды

Г. конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары ашық дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды

 

 

102. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы:

А. Конституциямен белгіленеді

Б. Конституциялық заңмен белгіленеді

В. Заңмен белгіленеді

Г. Парламент регламентімен белгіленеді

 

103. Ұстаған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, түтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап:

А. адвокаттың(қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы

Б. достарының көмегін пайдалануға құқылы

В. ата-анасының көмегін пайдалануға құқылы

Г. туыстарынығ көмегін пайдалануға құқылы

 

104. Кім Қауіпсіздік Кеңесін, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады:

А. Президент

Б. Үкімет

В. Премьер-Министр

Г. Президент Әкімшілігі

 

105. Қазақстан Республикасы:

А. Президенттік басқару нысанындағы федеративтік мемлекет

Б. Парламенттік басқару нысанындағы конфедеративтік мемлекет

В. Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

Г. Парламенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

 

106. Үкімет бастамасымен шығарылатын Президент акттілері тиісінше осы актілердің заңдылығы үшін заңдық жауапкершілік жүктелетін:

А. Премьер-Министрдің алдын ала қолы қойылып тиянақталады

Б. Әділет министрдің алдын ала қолы қойылып тиянақталады

В. Бас Прокурордың алдын ала қолы қойылып тиянақталады

Г. Парламенттің әр палатасының Төрағаларының алдын ала қолы қойылып тиянақталады

 

107. Тұтқындауға және қамауда ұстауға:

А. заңда көзделген реттерде ғана болады және тек қана соттың санкциясымен, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі

Б. тек қана соттың санкциясымен және тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі

В. заңда көзделген реттерде ғана болады және тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі

Г. тек қана соттың санкциясымен болады

 

108. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар:

А. мемлекет меншігінде болады

Б. коммуналдық меншікте болады

В. жеке меншікте болады

Г. монополиялық меншікте болады

 

109. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті:

А. қорғанысты қоса алғанда, ақылға келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы

Б. қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы

В. қорғанысты қоса алғанда, барлық тәсілдермен қорғауға хақылы

Г. қорғанысты қоса алғанда, кез келген тәсілдермен қорғауға хақылы

 

110. Қазақстан Республикасының Президентін мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қортындысымен белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңес қортындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде:

А. төрттен екінің көпшілігімен қабылданады

Б. төрттен бірінің көпшілігімен қабылданады

В. төрттен екі жарым көпшілігімен қабылданады

Г. төрттен үшінің көпшілігімен қабылданады

 

111. Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді:

А. қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады

Б. қарулы күшті қолданудан бас тартады

В. ядролық бомба қолданудан бас тартады

Г. атомдық бомба қолданудан бас тартады

 

112. Адамдың қадір-қасиетіне:

А. қол жетімсіз

Б. сатылмайды

В. қол сұғылмайды

Г. жоғалмайды

 

113. Қазақстан Республикасының Президенті қай министрлерін қызметке дербес тағайындайды:

А. сыртқы істер, ішкі істер, қорғаныс

Б. қорғаныс және сыртқы істер

В. ішкі істер және қорғаныс

Г. қаржы саласындағы

 

114. Халық билікті тікелей:

А. маслихат және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік кәсіпорындарға береді

Б. парламент және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды маслихаттарға береді

В. республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды парламент палатаға береді

Г. республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді

 

115. Ата-ананың етене құқығы әрі міндеті:

А. неке мен отбасы, ана мен әке болу

Б. балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу

В. еңбекке жарамсыз балаларына қамқорлық жасауға

Г. барлық жауаптар дұрыс

116. Заңды түрде белгіленген салықтарды, адамдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу:

А. әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады

Б. әркімнің Конституциялық борышы әрі міндеті болып табылады

В. Салық кодексінің нормасы болып танылады

Г. заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талабы деп танылады

 

117. Сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға кімнің құқығы жоқ:

А. мемлекеттік қызметшілердің

Б. саяси мемлекеттік қызметшілердің

В. сот іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтың

Г, мүгедектің

118. Кімнің шешімінсіз түрғын үйден айыруға жол берілмейді:

А. әкімнің

Б. прокурордың

В. соттың

Г. тұрғын үй комиссиясының

 

119. ҚР Президенті кіммен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын еңгізеді:

А. Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар депутаттарымен

Б. Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар топтарымен

В. Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар францияларымен

Г. Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялармен

 

120. Республиканың азаматтарының азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Азаматтықтан айыруға:

А. ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін соттың шешімімен ғана жол беріледі

Б. әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін соттың шешімімен ғана жол беріледі

В. террористтік қылмыстар жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана жол беріледі

Г. барлық жауаптар дұрыс

 

121. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қай тіл ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады:

А. орыс тілі

Б. қазақ тілі

В. араб тілі

Г. ағылшын тілі

 

122. Республикада мемлекттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде:

А. өкілдік, заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді

Б. өкілдік, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді

В. заң шығарушы, өкілдік және сот тармақтарына бөлінеді

Г. заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді

 

123. Мемлекеттік органдарда:

А. саяси партия ұйымдарын құруға жол берілмейді

Б. партия ұйымдарын құруға жол берілмейді

В. заңсыз партия ұйымдарын құруға жол берілмейді

Г. коммерциялық партия ұйымдарын құруға жол берілмейді

 

124. Мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру мүмкін бе:

А. айыруға болмайды

Б. айыруға болады

В. оның құны өтелген кезде жүргізілуі мүмкін

Г. оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін

 

125. Әркім:

А. өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының құпиялығы сақталуына құқығы бар

Б. жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен құпиялығы сақталуына құқығы бар

В. почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялығы сақталуына құқығы бар

Г. барлық жауаптар дұрыс

 

126. Кім мемлекттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді:

А. Үкімет

Б. Парламент

В. Премьер-Министр

Г. Президент

 

127. Қазақстан Республикасы Президентінің:

А. спортпен айналысуға құқығы жоқ

Б. әдебиетпен айналысуға құқығы жоқ

В. кәсіпкерлік іспен айналысуға құқығы жоқ

Г. шығармашылықпен айналысуға құқығы жоқ

 

128. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі немен белгіленеді:

А. Заңмен

Б. Президентпен

В. Парламентпен

Г. Маслихатпен

 

129. Қоғамдық бірлестіктер:

А. сот алдында бірдей

Б. заң алдында бірдей

В. Конституция алдында бірдей

Г. халық алдында бірдей

 

130. Республика қызметінің түбегейлі принциптері:

А. мемлекет өмірінің барлық мәселелерін ұлттық әдістермен шешу

Б. мемлекет өмірінің маңызды мәселелерін тиімді әдістермен шешу

В. мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін адекваттық әдістермен шешу

Г. мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу

 

131. Қазақстан Республикасында неге сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік береді:

А. Конституцияға

Б. Конституциялық заңға

В. Қылмыстық кодекске

Г. Халықаралаық шарттарға

 

132. Республиканың Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған:

А. Сенат депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтауға әкеп соғады

Б. Мәжіліс депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтауға әкеп соғады

В. Бас Прокурордың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтауға әкеп соғады

Г. Үкіметтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтауға әкеп соғады

 

133. Бір адам қатарынан неше реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды:

А. бір

Б. екі

В. үш

Г. төрт

 

134. Мемлекет өз аумағының:

А. қорғаусыздығын қамтамасыз етеді

Б. бағалауын қамтамасыз етеді

В. бөлінбеуін қамтамасыз етеді

Г. жарамсыздығын қамтамасыз етеді

 

135. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары нені сақтау мақсатында қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін:

А. конституциялық құрылысты қорғау

Б. қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын

В. халықтың денсаулығы мен имандылығын

Г. барлық жауаптар дұрыс

 

136. Қазақстан Республикасының Президенті кімнің келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды:

А. Парламенттің

Б. Үкіметтің

В. Парламент Сенатының

Г. Парламент Мәжілісінің

137. Республика қызметінің түбегейлі принциптері:

А. қазақстандық ізгілік

Б. қазақстандық отаншылдық

В. қазақстандық патриотизм

Г. қазақстандық демократизм

 

138. Респрубликаның егемендігі:

А. оның бүкіл халқына таралады

Б. оның бүкіл аумағын қамтиды

В. оның бүкіл жеке тұлғаларына таралады

Г. оның бүкіл заңды тұлғаларына таралады

 

139. Президент антты:

А. қаңтардың екінші сенбісінде береді

Б. желтоқсанның бірінші жексенбісінде береді

В. желтоқсанның бірінші жұмасында береді

Г. қаңтардың екінші сәрсенбісінде береді

 

140. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан:

А. бір адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады

Б. екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады

В. үш адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады

Г. төрт адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады

 

141. Кімнің тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар:

А. мемлекеттк қызметшінің

Б. әкімшілік мемлекттік қызметшінің

В. саяси мемлекеттік қызметшінің

Г. Қазақстан Республикасы азаматтарының

142. Қазақстан Республикасының Президенті болып:

А. Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар Республика азаматы сайлана алады

Б. тумысынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар Республика азаматы сайлана алады

В. тумысынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы жиырма жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар Республика азаматы сайлана алады

Г. тумысынан Республика адамы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар Республика азаматы сайлана алады

 

143. Заңда көзделген реттерде заң көмегі:

А. қарызға көрсетіледі

Б. несиеге көрсетіледі

В. ақылы көрсетіледі

Г. тегін көрсетіледі

 

144. Кімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу, және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар:

А. мемлекеттік қызметшілердің

Б. кәмелет жасқа толмағандар

В. кәмелет жасқа толғандар

Г. әркімнің

 

145. Республика қызметінің түбегейлі принциптері:

А. қоғамдық тыныштық пен саяси татулық

Б. қоғамдық татулық пен саяси тыныштық

В. қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық

Г. татулық пен тұрақтылық

 

146. Адам құқықтары мен бостандықтары:

А. кәмелетке толғандарға ғана жазылған

Б. Президентке тумасынан жазылған

В. Үкіметке тумасынан жазылған

Г. әркімге тумасынан жазылған



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.