Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ

1. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы:

А. жол ережесін бұзбауға тиіс

Б. этикеттің ережелерін бұзбауға тиіс

В. заң нормаларын бұзбауға тиіс

Г. басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс

 

2. Айып тағылған кезден бастап екі ай ішінде түкпілікті шешім қабылдамау Республика Президентіне қарсы тағылған айыптың:

А. қабылданғанын білдіреді

Б. күші жойылған деп тануға әкеп соғады

В. бір айға ұзартылғанын білдіреді

Г. екі айға ұзартылғанын білдіреді

 

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысын қызметке кім тағайындайды және қызметтен босатады, оның міртебесі мен өкілеттілігін анықтайды:

А. Үкімет

Б. Премьер-Министр

В. Президент Әкімшілігі

Г. Президент

 

4. Республика Президентінің кезекті сайлауы:

А. желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика Үкіметінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс

Б. желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс

В. желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс

Г. желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс

 

5. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып:

А. жауапты болады

Б. жұмыс атқарады

В. қызмет атқарады

Г. міндеттер атқарад

 

 

6. Қазақстан Республикасында:

А. мемлекеттік меншік пен Президенттік меншік танылады жіне бірдей қорғалады

Б. жеке меншік пен Президенттік меншік танылады жіне бірдей қорғалады

В. мемлекеттік, коммуналдық пен Президенттік меншік танылады жіне бірдей қорғалады

Г. мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады жіне бірдей қорғалады

 

7. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды:

А. қолданудың міндетті парызы болып табылады

Б. қолданудың міндетті шарты болып табылады

В. қолданудың міндетті құқығы болып табылады

Г. қолданудың міндетті талабы болып табылады

8. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар:

А. Президенттің игілігіне де қызмет етуге тиіс

Б. адам игілігіне де қызмет етуге тиіс

В. мемлекеттің игілігіне де қызмет етуге тиіс

Г. қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс

 

9. Ненің алдында жұрттың бәрі тең:

А. Мемлекеттің

Б. Үкіметтің

В. Президенттің

Г. заң мен соттың

 

10. Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан:

А. басымдығы болмайды

Б. иммунитеті болады

В. паритеті болады

Г. басымдығы болады

 

11.  Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүддесіне қатысты:

А. құжаттармен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті

Б. шешімдермен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті

В. ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті

Г. барлық жауаптар дұрыс

 

 

12.  Қандай себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді:

А. ұлттық

Б. діни

В. саяси

Г. барлық жауаптар дұрыс

13.  Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде:

А. Президенттің меншігінде де болуы мүмкін

Б. жеке меншікте де болуы мүмкін

В. Шетелдік меншікте де болуы мүмкін

Г. Үкіметтің меншігінде де болуы мүмкін

 

14.  Кімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар:

А. әркімнің

Б. мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың

В, құқық қорғау органдарының

Г. сот органдарының

 

15.  ҚР Президенті кімнің келісімімен ҚР Бас Прокурорын қызметке тағайындайды:

А. Парламенттің

Б. Үкіметтің

В. Парламент Мәжілісінің

Г. Парламент Сенатының

 

16.  Парламент – Қазақстан Республикасының:

А. атқарушы билігін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы

Б. өкілді билігін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы

В. заң шығару билігін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы

Г. сот билігін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы

 

17.  Парламенттің өкілеттілігі:

А. оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталады

Б. сайланғаннан басталады

В. тағайындалғаннан басталады

Г. бекіткеннен басталады

 

 

18.  Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы:

А. халық

Б. Парламент

В. Президент

Г. мемлекет

 

19.  Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін:

А. ақылы алуға хақылы

Б. тегін алуға хақылы

В. несиеге алуға хақылы

Г. қарызға алуға хақылы

 

20.  ҚР Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Президенттің өкілеттігі Парламент Сенатының Төрағасына көшеді; Сенат Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Парламент Мәжілісінің Төрағасына көшеді; Мәжіліс Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол:

А. Премьер-Министрге көшеді

Б. Орталық сайлау комиссиясының төрағасына көшеді

В. Есеп коминтетінің Төрағасына көшеді

Г. жаңа Президент сайланады

 

21.  Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша:

А. ақылы жүргізіледі

Б. тегін жүргізіледі

В. несиеге жүргізіледі

Г. қарызға жүргізіледі

 

22. Әрбір азаматтың қасиетті парызы мен міндеті:

А. мұсылман болу

Б. тұрмыс құру

В. Қазақстан Республикасын қорғау

Г. әскери қызмет атқару

23.  ҚР Президенті Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен:

А. Парламент мүшелерін қызметке тағайындайды

Б. Фракция мүшелерін қызметке тағайындайды

В. Партия мүшелерін қызметке тағайындайды

Г. Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды

 

24. ҚР Президенті Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан келген тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде:

А. төтенше жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды

Б. әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды

В. дабыл енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды

Г. карантин енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды

 

25. Кімдер партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс:

А. әскери қызметшілер

Б. ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері

В. құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар

Г. барлық жауаптар дұрыс

 

26. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға:

А. рұқсат

Б. тыйым салынады

В. тиісті ақы төленгесін рұқсат беріледі

Г. тиісті мемлекеттік ақыны төлегесін рұқсат беріледі

 

27. Халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі:

А. Президент

Б. азамат

В. адам

Г. Парламент

 

28. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері:

А. Заңмен белгіленеді

Б. Акимат қаулысымен белгіленеді

В. Үкімет қаулысымен белгіленеді

Г. Президент Жарлығымен белгіленеді

 

29. Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы:

А. ұлттық фонд

Б. алтын фонд

В. мұнай

Г. адам

 

30. ҚР Президенті кімнің келісімімен ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасын қызметке тағайындайды:

А. Парламенттің

Б. Үкіметтің

В. Парламент Мәжілісінің

Г. Парламент Сенатының

 

31.  Әркімнің не алуға құқығы бар:

А. білікті заң көмегін

Б. ақшалай көмек

В. психологиялық көмек

Г. материалдық көмек

 

32.  Парламенттің өкілеттігі:

А. Конституцияда көзделген реттер мен тәртіп бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін

Б. Конституциялық заңда көзделген реттер мен тәртіп бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін

В. Заңда көзделген реттер мен тәртіп бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін

Г. Парламент регламентінде көзделген реттер мен тәртіп бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін

33.  Мемлекет өз аумағының:

А. жарамдылығын қамтамасыз етеді

Б. сатылуын қамтамасыз етеді

В. бүлінгендігін қамтамасыз етеді

Г. қол сұғылмауын қамтамасыз етеді

 

34. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл:

А. орыс тілі

Б. қазақ тілі

В. араб тілі

Г. ағылшын тілі

 

35. Кім Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады:

А. Президент

Б. Үкімет

В. Премьер-Министр

Г. Президент Әкімшілігі

 

36. Кім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір қасиетін, Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті:

А. әскери қызметшілер

Б. ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері

В. әркім

Г. құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар

 

37. Қазақстан Республикасының Президенті Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін қандай мерзімге тағайындайы:

А. үш жыл

Б. бес жыл

В. алты жыл

Г. он жыл

 

38. Республика Президентінің өкілеттігі:

А. жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап тоқтатылады

Б. Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген жағдайда тоқтатылады

В. қайтыс болған жағдайда тоқтатылады

Г. барлық жауаптар дұрыс

 

39. Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға:

А. жиналыстар өткізуге хақылы

Б. митингілер мен демонстрациялар өткізуге хақылы

В. шерулер өткізуге хақылы

Г. барлық жауаптар дұрыс

 

40. Қазақстан Республикасының Президенті:

А. Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды

Б. Үкімет мүшелерін қызметтен босатады

В. ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді

Г. барлық жауаптар дұрыс

 

41. Өлім жазасы:

А. адамдардың қаза болуымен байланысты терористтік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар

Б. адамдардың қаза болуымен байланысты ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар

В. адамдардың қаза болуымен байланысты соғыс уақытында барлық қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар

Г. соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар

 

42. Қазақстан Республикасын өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады:

А. мұсылмандық

Б. діни

В. дефолттық

Г. зайырлы

 

43.  Мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді ме:

А. беріледі

Б. берілмейді

В. соғыс уақытында ғана беріледі

Г. бейбітшілік уақытта ғана беріледі

 

44. Әркім өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге ҚАЙДА тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі:

А. Ережеде

Б. Регламентте

В. Нұсқаулықта

Г. Заңда

 

45. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі:

А. құжаттармен белгіленеді

Б. шешімдермен белгіленеді

В. заңмен белгіленеді

Г. нұсқаулықпн белгіленеді

46.  Кімнің жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар:

А. әскери қызметшілердің

Б. ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерінің

В. құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялардың

Г. әркімнің

 

47. Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары:

А. Республиканың заңнамасында айқындалады

Б. Республиканың Президентімен айқындалады

В. Республиканың Парламентімен айқындалады

Г. Республиканың Конституциялық Кеңесімен айқындалады

 

48. Әрбір адам қай кезден бастап адвокаттың(қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы:

А. ұсталған

Б. тұтқындалған

В. айып тағылған

Г. барлық жауаптар дүрыс

 

49. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне:

А. жол берілмейді

Б. жол беріледі

В. кепілдік беріледі

Г. кепілдік берілмейді

 

 

50. Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы адам және адамның:

А. азаматтығы

Б. құқықтары мен бостандықтары

В. жұбайы мен балалары

Г. сыры мен құпиясы

 

51. Кім Республика дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады:

А. Үкімет

Б. Премьер-Министр

В. Президент Әкімшілігі

Г. Президент

 

52. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін қандай білім алуына кепілдік береді:

А. негізгі

Б. орта

В. кәсіптік орта

Г. жоғары

 

53.  Республика Президентін қызметінен кетіру туралы мәселе ол:

А. Республика Парламентінің немесе Парламент Сенатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды

Б. Республика Парламентінің немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды

В. Бас Прокурордың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды

Г. Үкіметтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды

54.  Республика азаматының:

А. қос азаматтығы танылады

Б. үштік азамттығы танылады

В. басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылады

Г. басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды

 

55. Қазақстан Республикасында идеологиялық және:

А. экзотикалық әр-алуандылық танылады

Б. поэззиялық әр-алуандылық танылады

В. саяси әр-алуандылық танылады

Г. позитивтік әр-алуандылық танылады

 

56. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республканың:

А. Президентімен келісу арқылы жүзеге асырылады

Б. Парламентімен келісу арқылы жүзеге асырылады

В. Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу арқылы жүзеге асырылады

Г. Тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады

57.  Қазақстан Республикасының Президентіне тағылған айыпты тексеруді:

А. Мәжіліс ұйымдастырады

Б. Сенат ұйымдастырады

В. Бас Прокурор ұйымдастырады

Г. Үкімет ұйымдастырады

 

58. ҚР Президенті кімнің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды және Республиканың Премьер-Министрін қызметтен босатады:

А. Парламент Сенатының

Б. Парламент Мәжілісінің

В. Үкіметтің

Г. Мемлекеттк инспектордың

 

59. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық:

А. Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормалары болып табылады

Б. халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің нормалары болып табылады

В. Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады

Г. барлық жауаптар дұрыс

 

60. ҚР Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар:

А. жарлықтар мен ұаулылар шығарады

Б. жарлықтар мен бұйрықтар шығарады

В. жарлықтар мен шешімдер шығарады

Г. жарлықтар мен өкімдер шығарады

 

61.  Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүддерелінің білдірілуінің қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың неше депутатын Республика Президенті тағайындайды:

А. бес

Б. он

В. он бес

Г. жиырма

 

62. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын:

А. 15 депутаттан тұрады

Б. 105 депутаттан тұрады

В. 107 депутаттан тұрады

Г. 77 депутаттан тұрады

63.  Кім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы:

А. мемлекеттік қызметшілер

Б. кәмелет жасқа толмағандар

В. кәмелет жасқа толғандар

Г. әркім

 

64.  Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген:

А. иммунитетпен пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады

Б. басымдылықпен пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады

В. құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады

Г. партитетпен пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады

 

65. Егер кандидаттардың бірде-бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған:

А. көп дауыс алған екі кандидат қатысады

Б. көп дауыс алған үш кандидат қатысады

В. аз дауыс алған үш кандидат қатысады

Г. аз дауыс алған екі кандидат қатысады

 

66. Кім Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды:

А. Президент

Б. Парламент

В. Мәдениет Министрі

Г. Мемлекет

 

67. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері:

А. Ту, Елтаңба және Президент байрағы

Б. Ту, Елтаңба және Астана

В. Ту, Елтаңба және Гимн

Г. Ту, Елтаңба және Бәйтерек

 

68. Монополистік қызмет:

А. рұқсат етілмеген

Б. рұқсат етілген, бірақ заңмен шектеледі

В. заңмен реттелмейді бірақ шектеледі

Г. заңмен реттеледі әрі шектеледі

 

69. Қазақстан Республикасында билікті кім иемденіп ала алады:

А. Президент

Б. Сот

В. Бас Прокурор

Г. ешкім

 

70. Қазақстан Республикасының азаматтары:

А. тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға мінлетті

Б. табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті

В. тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті

Г. барлық жауаптар дұрыс

 

71. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық:

А. тыйым салынған

Б. рұқсат етілген

В. көтермеленіп отырады

Г. жазаланады

 

72. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы:

А. қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады

Б. тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғады

В. заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады

Г. әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады

 

73. Республика өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын:

А. медициналық сақтандыру жасауға кепілдік береді

Б. басқа мемлекеттердің азаматтығын жасауға кепілдік береді

В. қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді

Г. еркіндік жасауға кепілдік береді

 

 

74. Президенттің кезектен тыс сайлауы:

А. Республика Парламентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі

Б. Республика Үкіметінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі

В. Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі

Г. Орталық сайлау комиссиясының шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі

 

75. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге:

А. қылмыскер болса болады

Б. тек ауыр қылмыс жасаса болады

В. болады

Г. болмайды

 

76. Қазақстан Республикасының Президенті Парламет Сенаты ұсынған заңға:

А. он күн ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді, не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады

Б. жиырма күн ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді, не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады

В. бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді, не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады

Г. үш ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді, не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады

 

77. Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің Қазақстан Республикасының экс-Президенті деген атағы болады:

А. қайтыс болғандардың басқасынан

Б. қызметінен денсаулығы себебінен босатылғандардың басқасынан

В. қызметінен мерзімінен бүрын босатылғандардың басқасынан

Г. қызметінен кетірілгендерден басқасынан

 

78.  Республика қызметінің түбегейлі принциптері:

А. мемлекттің игілігін көздейтін экономикалық даму

Б. экономикалық тұрақтылық

В. бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму

Г. экономикалық игілігі үшін халықтың дамуы

 

79.  Қазақстан Республикасының азаматтығы:

А. заңға сәйкес алынады және тоқтатылады

Б. адамның қалауы бойынша алынады

В. мәжбүрлеп алынады және тоқтатылады

Г. тиісті ақы төленгесін алынады және тоқтатылады

80.  Республикада мемлекеттік билік:

А. бүтін, ол Конституция мнен заңдар негізінде жүзеге асырылады

Б. біртұтас, ол Конституция мнен заңдар негізінде жүзеге асырылады

В. жалпыға бірдей, ол Конституция мнен заңдар негізінде жүзеге асырылады

Г. бөлек, ол Конституция мнен заңдар негізінде жүзеге асырылады

 

81. Қазақстан Республикасының азаматтары қандай мүлкін жеке меншігінде ұстай алады:

А. қандай да болсын мүмкін

Б. заңды түрде алған қандай да болсын мүмкін

В. қандайда шектелмеген, тыйым салынбаған мүлкін

Г. қандайда өзі қалаған мүлкін

 

82.  Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге, көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша кімді ешқандай кемсітуге болмайды:

А. ешкімді

Б. Президентті

В. мемлекеттік қызметшіні

Г. шетелдікті

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.