|
|||
СПЕ ӨСУІ. тапсырма. Кейс-стадиСОӨЖ ӨСПЕ ӨСУІ Сабақтың мақсаты: · Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау дағдысын қалыптастыру · Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру Оқытудың міндеттері: · Канцерогенез бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау дағдысын жетілдіру · Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдыны жетілдіру
Сабақ жүргізу тәсілдері: Аз топта жұмыс жасау: кейс-стади, сөзжұмбақ шешу
ТАПСЫРМАЛАР № 1 тапсырма. Кейс-стади № 1 есеп. 52 жастағы науқаста хирургиялық жолмен өкпенің қатерлі өспесін алып тастағаннан бір жылдан соң, химиотерапия емінен кейін сол жақ бұғана асты лимфа түйіндерінің ұлғайғаны байқалды. Биопсия кезінде құрылымы бойынша алып тасталған өкпенің қатерлі жасушаларына ұқсас өспе жасушалары анықталды. Сұрақтар:
· № 2 есеп. 65 жастағы науқас, от жағушы (кочегар), жалпы әлсіздікке, дене салмағын тез жоғалтуына, дауысының қарлығуына, құрғақ жөтелге, дем алудың қиындауына, аузынан жағымсыз иіс шығуына шағымданады. Ларингоскопияда кеңірдегінде бұдырланған, жараланған, кеңірдегінің жартысынан көбін алып жатқан өспе анықталды. Өспе дыбыс байламдарына ене өскен, мойын димфа түйіндері ұлғайған, басқанда тығыз, ауырмайды. 1. Науқаста өспе дамуының мүмкіндік себептері қандай? Канцерогендердің қай тобына жатады? 2. Өспе дамуында осы канцерогендердің рөлін тәжірибеде кім дәлелдеді? 3. Лимфа түйіндерінің ұлғаю патогенезін түсіндіріңіз 4. Өспелік кахексияның патогенезін түсіндіріңіз
№ 3 есеп.1,5 жыл бұрын АЭС апатын қалпына келтіруге қатысқан 40 жастағы науқас В. дәрігерге айқын әлсіздікке, бас айналу, ұдайы аздаған қақырықпен «құрғақ» жөтелге шағымданып келді. 20 жыл бойы шеккен шылымын соңғы екі жылда тоқтатқан. Соңғы алты ай бойы бірнеше жұқпалы аурулармен, оның ішінде ринит, бронхит және пневмониямен ауырған. Бронхоскопия жасағанда басты оң бронхында өспе анықталды. Өспе тінін гистологиялық зерттегенде онда қатерлі өспе жасушалары анықталды. 1. Қандай жайт бронх өспесі дамуының мүмкіндік себебі болуы мүмкін? 2. Науқастағы өспе дамуына шылым шегу қандай әсерін көрсетті? Жауапты негіздеңіз 3. Науқаста қабынулық аурулар дамуының патогенезін түсіндіріңіз 4. Науқаста өспеге қарсы төзімділіктің қай механизмдері әсерленуі тиіс еді: а) канцероген әсер еткенде? б) бронх эпителий жасушасының гендік бағдарламасының «өспелік трансформациясы» үрдісінде? в) өспе жасушалары пайда болғанда? № 4 есеп.46 жастағы науқас жиі макрогематуриямен несеп шығаруына және жалпы қимылсыздыққа шағымданды. Цистоскопия жасалып, өспелік түзінді табылып, ол тіннен және айналасындағы шырышты қабаттан кесінді алынды. Биоптатты гистологиялық зерттеуде өспелік тіннің дұрыс орналасқан жасушалардан тұратындығы, бірақ арасында атипиялық жасушалардың да кездесетіндігі анықталды. Науқас он жылдан аса тоқыма комбинатында анилиндік бояулар қолданатын бояғыш цехта жұмыс істейді. 1. Өспе дамуының мүмкіндік себебі қандай? 2. Анилиндік бояғыштар қандай канцерогендерге жатады? Осы топ канцерогендеріне сипаттама беріңіз 3. Морфологиялық атипия дегеніміз не? Жасушалық және тіндік атипияға сипаттама беріңіз 4. Науқастағы өспе даму тетіктерін түсіндіріңіз (канцерогенез сатыларын көрсетіңіз)
№ 5 есеп.Науқас С., 55 жаста, өкпе өспесімен келіп түсті. Кезекті тексеруде антидиурездік гормон деңгейінің жоғарылағандығы анықталды.
№ 6 есеп.Өспе әсерінен сүт безі алынып тасталған әйелде 3 жылдан соң омыртқасынан метастаз анықтап, цитостатиктер енгізу арқылы жойған. Дегенмен, 2 жылдан соң қабырғасында жаңадан метастаз анықталып, алдында енгізілген цитостатиктер тиімсіз болды. Жаңа өспе түйінінің жасушалары алғашқы өспеден гистологиялық айқын анаплазиямен ерекшеленді.
№ 7 есеп. Науқас А., асқазан өспесі диагнозымен, жарты жылда дене салмағының 10%-ын жоғалтты. Зертханалық тексеруде: гипогликемия, амин қышқылдары мен холестерин мөлшері азайғаны анықталды.
№ 8 есеп. Екі тышқанды бірдей мөлшерде сәулелендірді. Иммундық тапшылықты жағдайдағы тышқанда өспе туындау пайызы иммундық тапшылығы жоқ тышқанмен салыстырғанда жоғары болды. 1. Тышқандарда өспе даму себебі қандай? Канцерогенезді түсіндіріңіз 2. Өспе дамуындағы иммундық жүйенің рөлін түсіндіріңіз. Өспеге қарсы иммунитетте қандай жасушалар маңызды рөл атқарады? 3. Өспеге қарсы төзімділіктің тетіктерін сипаттаңыз 4. Өспеге қарсы төзімділікті жоғарылату әдістерін ұсыныңыз
|
|||
|