Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. ӨСПЕ ӨСУІ



 № 17 тақырып. ӨСПЕ ӨСУІ   

 

Сабақ мақсаты:

· Өспе өсу этиологиясы мен патогенезі бойынша білім қалыптастыру

· 3 тілдегі глоссарийді қолдану дағдысын қалыптастыру

· Кестелерді толтырғанда теориялық білімін қолдану

· Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдысын қалыптастыру

 

Сабақтың міндеттері:

  • Өспелердің себебі, даму тетіктері және биологиялық ерекшеліктері бойынша бідімін қалыптастыру
  • Теориялық материалды талқылағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрету
  • Кестелерді толтырғанда теориялық білімін қолдануды үйрету
  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдысын жетілдіру

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Өспе туралы түсінік, анықтамасы. Қатерсіз және қатерлі өспелер, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.           

2. Өспелер этиологиясы. Өспелердің пайда болуында химиялық, физикалық, биологиялық канцерогендердің маңызы.

3. Өспелердің пайда болуында жүйкелік, эндокриндік, иммундық жүйелердің маңызы.

4. Өспелердің пайда болуында тұқым қуалаушылықтың маңызы.

5. Өспе өсуінің патогенезі.

6. Өспелердің биологиялық ерекшеліктері.

7. Өспе өсуіне қарсы төзімділік туралы түсінік, оның тетіктері,

8. Өспенің организмге әсері, өспе алддылық үрдістер.

9. Өспелердің алдын алу және емдеудің ұстанымдары.

 

Оқыту әдістері: сабақтың негізгі сұрақтары бойынша оқытушының қатысуымен және бақылауымен пікірталас, бейнефильм көру, кестелерді толтыру.

Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, кестелердің толтырылуын тексеру, тестілеу.      

                                            

Сабақтың хронометражы

Сабақтың кезеңдері Уақыт
Ұйымдастырулық бөлім. Студенттерді түгендеу. Сабақтың мақсаты мен тапсырмаларымен танысу, көрсетілім материалдарын тарату 5 мин
Тақырыптың № 1-5 сұрақтары бойынша пікірсайыс, өспе өсу патогенезі бойынша бейнефильм көру 45 мин
Үзіліс 10 мин
№ 1 тапсырманы орындау 15 мин
№ 6-9 сұрақтарды талқылау 20 мин
Тестілеу 10 мин
Сабақты қорытындылау, компетенцияны бағалау 5 мин


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.