Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жалпы биология терминологиясы» «Terminology of the general biology»



 

         «Бекітемін»                                                                                                                                 «Келісілді»

        Мектеп директоры:                                                                                                  Аудандық білім беру бөлімінің 

     Қ.Қ.Абдрахманова                                                                                                әдістемелк кабинетінің меңгерушісі:

______________________                                                                                                    Л.Т.Жолбатырова

«__»________2019ж                                                                                                              ________________

                                                                                                                 «__»________2019ж    

 

 

«Жалпы биология терминологиясы» «Terminology of the general biology»

Биология пәнінен үштілділікті енгізу бойынша  күнтізбелік тақырыптық жоспар

2019-2020 оқу жылы                                                                                                  

 

 

 

 

 

 

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі аудандық білім беру бөлімі, оқу –әдістемелік кабинетінің аттестаттау кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды. Хаттама №    ,           қыркүйек 2019 жыл.

 

Құрастырған: Шушакова Мария Мырзахановна

              БҚО.Бөрлі ауданы.Пугачев мектеп-балабақша кешенінің биология пәні мұғалімі, педагог-сарапшы.

Түсінік хат

Қазіргі таңда адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісі орын алғандықтан, білім беру саласында қайта қарастырулар болып жатыр. Сол себептен ақпараттық- коммуникативтік құзырлықпен қатар, полимәдениеттілік бүгінгі уақытта білім беру құзырлығының басты бағыттарының бірі ретінде анықталды.

Көптілді білім беру дегеніміз- оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту – қазіргі заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде асырылады.

Ағылшын тіліндегі биология терминологиясы 10 сынып қолданбалы курс бағдарламасы .

Мақсаты:Бағдарламаны ағылшын терминдерін үйрету факультатив сағатына бағдарлама ретінде ұсынып жатырмын.

Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру

Оқытудың мақсаты:

1) тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізгеалынатын түсініктерді қалыптастыру;

2) тірі және өлі материяның жалпы белгілерін оқушыларға ұғындыру;

3) жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалыптастыру;

4) өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы туралы түсінік қалыптастыру;

5) органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі туралы білім қалыптастыру;

6) организмнің жеке даму заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру;

7) органикалық дүние дамуының негізгі ретінде генетикалықзаңдылықтар туралы түсінік қалыптастыр

8) адамның тұқымқуалаушылығына қоршаған ортаның қолайсызфакторларының зиянды әсері туралы түсінік қалыптастыру;

Күтілетін нәтижелері:- оқушылардың сөздік және терминологиялық қорын байыту үшін жүйелі жұмыстар жүргізу, қажетті дәлелдемелер жүргізу, қорытынды жасау және жалпылама қорыту ағылшын тілінде,мәтінмен жұмыс жасай білу.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.