Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Концептуалды карта



Концептуалды карта

  Тілдік тұлға мәселесін қарастырғанда тек тілге қатысты деректерді ғана емес, өзге де пәндер бойынша қол жеткізілген нәтижелерді пайдаланудың тиімділігі зор. Осыған орай, соңғы жылдары зерттеушілер назарына жиі ілініп жүрген аса күрделі концепт ұғымын біз де айналып өтпегеніміз жөн деп санаймыз.

Тіл біліміндегі әр түрлі бағыттағы зерттеушілер бұл ұғымды әр алуан мәнде қолданылады. Аталмыш термин, әсіресе, тілді логикалық талдау, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика салалары бойынша жазылған еңбектерде жиі кездеседі. Санамаланған ғылым салаларында бұл терминнің түрліше түсіндірілуі, ең алдымен оған негіз болған латын сөзінің (conceptus) көп мағыналылығына байланысты. Оның жалпы мағынасы “көптеген формалардың мазмұнын қамтитын, оның бастауы болатын, жинақтаушы” дегенді білдіреді

Кең мағынасында алғанда, концепт ғалам туралы білімдер жүйесінің(ғаламның концептуалды бейнесінің) бір үзіндісі ретінде түсініледі де, индивидтің қоршаған ортадағы, ақиқат болмыстағы бар заттар мен құбылыстар, алуан түрлі объектілер туралы білетінінің, ойларының қиялындағы көріністернің бәрін қамтиды.

Қазіргі тіл ғылымында аталмыш термин түрліше түсіндірілетінін жоғарыда айттық. Осы мәселеге орай, В.С.Ли сол ұғымға берілген анықтамалардың бәрін жинақтап, мазмұны жағынан бір-біріне қарама-қарсы қойылатын екі топқа бөлуге болады дейді:

1) концепт – рухани мәдениеттің кілт сөзі;

2) концепт дегеніміз – сөз туындауына түрткі болатын психоменталдық құбылыс ретінде танылатын бастапқы түсінік



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.