Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Табысқа жетуге сенім де қолдау көрсетеді.



                                      Табысқа жетуге сенім де қолдау көрсетеді.

 

П.Л.Капица Басқару үдерісіндегі адамға бағдарланған тәсілдің мәні неде?   Өз кезінде П.Л.Капица егер өзін бағалайтынын, өзіне сенім білдіретінін, жұмысына қызығушылық танытатынын сезінбесе, ғалым немесе суретші болсын, кез келген шығармашыл қызметкер қығығушылықпен және еркін жұмыс істей алмайды деп тұжырымдаған. Бұл сөздерді мұғалімнің шығармашылық жұмысына қатысты да айтуға болады. Өзінде ешқандай атаққұмарлық, өзін құрметтегенді қалау сезімі (честолюбие) жоқ деп сендіруге тырысатын адам шынайы емес. Кез келген дені сау, қалыпты адам өзінің еңбегіне назар аударғанын, бағаланғанын қалайды. Бұл – табиғи нәрсе. Cіз өзінің қолжазбалары жарияланып, оқырмандар тарапынан жақсы бағаланғанын қаламайтын жазушыны көрдіңіз бе? Сіз өзінің жобасы сәулет түрінде және қаланың нақ ортасында орнатылғанын қаламайтын сәулетшіні көрдіңіз бе? Сол сияқты мұғалім де өзінің сабақтары, басқа да шығармашылық жұмыстары оң бағаланғанын қалайды (бұл шынайы құрмет сүйгіштік). Мектепте де осындай адамға бағдарланған көзқарас болуы тиіс. Ол мұғалімге қатысты да, оқушыға қатысты да қолданылуы тиіс. Алдымен «адам», содан кейін «оқушы». Мұғалім әрбір оқушыдан (қай жастағы болса да) ең алдымен өзіндік психологиялық және жеке тұлғалық қасиеттері бар адамды, содан кейін ғана оқушыны көруі тиіс. Директордың мұғаліммен және т.б. қарым-қатынастарда да осылай болуы тиіс. Басқару үдерісіндегі адамға бағдарланған тәсілдің мәні неде? Бұған қатысты бірыңғай ұсыныстар беру қиындық туғызады, өйткені оларды қолдану өңірдің жағдайына, мұғалімдердің кәсіби даярлығына, оқушылардың әлеуметтік ортасына және т.б. жағдайларға байланысты. Басқарудағы адамға бағдарланған тәсілдің мән-мазмұнын келесі ережелер айқын танытады: 1.Алдымен адам, содан кейін оның атқаратын қызметі. 2.Адамның өзі – мақсат, ол құрал емес. Оның өзі құндылық болып табылады. 3.Әрбір мұғалім – мектеп қызметіне шығармашылық үлес қосу көзі. 4.Адам өзара алмастырылатын бөлшек ретінде емес, қуат беретін қозғалтқыш ретінде қарастырылуы тиіс. 5.Адам басшылық тарапынан (ал оқушы – мұғалім тарапынан) өзіне тән уәждемесі, мақсаттары, шығармашылығы бар тұлға ретінде қабылдануы тиіс. б.Жалаң насихат, уәде және т.б. емес, адамдарға деген көзге көрінетін, шынайы ықылас қана нәтиже береді. 7.Басшының әрекеті сөзден басталуы мүмкін, бірақ сөзден іске көшу керек. 8.Істің нәтижелілігі, сапасы және түпкілікті нәтижесі адамға тікелей байланысты. Менеджмент жұмыста айрықша «сапаға табынушылықты» талап етеді. Кәсіпорын үшін сапа проблемалы мәселе емес, барлық проблемаларды шешу жолы болуы тиіс. Белгілі америкалық кәсіпкер Макдональд мұны бейнелі түрде былай білдірген: «Егер мен «сапа» деген сөзді қайталаған сайын, менің қолымда кірпіш пайда болатын болса, мен осы кезге дейін Атлант мұхитының үстінен көпір салып шыққан болар едім». Менеджмент туралы зерттеген әдебиеттер, әсіресе, шетелдік авторлардың еңбектері сапаның төмен болуы нормадан ауытқу екендігіне көзімізді жеткізді. Біз қазіргі кезде қолдан келген барлық шараларды қолдана отырып, жұмыстың жоғары сапасын құрметтеуді және жұмыстың төмен сапасына жол беруге болмайтынын дәлелдеп тұжырымдауымыз керек. Бұл еңбекке ақы төлеуді сәйкесінше саралауда көрініс табуы тиіс.    

Ю.Л. Конаржевскийдің пікірі бойынша,сапаны кешенді басқару алты бағытты қамтуы тиіс:

 

Ю.Л. Конаржевскийдің пікірі Кез келген қоғамда және кез келген әдістемеде бақылаусыз басқару болуы мүмкін емес. Менеджмент, ең алдымен, қызмет атқару үдерісін емес, түпкілікті нәтижені тексеруді назарға алады. Ю.Л. Конаржевскийдің пікірі бойынша,сапаны кешенді басқару алты бағытты қамтуы тиіс: 1.Сапаның мақсаты мен міндеттерін белгілеу. 2. Мақсатқа жетудің жолдарын белгілеу. 3.Кадрларды оқыту және даярлау.  4.Жұмысты іске асыру үдерісі.  5.Жұмысты іске асырудың нәтижелерін тексеру. 6.Одан кейінгі тиісті басқарушылық шешімдерді белгілеу. Біздің ойымызша, бұлардың кейбіреуі нақтылауды қажет етеді. Мәселен: • сапаның мақсаттары мен міндеттерін белгілеу нақты кезеңдегі мектептің міндеттерінен туындайды; • мақсатқа жетудің жолдарын белгілеу қолда бар факторларға (адамдар, технология, әдістер, басқару жағдайы және т.б.) талдау жасаудан туындайды; • кадрларды оқыту және даярлау жұмыс үдерісінің өзін сапалы орындауға бағытталуы тиіс. Мінсіз басқару педагогикалық кадрлардың жақсы даярлығы мен кәсіби қызметінің жоғары сапасына кепілдік беруі тиіс. Сапаның төмендеуіне себепші болатын факторларды жою үшін оларға талдау жасау керек. Басқару әдістерін демократияландыру, қызметкерге сенім білдіру бақылаудан мүлдем бас тарту дегенді білдірмейді. Кез келген қоғамда және кез келген әдістемеде бақылаусыз басқару болуы мүмкін емес. Мәселе тек қалай бақылауда болып табылады. Менеджмент, ең алдымен, қызмет атқару үдерісін емес, түпкілікті нәтижені тексеруді назарға алады. Алайда егер түпкілікті нәтиже бағдарламада талап етілгеннен төмен болса, сонда ғана түпкілікті нәтиже сапасының төмен болуының себебін зерттеу мақсатында жұмыс үдерісіне араласуға болады. Немесе, керісінше, түпкілікті нәтиже жақсы болған жағдайда да мектептің немесе мұғалімнің қызмет үдерісін тексеруге болады, бірақ басқа мақсатта – тексерілетін нысанның тәжірибесін зерттеу немесе талдап қорыту мақсатында тексеру.      

 

 

№1 ресурс тапсырмасы:

Кейс:

Сіз қажеттілік негізінде  директордың оқу-әдістемелік  орынбасарымен «Менеджменттің ғылыми теория ретінде даму тарихы туралы» тақырыбы бойынша кәсіби сұқбат жүргізуіңіз керек. Төмендегі тақырыптардың 1-2 таңдап, кәсіби сұқбаттың сұрақтарын және болжаммен жауаптарын дайындаңыз. Кәсіби сұқбаттың уақытын да ескеріңіз.

1. Ғылыми менеджменттің қалыптасуы.

2. Менеджмент теориясының негізін қалаушы Фредерик Тейлордың еңбектері менеджменттің тұжырымдамалық тұрғыдан қалыптасуы.

3. Классикалық менеджменттің іргетасын қалаған Г.Черч, А.Файоль, Г.Эмерсон, Г.Форд және т.б. жұмыстарында кәсіпорындарды басқарудағы  жаңа көзқарастар.

4. Менеджменттегі психологиялық бағытадами қарым-қатынастар мектебі ретінде.

5. Тұлғаға бағдарланған тәсіл.

6. Басқарудағы адамға бағдарланған тәсілдің мән-мазмұнының ережелері.

7. Сапаны кешенді басқарудың  алты бағыты.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.