Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯ



 1-ресурс:

МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯ

РЕТІНДЕ ДАМУ ТАРИХЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ

НАЗАРҒА МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ ТІРЕК СӨЗДЕРДІ ТҮРТІП ЖАЗУ
Ғылыми менеджменттіңқалыптасуы   Ішкі резервтер Ф.Тейлор еңбектері Ғылыми менеджмент Классикалық менеджменттің  іргетасын қалаған Г.Черч, А.Файоль, Г.Эмерсон, Г. Форд ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында пайда болған менеджменттегі психологиялық бағыт Тұлғаға бағдарланған тәсіл Ұйымдастырушылық тұрғыдан дамыту» деп аталған тәжірибе үш бағытты қамтиды: жүйелік, мінез-құлықтық және жағдаяттық. Ғылыми менеджменттіңқалыптасуы ХХ ғасырдың басына сәйкес келеді. Менеджмент теориясының негізін қалаушы Фредерик Тейлордың еңбектері менеджменттің тұжырымдамалық тұрғыдан қалыптасуының белгісі болды. Егер қазіргі кезде менеджмент пәнаралық теория сипатында болса, бастапқыда ол экономикалық ғылым аясында пайда болып, негізінен экономикалық алғышарттарға ие болған еді. XIX ғасырдың аяғынан бастап кәсіпорындарды дамытудың экстенсивтік жолын қолданудың мүмкіндіктері сарқылып, олардың қызметінің тиімдігін ішкі резервтер есебінен арттыру тәсілдері белсенді қарастырыла бастады. Ф.Тейлор еңбектерінің құндылығы оның теориясы арқылы алғаш рет өндірістің өзін кеңейту есебінен емес, қызметкерлердің еңбегін ынталандыру жүйесін модернизациялау арқылы өнім өндіруді көп есе арттыруға қол жеткізілуінде болып табылады. Ф.Тейлор мен оның пікірлестері еңбек операцияларының сипаты мен мазмұнын талдау негізінде оларды жетілдірудің әртүрлі тәсілдерін негіздеді. Ынталандыру жүйесі арқылы шектеулі болған ұсыныстардың есебінен елеулі табыстарға қол жеткізу қамтамасыз етілді. Өндіріс көлемін арттырмастан, өнімділікті күрт жоғарылатудың мүмкін болуы осы бағытта бірқатар жұмыстардың пайда болып, соның нәтижесінде ғылыми басқару мектебінің немесе ғылыми менеджменттің (scientific management) қалыптасуына себепші болды. Классикалық менеджменттің іргетасын қалаған Г.Черч, А.Файоль, Г.Эмерсон, Г.Форд және т.б. жұмыстарында кәсіпорындарды басқаруға жаңа көзқарастар жүзеге асырылған. Бұл зерттеушілер әкімшіліктің жаңа басқарушылық міндеттерін ой елегінен өткізіп, практикалық нұсқаулар әзірлеп қана қоймай, өндірісті басқарудың жаңа қағидаттарын дайындап ұсынды. Менеджменттің бастапқыда ұйымдастырудың экономикалық мәселелеріне бағдарланғаны белгілі: еңбек қызметін хронометриялық зерттеу және жеке еңбек өнімділігін арттыру, әкімшілік қызметінің функционалдық талдауы және оңтайландыру, қызметкерлердің еңбек ету және демалу нормативтерін әзірлеу және т.б. Сонымен қатар, басты мәселе жоғары түпкілікті нәтижені қамтамасыз ету болып саналды.   ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында пайда болған менеджменттегі психологиялық бағытадами қарым-қатынастар мектебі ретінде адамның анағұрлым жоғары өнімді еңбек уәждемесін тек материалдық тұрғыдан ынталандыру арқылы ғана емес, кәсіпорын қызметкерлері қызметінің ерекшеліктерін, ұстанымдары мен өзара қарым-қатынастарын зерттеу арқылы қамтамасыз етуге болады деген тұжырымға негізделген. Менеджментті қарқынды «психологияландырудың» басталуы Э.Мэйоның ғылыми зерттеулерімен байланысты. Ғалым өндіріс тиімділігін қамтамасыз етуде менеджменттің психологиялық аспектілерінің басымдығын сенімді түрде дәлелдеген. Өндірісті оңтайландырудың аса тиімді жаңа тәсілдері ұйымдағы өзара қатынастардың бейресми құрылымын пайдаланудың нәтижесі болды. Осыған байланысты менеджерлерге және ұйымның қызметіне қойылатын қалыптасқан талаптар түбегейлі қайта қаралды. Менеджерлер енді табысты арттыруды ғана емес, қызметкерлерді ұйымның мақсаттары аясында біріктіру жолдарын да ойлауы тиіс болды. Менеджментке қатысты тек экономикалық тұрғыдан қарастыратын біржақты түсінік өзгерді. Енді өндіріс үдерісінің табыстылығы өндірістің тек техникалық-экономикалық құрамдас бөліктерімен ғана емес, оның әлеуметтік құрамдас бөліктерімен де үйлестірілді. Әкімшілік реттеудің тиімді тетіктері табылып, әкімшіліктің жекелеген қызмет түрлері (мақсатты тұжырымдау, жоспарлау, шешім қабылдау, өнім шығару нормасын түзету және т.б.) жұмыс топтарына беріле бастады. Мұндай түбегейлі өзгерістердің тұжырымдамалық негізін тұлғаға бағдарланған тәсілқұрайды, оның негізгі қағидаттарының бірі адамдар өздері қабылдаған шешімдерді орындауда көбірек құлшыныс танытады деген тұжырым. Сонымен қатар, ұйымдар – әлеуметтік жүйе ретінде, ал қызметкерлер оның орталық буыны ретінде қарастырыла бастады. Доктор Реннің пікірінше, менеджменттің психологиялық мектебінің маңыздылығы ұжымдардағы моральдық ахуалды оңтайландыруында болып табылады. Б.З.Мильнердің редакциялауымен жарық көрген «АҚШ: басқаруды ұйымдастыру проблемалары» атты кітапта нақты ұйымдардың қызметіне менеджменттің озық идеяларын енгізудің америкалық тәжірибесі сипатталады, кейіннен «ұйымдастырушылық тұрғыдан дамыту» деп аталған тәжірибе үш бағытты қамтиды: жүйелік, мінез-құлықтық және жағдаяттық. Жүйелік бағыт бойынша ұйым біртұтас құрылымды құрайтын өзара байланысты бөліктерден тұратын жүйе ретінде қарастырылады.  Мінез-құлықтық бағыт адамдардың мінез-құлқын ұйым мен адамның өзара әрекеттестігінің нәтижесі ретінде қарастырады.  Жағдаяттық бағыт басқару нәтижелерінің белгілі дәрежеде шектеулілігі мен қалпына келтірілмейтіндігін сипаттайды: бір жағдайда тиімді болған нәрсе басқа бір жағдайда тиімсіз болуы мүмкін. Ұйымдастырушылық тұрғыдан дамыту тұжырымы кез келген ұйымның қызметін жақсартуға бағытталған бірқатар жүйелі шараларды іске асырудың қажеттілігін көрсетеді, мұндай шаралар белгіленген уақыт мерзімінің ішінде ұйымдағы проблемаларды бағалаудың және шешудің циклды рәсімдерін қарастырады.    


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.