|
|||
Экономикалық бөлім.Стр 1 из 3Следующая ⇒ Экономикалық бөлім. Жобаланатын цехқа қысқаша сипаттама. Жобаланатын цехтің өндірістік процесі негізгі үш сатыдан тұрады: шихта материалдарын дайындау,электр пештерінде дайындайтын шихтаны балқыту,дайын балқыманы құю және бөлу. Руда термиялық электр пештерінің жұмыстарының үздіксіз режимі,мөлшерленген дайын шихта мен пештің үздіксіз қоректену қажеттілігімен сипатталады,ол цех құрылысына әсер етеді. Жобаланатын цех шихта дворынан,мөлшерлеу бөлімінен,балқыту корпусынан және дайын өнім қоймаларынан тұрады. Дайын бөлімі бар шихта ауласы әдетте бөлек корпуста орналасады,ал балқыту корпусымен жабық галерея арқылы қосылған. Басқаша айтқанда шихта қоймасы мен балқыту корпусы бір сызық бойымен орналасады,сонымен қатар барлық материалдар шикі заттан бастап дайын ферроқорытпаға дейін бір сызық бойынша ғимарат өсімен қозғалады.Мұндай орналасу кезіндегі цех ішіндегі материалдардың қозғалу ұзындығы едәуір жоғарылайды. Балқыту корпусының пеш пролеті бірнеше этаждардан тұрады,онда пештерді,пеш колошниктеріне қызмет көрсететін аудандарды,электродтардың арттыруын,шихтаның мөлшерлеуін орнатады.Пеш фундаментін цехтің еден деңгейінде салады.Колошникке қызмет ететін жұмыс ауданын 4,5 - 6 м деңгейінде орналастырады,үшінші этажда 13 - 15м деңгейде пеш қалтасын,электрод массасын жүктейтін немесе электрод кожухын арттыратын аумақты орнатады.Бұл бөлімге электрод массасы мен электрод кожухын беру үшін электр көрсеткіштерді қондырады.Жаңа цехтарда электродты массаны грейферлі тельфер арқылы тиеу қарастырылған. Жұмыс ауданының баллондары құю пролетына шығып жатыр. Құймаларды суыту үшін жеткілікті дайын өнім қоймасында балқыманы бөлу және механизацияланған түсіру жабдықтары қондырылған.Қарастырылып отырған дипломдық жобада цех РКЗ-33 түріндегі алты пешпен жабдықталған.Номиналды қуаттылығы 33 МВА болатын ашық түрдегі руда тотықсыздандырғыш дөңгелек пеште жоғарғы көміртекті маркасы ФХ800 ферроқорытпасын балқытады.
|
|||
|