Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Табандылық



Ә) Табандылық

Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздейді. Ол кажымайталмай әрекет eтіп, осы жолда нe6ip қиыншылыққа төзіп, оларды 6ipiнен соң бірін жеңіл отырады. Мұндай адамның epiк күші қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде онан сайын нығая түседі. Алматы облысының Шелек ауданының тұрғыны Тұрсын Мыңбаев Ұлы Отан соғысында eкi колынан бірдей айрылды да, жарымжан болып қалды. Бipaқ ол қиыншылыққа мойымады. Ол сергектікпен өмip cypiп, халқына пайда келтіру жағын ойлады. Ауруханада жатқанда оның «қолынан» Н. Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романы түспеді. Островскийдің өмip сүруге деген тамаша ынтызарлығы Тұрсынға адам өмірінің бағасын танытып, оның күрес жолына сабақ болды. Ол сол ауруханада жатқан кезінде-ақ қалам сурап алып, бақайымен жазу жазды. Каламды аузымен тістен сурет салуға да машықтанды. Бip күндері Лениннің портретін айнытпай салып шықты. Бұл онын мақсатына жету жолын 6ip табан жакындатқандай болды. Көп қажыр-қайрат жұмсап, талмай жат­тығу нәтижесінде жылдам жазуды да үйренді. Тұрсын сөйтіп шалғымен шөп те шапқан, жеміс бағын да ecipген. Үш айлық шоферлер курсын 6iтіріп, машина жүргізуді де үйренген. Совхозда бухгалтер болып ктеген. Осындай жауапты қызметте жүре 6ip жағынан жазушылық жұмыспен де айналысқан. Өз басынан өткен жайларды кағаз бетше түсіріп, «Өліммен беттескенде» деген кітап жазған. Бұл кітапта өзінің ерекше еңбек сүйініштігін, табандылығының арқасында өмір кызығын татып отырған карапайым еңбек адамының ерлік ici тамаша жырланған. Бұл мысалдан табандылық, тек тепсе темір үзетін, кол-аяғы балғандай, жеті мүшеci сау адамдарда ғана кездесетін қасиет емес, ол қандай жағдайда да еңбек ете, еңбекгі жан-тәнімен суйе білетін адамдардың қасиеті екендігі байқалады. Сөйтіп, табандылық кici тандамайды, тілесе, кім болсын, тек еңбекті сүйе білген, осы жолда ерекше жігер көрсетін, icкe мейірлене, құлшына кіріскен адамдардың бойына даритын қасиет.

Мектеп оқушыларын табандылыққа тәрбиелеуде мұғалім мына шараларды жүзеге асырып отырады:

1) Баланы жас кезінен қолына алған iciн ылғи да аяқтатып, оның қолынан ic келетіндігіне сезімін арттырып отыру қажет;

2)Оқушы дербес әрекет жасауға, өз бетімен қиыншылықтармен куресе білуге үйретілсін. Қажетті жерінде тәрбиешнің өзi өнеге көрсетін отырса тіптен жақсы;

3)Баланы коллективтегі ортақ мудде үшін куресе 6ілуге баулу, көпшілік алдындағы борышын, жауапкершілігі өтеуге жұмылдыру, оған берілшген тапсырмалардың орындалу сапасын қадағалау — табандылыққа тәрбиелеудің басты жолдары.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.