|
|||
А) Тоқтамға келгіштікСтр 1 из 3Следующая ⇒ EPIK Жоспар: 1. ЕРІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ 2. EPIKTIK АМАЛДЫ ТАЛДАУ 3. EPIK САПАЛАРЫ Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға тәлаптандыратын 6ip түрткі болатындығы,мұны психологияда мотив (себеп) деп атайтындығы өткен тарауларда айтылды. Кез келген түрткі сан қилы қажеттермен тікелей не жанама түрде байланысып жатады. Адамды әрекетке итермелейтін негізгi мотив — оның түрлі қажеттерін Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдар қарастырады. Өйткені адам сыртқы дүниесінің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен 6ipге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, ic-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл-қозғалыстар eceпciз көп. Бұларды үлкен eкi топқа бөлуге болады. Оның 6ipін epiкciз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздің жұмылуы, жөтелу шашалу, түшкіру т. б.), екіншісі epiктi қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені көтepiп алу қозғалыстың соңғы түрінe жатады. Кез келген козғалыс аркылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ыкпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе 6ілуден көрінетін қимыл-козғалыстарды психологияда epiк амалдары немесе epiк деп атайды. Сонымен epiк дегеніміз адамның өз мінез - құлқын меңгере алу қабілеті.«Kaйpaт дегеніміз өмip жолында кездесетін екі талай кездерде белді бекем буып, қайыспай, кідірмей амал етуге ұмтылу» (Ж. Аймауытов). Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған максатын орындауға байланысты түрлі iшкi-сыртқы кедергілерді жеңе 6ілуінен жақсы байқалады. Мәселен, ұйқы басып төсектен тұрғымыз келмейді бipaқ сабаққа кешікпеу үшін тұру керек. Бұл жағдайда iшкi кедергілерді (төсектен тұрғымыз келмеу сияқты, еріншектік т. б.) жену керек болады. Егер біздің мақсатқа жетуімізге сырт нәрселер кедергі жасаса (басқа адамдардың кедергісі, түрлі жағдай болмаушылық т. б.), бұларды да женіп отыруымыз қажет.
2. EPIKTIK АМАЛДЫ ТАЛДАУ Epiк қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі процесс екендігін төмендегі структурасынан да жақсы көруге болады. Адамның epкі алдына мақсат қоюдан басталады. Мәселен, орта мектепті бітіретін окушының арнаулы оку орнына түсуге талабы бар дедік. Окушының бұл мақсатты алдына қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы себеп (мотив) болады. Кез келген адамнан «сен не үшін окисың?» деп сұрасаң, оның нендей болса да бip дәлел айтатыны түсінікті. Аадм осылай өзінің келешекте белгілі бағытта icтейтін iciнін мәнін, жоспарын белгілейді. Мұны epiктік шалдың бастамасы — тілек немесе ниет деп атайды. Тiлек — келешекте icтейтін iciміздің, ойға бекуі. Мәселен, «газетке мақала жазсам», «өзенге барып шомылсам», «домбыра тартып үйренсем» т. б. деген сөйлемдерде адамның түрлі тілегі бейнеленген. Бұларда белгілі бip қажетті өтеу көзделген, бірақ оны орындау жолдары әлі де болса көмескі, яғни оның жоспары сызылма- ған. Дегенмен осы секілді тілектерде epiктік амалға тән талғамалылық сипат бар. Ал талғау ниетке ой әрекеттін араласуын қажет етеді. Ой тезіне салу арқылы адам өзіне қажетсіз тілектерд тежейді де, кажеттіліктерін орындау үшән тиістi жоспар сызып, амал-айла, әдіс қарастырады. «Тілектің алдын-артын тексеріп үйренген адам балалықта ебдейсіз, еркеліктен, қияңқылықтан, есейгенде есерліктен аман болмақшы» (М. Җұмабаев). Соңғы жағдай ғана адамның тілегін нақтылы кесімді түрге келтіреді. «Жақсы ниет жарым ырыс» деп халық тегін айтпаған. Адамның алдындағы мақсаты осылайша айқындалғаннан кейiн, әрекеттің орындалу жолын қарастырады, оны жоспарлайды. Егер адам мақсат қояр кезде өзіне «не icтey керек?» деп сауал қоятын болса, әрекетін жоспарлау үстінде «Қалай icтey керек?», «Қандай жолдармен мақсатқа жетуге болады?» деген сұрақтар қояды. Осы арада адам мақсатқа жетудің ыңғайлы жолын іздестіреді, айналасына көз тастап, алда тұрған қиыншы- лықтардың сыр-сипатын, оны жеңудің жолдарын белгілейді. Мәселен, біреудін стол жасап алғысы келді дейді. Ол алдымен бұған қандай материалдың жарайтындығын, оны қайдан алуға болатындығын, кандай құрал-сайман керектігін, жұмыстың көлемін т. б. топшылап алады. Қандай болмасын ic-әрекеттің жоспарын жасау — күрделі процесс. Ол — адамның белгі білімін, өмip тәжірибиесін, ойының орамдылығын қажет етеді. Максатқа жетудің жолдары белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін адамның тілегі оның нақтылы қалауына көшеді. Қалау — мақсаттың айқындығы, оған жет тиістi жоспардың жасалуы, ойдың бекемдігі. Дегенмен, тілек те, қалау да өздігінен адамның ерік-жігерін толық көрсете алмайды. Өйткені бұлар кейде 6ip-6ipiнe үйлесе алмай, қайшы келіп отырады. Мәселен, орта мектепті| бітірген оқушы бірде педагогтық институтқа түсіп, мұғалім болып шыққысы келеді. Ол сондай-ақ өзінің ауыл шаруашылығы маманы болғанын да жақсы көреді. Бұл арада оған осы екі мамандыктын бipeyiн қалау кажет. Ал осы мамандықтар жөнінде толық түсінігі болмаса, ол өз ойынан тайкақтайды, бұлардың қайсысын Қалауын білмей, әуре-сарсаңға түседі мінe, осындай жағдайда тілек пен қалаудың арасында үйлеспеушілік туады. Мұны психологияда мотивтер күpeci деп атайды. Мұндай түрлі мотивтердің ішінен ақылға қонымдысы — нақты жағдайға тура келетін бipeyi женеді тек содан кейін ғана адам белгілі бip тоқтамға келе алады. Сөйтіп, мақсат қою, тілек, қалау, мотивтер күресі, тоқтамға келу — бәpi жиналып epiктік қимылдың «даярлық кезең» деп аталады. Epіктік амалдың ең негізгі кезеңі — қандай болмасын тоқтамды орындау стадиясы. Өзінің қандай болмасын тоқтамын icкe асыратын, оны орындайтынкісінi ғана еркі нағыз жеңілген адам деп айтуға болады. Талай жақсы тоқтамдардың жузеге аспай, орындалмай қалатындары да кездесіп отырады. Бұлай болудынce6e6iорындалуы қиын мақсатты алға қоюдан, мақсаттың айқын болмауынан, әлі де болса өміргe дұрыс көзқарастың қалыптаспауынан, өзiciнe сенімсіздіктен, мақсат еткен нәрсенімен жан-тәнімен сүймеуден т. б. себептерден болады. Сондықтан адам өзінің алдына шамасы келгенше, куші жететін, орындай алатын мақсаттарды қойып, осы жолда түрлі қиыншылықтарды женуі отыруы тuic. Белгілі мінез-құлықтық принципі бар, өзiciнін дұрыстығына көзі жеткен адам ғана нақтылы тоқтамға келе алып, оны қалай да орындаудың тиімді жолдарын таба алады, бұл жолда орынсыз солқылдақтық, табансыздық көрсетпейді. Кейбiр адамдар өзінің алдына көмecкi, бұлдыр мақсат қояды да, ой таразысына жақсылап салмайды, сөйтіп оны орындай алмай қалады. Ерекше ой жұмысын керек етпейтін жеңіл мақсатты алға қою да адамның ерік енжар, әлсіз eтіп жіберуі мүмкіндік. Сондықтан белгілі epiк кушін талап ететін, тиісті жұмыстар icтey нәтижесінде қол жететін мақсаттарды ғана алға қоюымыз қажет. 3. EPIK САПАЛАРЫ Адамның ерік-жігер қасиеттері сан қилы. Бұлардың ic-әрекеттік нақтылы жағдайларына, орындау тәсіліне карай 6ірнеше сапалары бар: Біріншіден, еріктің кушіне (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық т. б.), екіншіден, адамгершілікке сыйымды epiк қимылының сапаларына (жеке мүддені ұжым epкіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көржетің epiк сапалары), үшіншіден,еріктін адамның дербестігінен байқалатын сапаларына (инициатива, принциптік, тәртіптік, жинақылық т. б.) бөлінеді. А) Тоқтамға келгіштік Тоқ тамға келгіштік дегеніміз адамның небір қиын- қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жузеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға келу yшін адам асығып-аптықпайды. Бұл әpбip істі ой таразысына салуды қажет ететін қасиет. Тек осындай жағдайда ғана адам алдындағы iciн дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады. Басқалардың ақыл-кеңесін тындау, ақылға салу, өзін тежей алу, қателерді көре білу, тәуекелге бел байлай алушылық — тоқтамға келгіш адамға тән қасиеттер. Адамның өз әрекетін дұрыс түciнyi, icтeгeн iciніп азды көп кемшілікктерін көребілуі оның акыл-ой парасатымен байланысып жатады. Бipey тоқтамға келуде оншама көп қателікке жол бермейді ал екінші бipey көптеген кателіктерге ұшырайды, сонысынан кейін үлкен опық жейді, әуре-сарсанға түседі, ал үшінші 6ip адамдар жиі-жиі түрлі тоқтамға келеді де, алдына сансыз мақсаттар қояды. Бipaқ, оларды көбінесе орындай алмайды. Ақырында мұның барлығы оның ерік-жіерін жегідей жеп мұқалтады.
|
|||
|