Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізудің алгоритмы



Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізудің алгоритмы

 

Пациенттің жағдайын бағалау

1. Естің жағдайын бағалау: естің жағдайын бағалау үшін зардап шегушінің иығынан шапалақтап және/немесе дауыстап жағдайын сұрау.
2. Жедел медициналық қөмекті шақыру: зардап шегушінің ес-түссіз жағдайында жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру.
3.  Ұйқы артериясының тамыр соғуын анықтау: - 2, 3 және 4 саусақтарды біріктіріп трахеяның шығыңқырап тұрған бөлігін анықтайды; - саусақтарды тереңге және сыртқа қарай шеміршек пен төс-бұғана-емізікті бұлшық еттің аралығына жылжыту; - ұйқы артериясын сипап  тамыр соғуын анықтау.
4.   Пациенттің өз еркімен тыныс алуын анықтау үшін  «Көремін, естимін, сезінемін» тәсілі қолданылады: - көзбен көкірек қуысының қимылын бақылау; - құлақпен ауыз қуысынан шыққан дем алған шуылды тыңдау; - бетпен деммен шыққан ауаның қозғалысын сезіну.

Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу

5. Пациентті дайындау: Пациентті шалқасынан қатты тегіс жерге жатқызып, мойыны мен кеудесін жалаңаштау, аяқ жағын көтеру.
6. Зардап шегушінің төсіне қолды дұрыс қою: қол төс сүйегіне перпендикулярлы оның ортаңғы үштен бір бөлігіне қойылады. Жұмысшы қолдың теноры мен гипотеноры сүйеу нүктесі болады. Сол қол оң қолдың сыртына қойылады.
7. Тікелей емес жүрек массажын жүргізу: минутына 100 компрессиядан кем емес жылдамдықпен, яғни 18 секундта 30 компрессия (дауыстап санау) және компрессия тереңдігі 5 см. кем емес – ересектер үшін, алақанды қөкіректен алмай, минималды үзіліспен, кеуде қуысының әр компрессиядан соң бастапқы қалпына келуіне мүмкіншілік жасай отырып жүргізу. Компрессияны тез және күшпен жасау керек. Қол шынтақ буынында толық түзетіледі және күш тек қана тіке салынады.
8. Ауыз қуысын көру: тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін ауыз қуысы қаралып, тазартылады, алмалы-салмалы протез алып тасталынады.

Сафардың үш құрамды әдісін жүргізу

9. Басты шалқайту: бір қолмен зардап шегушінің маңдай-төбе аймағынан ұстап басын шалқайту.
10. Жақ сүйегін алға қарай жылжыту: сонымен қатар иегін көтере отырып төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту.
11. Науқастың ауызын ашу.

Өкпенің жасанды вентиляциясын жасау

12. Науқастың мұрынын (ауызын) жабу: өкпенің жасанды вентиляциясын жасау үшін «ауыздан-ауызға» әдісі немесе Амбу дорбасы қолданылады. Өкпенің жасанды вентиляциясы «ауыздан-ауызға» әдісін қолданғанда қауіпсіздік шараларын және гигиенаны сақтау үшін ылғалды салфетка немесе бинт кесігі арқылы жасалынады. Бір қолды науқастың мойны мен желкесінің астына жіберіп екінші қолды оның маңдайына қойып басын артқа қарай шалқайтады. Маңдайға қойылған қолмен  мұрынды ауа шықпайтындай етіп қысу.
13. Тыныс жолдарына дем жіберу: демді ішке терең алып, ерінмен зардап шегушінің еріндерін тығыз қамтып алып, өкпедегі барлық ауаны зардап шегушінің кеуде қуысы көтерілетінде етіп тыныс жолдарына жігерлі үрлеу керек. Келесі демді кеуде қуысы алғашқы қалпына келгенде жасайды. Тыныс циклдарының аралығы 1 минутына 8-10 жиі болмауы керек (4-5 санағанда – 1 цикл). Науқасқа үрлеп берілетін ауаның көлемі әдеттегі көлемнен 50% көп болуы керек.
14. Компрессия мен өкпенің жасанды вентиляциясының арақатынасы 30:2 болуы керек.
15. Жүрек-өкпе реанимациясының 1 периоды 5 цикл 2 минуттың ішінде жүргізу.
16. Жүрек-өкпе реанимациясының нәтижелігін анықтау (стоп-анализ): ұйқы артериясында тамыр соғуын анықтау.
17. Пациенттің ары қарай реанимациялық бөлімге жіберу және оларға науқас жеткізілетіндігін ескерту керек.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.